Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01-03-2002 каз.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

5. Қадалардың көтергiштiк қабылетiн даладағы зерттеулердiң нәтижелерi бойынша анықтау

5.1. Қадаларды статикалық және динамикалық жүктемелермен сынауды МСТ 5686-94, ал топырақ­тарды статикалық зондтау және эталон қадамен сынауды - МСТ 20069-81 және МСТ 5686-94 талап­тарын сақтай отырып жүргізу керек.

Ескерту: Ұзындығы 12 м-ден үлкен аспалы қа­ғылмалы қадалар үшін топырақтарды эталон қадамен сынаудың орнына, құрылымы қадалардың ұшынан төмен орналасқан және бүйір жағындағы ауданы 0,25 м2 бөлігінде топырақтың кедергісін бөлек-бөлек өлшеуді қамтамасыз ететін, диаметрі 127 мм-лік металдан жасалған зонд қада­ның көмегімен статикалық жүктемелер арқылы сынақ жүр­гізуге рұқсат етіледі. Зонд қаданың көмегімен топырақтарды сынауды МСТ 5686-94 талаптарына сәйкес, II типті эталон-қадаларға қолданылатындай етіп жүргізу керек.

5.2. Әрбір ғимарат немесе имаратта даладағы зерттеулердің нәтижелері бойынша қадалардың кө­тергіштік қабілетін анықтау үшін, төмендегі беріл­ген сандардан аз емес сынақтар жүргізілуі керек:

қа­даларға және штамп қадаларға статикалық сынақтар 2

қадаларға динамикалық сынақтар 6

топырақтарды эталон қадалармен сынау 6

зонд қадалармен сынау 6

статикалық зондтау арқылы сынау 6

5.3. Қадалардың көтергіштік қабілетін Fd, кН (тc), оларды жаншушы, жұлушы және көлденең жүктемелермен жүргізілген статикалық сынақ нәти­желері бойынша және динамикалық сынақ нәти­желері бойынша келесі формула арқылы анықтау керек

(16)

мұндағы c жұмыс жағдайының коэффициенті; жаншушы немесе көлденең жүктемелер болған жағдайда c = 1; жұлушы жүктемелер болған жағдай­да c 4.5 пункттің нұсқаулары бойынша қабыл­да­на­ды;

—5.4 — 5.7 тармақтарының нұсқауларына сәйкес анықталатын, қаданың шекті кедергісінің нормативтік мәні кН (тc);

—5.4 тармағының нұсқаулары бойынша қабылданатын, топырақ бойынша сенімділік коэффи­циенті.

Ескерту: Егер сынақ жағдайы ғимараттар мен имараттардың іргетастарындағы қадалардың нағыз жұмыс жағдайына сәйкес келген жағдайда, қадаларға көлденең жүктемелермен жүргізілген статикалық сынақтарды нәтиже­лері оларға келетін есептік жүктемелерді анықтауға қолда­нылуы мүмкін.

5.4. Егер бірдей топырақ жағдайында сынал­ған қадалардың саны алтыдан аз болса, онда (16) формуладағы қаданың шекті кедергісінің нормативтік мәнін сынақ нәтижелерінен алынған ең кіші шекті кедергіге =, ал топырақ бойынша сенім­ділік коэффициентін = 1 тең етіп алу керек.

Егер бірдей жағдайда сыналған қадалардың саны алтыға тең немесе одан көп болса, онда және мәндерін, сынақ мәліметтерінен алынған қадалардың шекті кедергілерініңFu жеке мәндерін статикалық өңдеу нәтижелерінің негізінде және МСТ 20522-96 келтірілген уақытша кедергіні анықтауға арналған әдістеменің талаптарын басшылыққа ала отырып анықтау керек. Бұл жерде, шекті кедергі­лер­дің жеке мәндерін — жаншушы жүктемелер түсірілген кезде — 5.5 тармақтың, жұлушы және горизонталь жүктемелерде — 5.6 тармақтың, ал динамикалық сынақтар кезінде — 5.7 тармақтың талаптарын басшылыққа ала отырып анықтау керек.

