Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01-03-2002 каз.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

13. Аз қабатты ауылдық ғимараттардың қадалы iргетастарын жобалаудың ерекшелiктерi

13.1. Қадалы іргетастарды жобалаудың ерекше­лiктерi аз қабатты ауылдық ғимараттардың келесі түрлерінде: усадьбалы типтi үйлерде, мал шаруашы­лығындағы және құс шаруашылығындағы; ауыл ша­руашылық өнiмдерiнiң және ауыл шаруашылығы тех­никаларының қоймаларында; әр түрлi мақсаттағы қалқаларда және ғимарат қабырғасының цоколь дең­гейiн­дегi есептiк жүктемесi 150 кН дейiнгi, ал ұстынға есептiк жүктемесi 400 кН-ға дейiнгi ғимараттарда қолданылады.

13.2. Аз қабатты ауылдық ғимараттардың қада­лы iргетастарын жобалау кезiнде көбiнесе, ұстын-қадаларды көлденең арматураланбаған, алдын-ала кернелген арматурасы бар қысқа пирамидальды қадаларды, тапталып нығыздалған забойдағы ұзын­дығы 3 м-ге дейiнгi бұрғылы қадаларды және 2.4. б тармағында қарастырылған тесiлетiн ұңғыларда орнатылатын құйма қадаларды қолдану керек.

Керме құрылымды ауылдық ғимараттардың iргетастарында консольдерi бар қималары таврлы және қос таврлы қадаларды қолдану керек.

Ескерту:

1. Сейсмикалық аудандарда салынатын аз қабатты ауылдық ғимараттарда ұстын-қаданы топыраққа 2 м-н кем емес тереңдiкке батырғанда, ұстын-қадаларды қолдануға рұқсат етiледi.

2. Ұзындығы 3 м-ге дейiнгi қаданы орнату кезiнде ұңғыма забойын нығыздау, қалыңдығы 10 см-н кем емес қиыршықтас қабатын топыраққа таптау жолымен жүзеге асырылуы тиiс.

3. Егер ғимараттың жер бетiндегi құрылымдары, есеп­теулермен анықталған iргетастардың бiркелкi емес шөгуi және отыруы кезiнде, олардың қалыпты пайдаланылу мүм­кiндiгiн қамтамасыз ететiн құрылымдық шараларды қолда­нып жобаланса, онда шөкпе топырақтардағы аз қабатты ауылдық ғимараттардың жобасында олардың өз салма­ғынан 15 см-ге дейiнгi шөгуiнде, қадалардың шөккiш қабат­ты толығымен кесiп өтуiн қарастырмауға рұқсат етiледi.

13.3. 8 формула бойынша қаданың көтергiштiк қабiлетiн есептеу кезiнде, 2 метрден 3 метрге дейiнгi батырылу тереңдiгiндегi қағылмалы қадалардың ұшынан төмен орналасқан топырақтың есептiк кедергiлерi R, кПа(тс/м2), 20-кесте бойынша, ал бүйiр жақтарындағы топырақтың есептiк кедегiлерi fi, кПА(тс/м2), 21-кесте бойынша қабылдануы керек.

13.4. Нығыздалған забойдағы құйма және бұр­ғылы қадалардың ұштарынан төмен орналасқан то­пырақтың есептiк кедергiлерi R, кПа (тс/м2), қада­лардың батырылу тереңдiгi 2 метрден 3 метрге дейiн болғанда 22-кесте бойынша анықталады; бұл жағ­дайда тығыз құмды топырақтарға арналған кестелiк мәндердi 1,3 есеге арттыру керек. Құйма және бұр­ғылы қадалардың бүйiр бетiндегi есептiк кедергiлердi fi кПА(тс/м2) 21 кесте бойынша, 0,9 жұмыс жағдайы­ның қосымша коэффицентiмен қабылдауға рұқсат етiледi.

13.5. Топыраққа темiр бетонды консолдарымен батырылатын, сығушы жүктемеге жұмыс iстейтiн ұстын қаданың көтергiштiк қабiлетiн оның ұшынан төмен, консольдерiнiң астында, және бүйiр жақ бетiнде орналасқан топырақтардың кедергiлерiнiң қосындысы ретiнде (42) формула бойынша анықтау керек:

(42)

Мұндағы - (8) формуладан алынған;

- жұмыс жағдайының қосымша коэффи­циентi; құмды топырақтар үшiн =0,4; және шаң­ды-балшықты топырақтар үшiн =0,8;

Rcon - консольдердi топыраққа 0,5-1,0 м терең­дiкке батыру кезiнде 22-кесте бойынша алынатын консольдердiң астындағы топырақтың есептiк кедер­гiсi кПа (тс/м2).

Аcon - горизонталь жазықтықтағы консоль проек­циясының ауданы, м2.

13.6. Вертикаль құраушы жүктемелердiң әсер ету кезiндегi таврлы және қос таврлы қималы қада­лардың көтергiштiк қабiлетiн 8 формула бойынша, ондағы сөрелер мен қабырғалардың бүйiр бетiндегi fi мәндерiн 21-кесте бойынша қабылдай отырып, анықтау керек.

Ескерту: Үш топсалы рамадан тұратын қаңқалы ғимаратта пайдаланылатын таврлы және қос таврлы қима­лы қадалардың көтергiштiк қабiлетiн есептеу кезiнде, кер­менiң горизонталь құраушысының қаданың бүйiр жақ бетiн­дегi есептiк кедергiлерге ықпалын ескеруге рұқсат етiледi.

13.7. Бiр қабатты ауылдық ғимараттарға арнал­ған қадалы iргетастарға және ұстын қадаларға топы­раққа аязды iсiну күштерi әсерi кезiндегi iргетастың орнықтылығына тексеру жүргiзу қажет.

13.8. 13.3-13.6 тармақтары бойынша қадалар­дың көтергiштiк қабiлетiн анықтау кезiндегi топырақ­тардың есептiк сипаттамалары құрылыс және ғима­ратты пайдалану процесiндегi маусымдық өзгеру­лерiнiң ең қолайсыз жағдайлары үшiн қабылдау керек.

20-кесте

Қаданың батырылу тереңдiгi, м.

Кеуектiлiк коэффициентi, е

Қағылмалы қаданың ұшынан төмен оналасқан топырақтардың есептiк кедергiлерi кПА

R, кПа (тс/м2)

құмды

шаңды балшықты, аққыштық көрсеткiшi IL, тең болғанда

iрi

орташа iрiлiктегi

майда

шаңды

0,0

0,2

0,4

0,6

0,8

1,0

2

£ 0,55

8300 (830)

3900 (390)

2500 (250)

1500 (150)

6500 (650)

3900 (390)

2000 (200)

1000 (100)

600 (60)

300 (30)

0,70

6400 (640)

3000 (300)

1900 (190)

1200 (120)

5400 (540)

3200 (320)

1700 (170)

900 (90)

500 (50)

250 (25)

1,00

3200 (320)

1900 (190)

1000 (100)

600 (60)

300 (30)

150 (50)

3

£ 0,55

8500 (850)

4100 (410)

2700 (270)

1600 (160)

6600 (660)

4000 (400)

2100 (210)

1100 (110)

650 (65)

350 (35)

0,70

6600 (660)

3200 (320)

2100 (210)

1300 (130)

5500 (550)

3300 (330)

1800 (180)

1000 (100)

550 (55)

250 (25)

1,00

3300 (330)

2000 (200)

1100 (110)

700 (70)

350 (35)

200 (20)

Ескерту: IL және е аралықтағы мәндерi үшiн R мәндерi интерполяциямен анықталады.

21-кесте.

Топырақ қабаты-ның орташа орналасу тереңдiгi hi, m

Қабаттағы топырақтың кеуектiлiк коэффициен-тi, е

Қағылмалы қаданың, соның iшiнде таврлы және қос таврлы қадалардың бүйiр жақ бетiндегi топырақтың есептiк кедергiлерi, fi, кПа (тс/м2)

құмды

шаңды балшықты, аққыштық көрсеткiшi IL, тең болғанда

iрi және орташа iрiлiктегi

майда

шаңды

0,0

0,2

0,4

0,6

0,8

1,0

1

£ 0,55

80 (8,0)

55 (5,5)

45 (4,5)

46 (4,6)

39 (3,9)

32 (3,2)

25 (2,5)

18 (1,8)

11 (1,1)

0,7

60 (6,0)

40 (4,0)

30 (3,0)

45 (4,5)

37 (3,7)

30 (3,0)

23 (2,3)

16 (1,6)

9 (0,9)

1,00

32 (3,2)

23 (2,3)

15 (1,5)

10 (1,0)

6 (0,6)

2-3

£ 0,55

85 (8,5)

60 (6,0)

50 (5,0)

68 (6,8)

53 (5,3)

40 (4,0)

29 (2,9)

20 (2,0)

13 (1,3)

0,7

65 (6,5)

45 (4,5)

35 (3,5)

65 (6,5)

50 (5,0)

37 (3,7)

26 (2,6)

18 (1,8)

11 (1,1)

1,0

60 (6,0)

45 (4,5)

32 (3,2)

21 (2,1)

13 (1,3)

7 (0,7)

Ескерту: hi, е, және IL аралықтағы мәндi үшiн fi мәндерi интерполяциямен анықталады.

22-кесте.

Топырақтар

кеуектiлiк коэффициентi е

Батырылу тереңдiгi 2-3 метр кезiндегi құйма және бұрғылы қадалардың ұштарынан төмен орналасқан топырақтардың есептiк кедергiлерi R, кПа (тс/м2), және ұстын-қаданың консольдарының астында орналасқан топырақтың есептiк кедергiлер Rсоп, кПа (тс/м2)

құмды топырақтардың

iрi

орташа iрiлiктегi

майда

шаңды

Шаңды-балшықты, аққыштық көрсеткiш IL, тең болғанда

0,0

0,2

0,4

0,6

тығыздығы орташа құмдар

0,55-0,8

2000(200)

1500(150)

800(80)

500(50)

құмайттар және саздақтар

0,5

800(80)

650(65)

550(55)

450(45)

0,7

650(65)

550(55)

450(45)

350(35)

1,0

550(55)

450(45)

350(35)

250(25)

Балшықтар

0,5

1400(140)

1100(110)

900(90)

700(70)

0,6

1100(110)

900(90)

750(75)

600(60)

0,8

700(70)

600(60)

500(50)

400(40)

1-қосымша

Ұсынылған