5.5. Егер қадалардың жаншылуына статикалық сынақтар жүргізу кезіндегі жүктеме, оның мәнін арт­тырмай-ақ қадалардың шөгуінің s тоқтаусыз өсуіне әкелетін жүктемеге (s20 мм болғанда) дейін жет­кі­зілсе, онда бұл жүктеме сыналатын қадалардың шекті кедергілерінің жеке мәндері Fu ретінде қабыл­данады.

Ал қалған барлық жағдайларда ғимараттар мен имараттардың іргетастары үшін, қадалардың жаншушы күшке шекті кедергілерінің жеке мәндері ретінде, сыналатын қадалар оның әсерінен төмендегі формула бойынша анықталатын s шамасына шөгетін жүктемені қабылдау керек:

, (17)

мұндағы ҚР ҚНжЕ 5.01-01-2002 нұсқаулары бойынша бекітілетін жобаланатын ғима­раттардың немесе имараттардың іргетасының шөгуі­нің орташа шектік мәні;

—ғимараттардың немесе имараттардың ірге­тасының шөгуінің орташа шектік мәнінен , шөгу­дің шартты тұрақталу (басылуы) кезіндегі статикалық сынақтар нәтижесінде алынған қадалар­дың шөгуіне өту коэффициенті.

Егер қадаларды сынау шартты тұрақталу жағдайында жүргізілсе, 1 сағатта 0,1 мм-ге тең, егер қадалардың ұшынан төменгі жағында шөгуі 2сағатта 0,1 мм-ге тең қаттыдан тығыз илемдіге дейінгі консистенцияда құмды немесе шаңды- балшықты топырақтар жатса, егер қадалардың ұшынан төменгі жағында жұмсақ илемдіден аққыш консистенцияға дейінгі шаңды-балшықты топырақтар жатса, онда коэффициентінің мәнін 0,2-ге тең етіп алу керек. коэффициентінің мәнін, ұқсас топырақ жағдайында қадалы іргетастарда салынған ғимараттардың шөгуіне бақылау жұргізудің нәтижелері бойынша анықтауға рұқсат етіледі.

Егер (17) формула бойынша анықталған шөгудің мәні 40 мм-ден үлкен болса, онда қада­лардың шекті кедергілерінің жеке мәні Fu ретінде, s = 40 мм сәйкес келетін жүктемені қабылдау керек.

Көпірлер мен гидротехникалық имараттарда, жаншушы жүктемелер кезіндегі қадалардың шектік кедергісі Fu ретінде, төмендегі жағдайларды болды­ратын жүктемелерден бір саты төмен жүктемені қабылдау керек:

а) бір саты жүктеу кезіндегі шөгудің өсуі (шөгу­дің жалпы мәні 40 мм-ден үлкен болғанда), алдыңғы жүктеу кезінде алынған шөгудің өсуінен 5 есе және одан да көп болса;

б) бір тәулік немесе одан да көп уақыт ішінде шөгу басылмаса (шөгудің жалпы мәні 40 мм-ден үлкен болғанда).

Егер сынақ кезіндегі ең жоғарғы жүктеме 1,5 Fd [мұндағы Fd — (5), (8), (9), (11) и (15) формула­ларымен есептелген, қаданың көтергіштік қабілеті] тең немесе одан үлкен болса, сынақ кезіндегі қада­ның шөгуінің мәні (17) формула бойынша анықталған мәннен аз болса, ал көпірлер мен гидротехникалық имараттар үшін — 40 мм-ден аз болса, онда қадалардың шекті кедергісінің жеке мәні ретінде сынақ кезінде алынған ең үлкен жүктемені қабыл­дауға рұқсат етіледі.

Ескерту:

1. Тиісті негіздемелері бар жекелеген жағдайларда, сынақ кезінде жеткен ең жоғарғы жүктемені, қаданың көтер­гіштік қабылетіне Fd тең етіп қабылдауға рұқсат етіледі.

2. Қадаларды статикалық жаншушы жүктеме­лер­мен сынау кезіндегі жүктеу сатылары, қадалар­дың шамаланған шекті кедергілерінің Fu 1/10 - 1/15 бөлігіне тең етіп тағайын­далуы керек.

5.6. Қадаларды статикалық жұлушы немесе горизонталь жүктемелермен сынау кезіндегі шекті кедергілерінің жеке мәндері Fu (5.4 тармақты қара) ретінде, жылжудың жүктемеден тәуелділік кестесі бойынша, жүктемені арттырмай-ақ қадалардың жыл­жуы тоқтаусыз өсетін жүктемеден бір саты төмен жүктеме қабылданады.

Ескерту: Қадаларды көлденең жүктеме­лерге ста­тикалық сынау нәтижелері, ұсынылған 1-қосымша бойынша есептеулерге қолданылатын ңқада — топырақң системасы­ның есептік парамет­рлерін анықтауға қолданылуы мүмкін.

5.7. Динамикалық сынақ жүргізу кезіндегі қа­ғылмалы қадалардың шектік кедергісінің жеке мәнін Fu кН (тc), (5.4 тармақты қара), олардың соққыдан шөгуінің нақты (өлшенген) қалдық мәні sa0,002 м болған жағдайдағы батырылу мәліметтері бойынша, келесі формула арқылы анықтау керек:

(18)

Егер соққыдан шөгудің нақты (өлшенген) қалдық мәні sa<0,002 м болса, онда қадалы ірге­тастардың жобасында қадаларды батыруға соққы­дан шөгудің қалдық мәні sa 0,002 м болатын соғу энергиясы үлкен балғаны қолдануды қарастыру керек, ал қада қағу жабдығын ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда және соққыдан шөгуді өлшеуіш болғанда, қадалардың шектік кедергісінің жеке мәнін Fu, кН (тc), келесі формула бойынша анықтау керек:

(19)

(18) және (19) формуладағы:

 — қадалардың материалына байланысты, 10-кесте бойынша қабылданатын коэффициент, кН/м2 (тс/м2);

A қада оқпанының сыртқы пішінімен шек­телген бүтін немесе қуыс көлденең қимасының (қаданың ұшы бар немесе жоқ екеніне байланыссыз) ауданы, м2;

M қадаларды соққылы әсерлі балғамен қағу кезінде бірге тең етіп, ал қадаларды дірілді батыру кезінде олардың ұштарынан төмен жатқан топырақ­тардың түріне байланысты 11-кесте арқылы қабыл­данатын коэффициент;

Ed 12-кесте бойынша қабылданатын балға­ның соққысының есептік энергиясы немесе 13-кесте­ден алынатын дірілді батырғыштардың есептік энер­гиясы, кДж (тcм);

sa балғаны қолданғанда — оның бір соққы­сынан, ал дірілді батырғыштарды қолданғанда — олардың 1 минут жұмысы ішіндегі қаданың батыры­латын мәніне тең нақты қалдық соғудан шөгуі, м;

m2 қаданың және қаптаманың салмағы, т;

m3 — подбабканың салмағы (қадаларды дірілді батыру кезінде m3 =0),т;

m4 балғаның соққыш бөлігінің салмағы, т;

—соққыны бұрынғы қалпына келтіру коэф­фи­­циенті, ұшында ағаш сынасы бар қаптама қолда­нылған темірбетон қадаларды соққылы балғамен қағу кезінде 2 = 0,2-ге, ал дірілді батырғыштарды қолданғанда 2 = 0-ге тең;

selөлшеуіш арқылы анықталатын қаданың соғудан серпімді шөгуі (топырақтың және қадалар­дың серпімді орын ауысуы), м;

m1 балғаның немесе дірілді батырғыштың салмағы, т;

—төмендегі формула бойынша анықталатын коэффициент, 1/кН (1/тc):

(20)

мұндағы A, m4, m2 (18) және (19) форму­лалардан қара;

np, nf қаданың ұшынан төмен орналасқан топырақ үшін np = 0,00025 см/кН (0,0025 см/тc) тең және қаданың бүйір жақтарындағы топырақ үшін nf = 0,025 см/кН (0,25 см/тc) тең етіп қабылданатын, топырақтың динамикалық кедергілігінен статикалық кедергілігіне өту коэффициенті;

Af қаданың топырақпен жанасатын бүйір жақтарының ауданы, м2;

g 9,81 м/с2 тең, еркін түсу үдеуі;

H балғаның соқпа бөлігінің нақты түсу биіктігі, м;

h 12-кестеге сәйкес қабылданатын дизель-балғаның соқпа бөлігінің бірінші ыршып кеткен биіктігі, ал балғалардың басқа түрлері үшін h = 0.

Ескерту:

1. Қазаншұңқырды өңдеу барысында шығарылатын топыраққа немесе ағып жатқан су түбіндегі топыраққа қада қағу кезінде соғудан шөгудің есептік мәнін, шығарылмаған топырақты немесе шайылып кетуі мүмкін топырақты ескере отырып есептелген қаданың көтергіштік қабілетіне сүйене отырып анықтау керек, ал теріс үйкеліс күштері көрінуі мүмкін жерлерде — бұл күштерді де есепке алады.

2. Егер (18)—(20) формулалар арқылы анықталған қадалардың көтергіштік қабылетінің мәндері мен 4-тарау­дың талаптарына сәйкес есептелген көтергіштік қабілетінің мәндерінің арасында 1,4 еседен үлкен айырмашылық болса, онда қадалардың көтергіштік қабілетін статикалық зондтаулардың қорытындылары бойынша немесе қадалар­ға статикалық сынақтар жүргізу арқылы қосымша тексеру керек.

10-кесте

Есептеу жағдайы

 коэффициенті, кН/м2 (тс/м2)

Қадалардың келесі түрлерін оларды қағып және жеткізе қағып сынағанда (сонымен қатар соғудан шөгуін анықтаған жағдайда):

қаптамасы бар темірбетон

1500 (150)

подбабкасыз ағаш

1000 (100)

подбабкасымен ағаш

800 (80)

Қадалардың көтергіштік қа­бі­летін, Ed/sa, кН/тс төмен­дегі мәндерінде өндірістік қағудың нәтижелері бойын­ша бақылауда:

1000(100) и менее

2500(250)

2000(200)

1500(150)

4000(400)

950 (95)

8000(800) и более

700(70)

11-кесте

Қадалардың ұшынан төмен орналасқан топырақтар

М коэффициенті

1. Құмды толтырғыштары бар ірі сынықты топыра­қ­тар

1,3

2. Орташа іріліктегі және тығыздығы орташа ірі құм­дар мен қатты құмайттар

1,2

3. Тығыздығы орташа ұсақ құмдар

1,1

4. Тығыздығы орташа шаң­дақ құмдар

1,0

5. Илемді құмайттар, саз­дақ­тар және қатты бал­шықтар

0,9

6. Жартылай қатты бал­шықтар мен саздақтар

0,8

7. Тығыз-илемді балшық­тар мен саздақтар

0,7

Ескерту: Тығыз құмдарда 11-кестенің 2-4 ұстанымдарындағы М коэффициентінің мәндерін 60 %-ке, ал статикалық зондтау материалдары бар болғанда — 100 %-ке көбейту керек.

12-кесте

Балға

Балғаның соққысының есептік энергиясы Ed, кДж (тсм)

1. Аспалы немесе жеке әсерлі

GH

2. Құбырлы дизель-бал­ға

0,9 GH

3. Штангалы дизель-бал­ға

0,4 GH

4. Отын жіберілмей, же­ке­леген соққылармен бақылап біржола қаға­тын дизель-балға

G(H-h)

Ескерту:

1. G — балғаның соқпа бөлігінің салмағы, кН (тс).

2. 4 ұстанымдағы h — өлшеуіш тақтайша арқылы анықталатын, дизель-балғаның соқпа бөлігінің ауа жастығынан бірінші ыршып кеткен биіктігі, м. Алдын-ала есептеулерде штангалы балғалар үшін h = 0,6 м, ал құбырлы балғалар үшін h = 0,4 м етіп қабылдауға рұқсат етіледі.

13-кесте

Дірілді батырғыштың кернеуші күші, кН (тc)

Дірілді батырғыштың соққысының балама есептік энергиясы, кДж (тcм)

100(10)

45,0 (4,5)

200(20)

90,0 (9,0)

300(30)

130,0 (13)

400(40)

175,0 (17,5)

500(50)

220,0 (22)

600(60)

265,0 (26,5)

700(70)

310,0 (31)

800(80)

350,0 (35)

5.8. Сығушы жүктемелерге жұмыс істейтін аспалы қағылмалы қадалардың көтергіштік қабыле­тін Fd, кН (тc), топырақтарды эталон қадалармен сынаудың, зонд-қадалармен сынаудың немесе ста­тикалық зондтаулардың нәтижелері бойынша келесі формула арқылы анықтау керек:

(21)

мұндағы c жұмыс жағдайының коэффициенті; c = 1;

n топырақтарды эталон қадалармен сынау­дың, зонд-қадалармен сынаудың немесе зондтау нүктелерінің саны;

Fu 5.9, 5.10 немесе 5.11 тармақтардың талаптарына сәйкес анықталған, топырақтарды эта­лон қадалармен және зонд-қадалармен сынау орын­дарындағы немесе зондтау нүктелеріндегі қада­лардың шекті кедергілерінің жеке мәндері кН (тc);

g топырақтарды эталон қадалармен және зонд-қадалармен сынау орындарында немесе зонд­тау нүктелерінде алынған қадалардың шекті кедер­гілерінің Fu жеке мәндерінің құбылмалылығына және бұл сынақтардың сандарына немесе нүктелеріне байланысты, ал сенімділік мүмкіндік мәні  = 0,95 болғанда МСТ 20522-96 талаптарына сәйкес анықта­латын, топырақ бойынша сенімділік коэффициенті

5.9. Топырақтарды эталон қадалармен сынау орнындағы, қағылмалы қадалардың шектік кедергі­лерінің жеке мәндерін Fu, кН (тc), келесі тармақтар бойынша анықтау керек:

а) топырақтарды 1-ші типтегі (МСТ 5686-94) эталон қадалармен сынау кезінде келесі формула бойынша анықталады:

(22)

мұндағы sp коэффициент; егер қадалар олардың ірілігіне байланыссыз тығыз құмдарға неме­се ірі сынықты топырақтарға тереңдетілген болса, онда sp = 1,25 тең, ал қалған топырақтар үшін sp = 1;

u, usp қадалардың және эталон қадалардың көлденең қималарының периметрлері;

Fu,sp 5.5 тармаққа сәйкес статикалық жүктемелермен сынау нәтижелері бойынша анық­талатын, эталон қадалардың шектік кедергілерінің жеке мәндері, кН (тc);

б) топырақтарды II немесе III типтегі (МСТ 5686-94) эталон қадалармен сынау кезінде келесі формула бойынша анықталады:

(23)

мұндағы cR натуралық қаданың ұшынан төмен орналасқан топырақтың жұмыс жағдайының коэффициенті, эталон қаданың ұшынан төмен орна­лас­қан топырақтың шектік кедергісіне байла­ныс­ты 14-кесте бойынша қабылданады;

—эталон қаданың ұшынан төмен орна­ласқан топырақтың шектік кедергісі, кПа (тс/м2);

A натуралық қаданың көлденең қимасының ауданы м;

cf натуралық қаданың бүйір жақтарындағы топырақтардың жұмыс жағдайының коэффициенті, эталон қаданың бүйір жақтарындағы топырақтардың шектік кедергілерінің орташа мәніне байланысты 14-кесте бойынша қабылданады;

—эталон қаданың бүйір жақтарындағы топырақтардың шектік кедергілерінің орташа мәні, кПа (тс/м2);

h натуралық қаданың батырылу тереңдігі, м;

u қада оқпанының көлденең қимасының периметрі, м.

Ескерту: II типтегі эталон қадаларды қолданған­да олардың ұшынан төмен және бүйір жақтарында орна­ласқан топырақтардың шектік кедергілерінің қосындысының эталон қадалардың шектік кедергілеріне сәйкестігін тексеру керек. Егер екі аралықтағы айырма  20 %-тен асатын бол­са, онда натуралық қадалардың шектік кедергісін есептеу, 1 типтегі эталон қадалардағы есеп­теулермен бірдей етіп орындалуы керек.

5.10. Зонд-қадамен сынақ жүргізілген орын­да­ғы қағылмалы қаданың шектік кедергісінің жеке мәнін Fu кН (тc), келесі формула бойынша анықтау керек:

(24)

мұндағы cR 0,8-ге тең етіп қабылданатын, қаданың ұшынан төмен орналасқан топырақтың жұмыс жағдайының коэффициенті;

—Зонд-қаданың ұшынан төмен орналас­қан топырақтың шектік кедергісі, кПа (тс/м2);

cfЗонд-қаданың бүйір жақ бетіндегі топы­рақтың i қабатының меншікті шектік кедергісінің орта­ша мәніне байланысты 14-кесте бойынша қа­был­данатын, қаданың бүйір жағындағы топырақтың i қабатының жұмыс жағдайының коэффициенті;

—Зонд-қаданың бүйір жақ бетіндегі топы­рақтың i қабатының меншікті шектік кедергісінің орташа мәні, кПа (тс/м2);

h топырақтың i қабатының қалыңдығы, м.

14-кесте

, кПа (тс/м2)

мәніне байланысты cR коэффициенті

, , кПа (тс/м2)

II және III типті эталон қадалар үшін, мәніне байланыстыcf коэффициенті

зонд-қадалар үшін, мәніне байланыстыcf коэффициенті

II типтегі эталон қадалар үшін

III типтегі эталон қадалар үшін

құмды топырақтарда

шаңды -балшықты топырақтарда

 2000(200)

1,15

1,40

20 (2)

2,00

1,20

0,90

3000(300)

1,05

1,20

30 (3)

1,65

0,95

0,85

4000(400)

1,00

0,90

40 (4)

1,40

0,80

0,80

5000(500)

0,90

0,80

50 (5)

1,20

0,70

0,75

6000(600)

0,80

0,75

60 (6)

1,05

0,65

0,70

7000(700)

0,75

0,70

80(8)

0,80

0,55

10000(1000)

0,65

0,60

120 (12)

0,50

0,40

13000(1300)

0,60

0,55

Ескерту:

1. жәнешамаларының аралықтағы мәндерінде,cR және cf коэффициенттері интерполяциямен анықталады.

2. Егер қаданың бүйір жақ беттерінде құмды және шаңды-балшықты топырақтар жатқан болса, онда cf коэффициенті келесі формула бойынша анықталады:

мұндағы құмды және шаңды-балшықты топырақтар қабаттарының қалыңдықтарының жиынтығы;

—эталон қадалар мен зонд-қадалардың, құмды және шаңды-балшықты топырақтардағы жұмыс жағдайының коэффициенті.

5.11. Қағылмалы қаданың зондтау нүктесіндегі шектік кедергісінің жеке мәнін Fu, кН (тc), келесі формула арқылы анықтау керек:

Fu = RsA + fhu, (25)

Rs қарастырылатын нүктедегі зондтау мәліметтері бойынша анықталатын, қаданың ұшынан төмен орналасқан топырақтың шектік кедергісі, кПа (тс/м2);

f қарастырылатын нүктедегі зондтау мәлімет­терінен алынатын, қаданың бүйір жақ беттеріндегі то­пырақтың шектік кедергісінің орташа мәні, кПа (тс/м2);

h қаданың айналасындағы топырақтың беті­нен есептегендегі қаданың батырылу тереңдігі, м;

u қада оқпанының көлденең қимасының периметрі, м.

Қаданың ұшынан төмен орналасқан топырақ­тың шектік кедергісін Rs кПа (тс/м2), қарастырылатын нүктедегі зондтау мәліметтері бойынша келесі фор­муламен анықтау керек:

Rs = 1qs, (26)

мұндағы 1 зондтың типіне байланыссыз (МСТ 20069-81 бойынша) 15-кесте бойынша қабыл­данатын, qs шамасынан Rs шамасына өту коэффи­циенті;

qs жобаланған қаданың ұшының деңгейінен бір диаметр жоғары және төрт диаметрге төмен аралықта орналасқан топырақ бөлігінде, тәжірибе арқылы алынған, зонд ұштығының астындағы топы­рақ кедергісінің орташа мәні, кПа (тс/м2), (мұндағы d дөңгелек қиманың диаметрі немесе шаршының қабырғасы, немесе тік бұрышты қиманың ұзын қабырғасы, м).

Қарастырылатын нүктедегі топырақты зондтау мәліметтері бойынша, қағылмалы қаданың бүйір жақ беттеріндегі топырақтың шектік кедергісінің орташа мәнін f, кПа (тс/м2), келесі тармақтарға сәйкес анық­тау керек:

а) I типтегі зондтарды қолданғанда — келесі формула бойынша:

f = 2fs, (27)

б) II немесе III типтегі зондтарды қолданғанда —келесі формула бойынша:

, (28)

(27) және (28) формулалардағы

2, i 15-кесте бойынша қабылданатын коэффициенттер;

fsзондтың бүйір жақ бетіндегі топырақтың өлшенген жалпы кедергісін, таңдап алынған көтергіш қабаттың зондтау нүктесіндегі топырақтың бетінен, қадалардың ұшының орналасу деңгейіне дейінгі ара­лықтағы зондтың бүйір жақ бетінің ауданына бөлген­дегі бөлінді ретінде анықталатын, зондтың бүйір жақ бетіндегі топырақ кедергісінің орташа мәні кПа (тс/м2);

fsi зондтың бүйір жақ бетіндегі топырақтың i қабатының орташа кедергісі, кПа (тс/м2);

hi топырақтың i қабатының қалыңдығы, м.

15-кесте

qs, кПа (тс/м2)

1 —qs шамасынан Rs шамасына өту коэффициенті

fs, fsi, кПа (тс/м2)

2 — I типтегі зондтар үшін, fs шамасынан f шамасына өту коэффициенті

i — II немесе III типтегі зондтар үшін, fsi шамасынан f шамасына өту коэффициенті

қағылмалы қадалар үшін

бұрамалы қадалар үшін

сығушы жүктемелерде

жұлушы жүктемелерде

құмды топырақ­тарда

шаңды-балшықты топырақ­тарда

құмды топырақ­тарда

шаңды-балшықты топырақ­тарда

1000(100)

0,90

0,50

0,40

 20(2)

2,40

1,50

0,75

1,00

2500 (250)

0,80

0,45

0,38

40(4)

1,65

1,00

0,60

0,75

5000(500)

0,65

0,32

0,27

60(6)

1,20

0,75

0,55

0,60

7500(750)

0,55

0,26

0,22

80(8)

1,00

0,60

0,50

0,45

10 000(1000)

0,45

0,23

0,19

100(10)

0,85

0,50

0,45

0,40

15 000(1500)

0,35

120(12)

0,75

0,40

0,40

0,30

20 000(2000)

0,30

30 000(3000)

0,20

Ескерту: Сумен қаныққан құмды топырақтардағы бұрамалы қадалар үшін, 1 коэффициентінің мәні екі есеге азайтылуы керек.

5.12. Сығушы және жұлушы жүктемелерге жұмыс істейтін бұрамалы қадалардың көтергіштік қабылетін статикалық зондтау нәтижелері бойынша (21) формула арқылы, ал зондтау нүктесіндегі қаданың шекті кедергісінің жеке мәнін — (25) формула бойынша анықтау керек, мұндағы тереңдік қалақтың диаметрінің мәніне азайтылып қабылданады.

Қада қалағының астындағы (үстіндегі) топы­рақтың шекті кедергісін, қарастырылатын нүктедегі топырақты зондтау мәліметтері бойынша (26) фор­мула бойынша анықтау керек. Бұл жағдайдағы 1 — қалақтың диаметріне тең етіп қабылданған жұмыс аймағындағы зондтың ұштығынан төмен жатқан топырақ кедергісінің орташа мәнініе байланысты , 15-кесте бойынша қабылданатын коэффициент. Бұра­малы қада оқпанының бү­йір жақ бетіндегі топы­рақтың шекті кедергісінің орташа мәнін, қарасты­рылатын нүктедегі топырақты зондтау мәліметтері бойынша (27) немесе (28) формула арқылы анықтау керек.