Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01-03-2002 каз.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

6. Қадалы iргетастар мен олардың негiздерiн деформация бойынша есептеу

6.1. Аспа қадалы іргетасты және оның негізін деформация бойынша есептеуді, СНиП РК 5.01-01-2002 талаптарына сәйкес, табиғи негіздегі шартты іргетастарға арналған есептеулермен бірдей етіп жүргізу керек. Шартты іргетастың шекаралары (сыз­баны қара) төменде келтірілген жолмен анықталады:

төменнен — қадалардың ұштары арқылы өтетін, АБ жазықтығымен;

бү­йір жақтарынан — вертикаль қадалардың шеткі қатарының сыртқы қырларынан (а-сызбасын қара) тең қашықтықта, ал егер аққыштық көрсеткіші IL>0,6 шаңды-балшықты топырақтар қада­ның ұшынан төмен жатса, онда 2d-ден (d — диаметр немесе қаданың көлденең қимасының бір жағы) үлкен емес қашықтықта орналасқан АВ және БГ вертикаль жазықтықтарымен, ал көлбеу қадалар болған жағдайда — осы қадалардың ұштары арқылы өтетін АВ және БГ вертикаль жазықтықтарымен (б-сызбасын қара);

үстінен — ВГ топырақты жайғастыру бетімен, мұндағы II,mt — төмендегі формула бойынша анық­талатын,топырақтың ішкі үйкеліс бұрышының орташа есептік мәні:

(29)

мұндағы II,i қада тесіп өткен топырақтардың қалыңдығы hi тең жеке қабаттары үшін, ішкі үйкеліс бұрышының есептік мәндері;

h қаданың топыраққа батырылу тереңдігі.

Шартты іргетастың шөгуін анықтау кезінде, оның өз салмағына қаданың және ростверктің сал­мағы, сонымен бірге шартты іргетастың көлемін­дегі топырақтың салмағы қосылады.

Есептеулер бойынша алынған қадалы іргетас­тардың және олардың негіздерінің деформа­циясы­ның (шөгуінің) мәндері, (4) формулада берілген жағдайлардағы шекті мәндерден аспауы тиіс.

6.2. Егер құрылыс кезінде аумақты 2 м-ден үлкен биіктікте үстемелеп толтырып (шайып) жайғас­тыру және аумақты үстемелеп толтыруға эквивалент­ті басқа тұрақты жүктеме қарастырылған болса, ал қаданың батырылу тереңдігінің ішінде қалыңдығы 30 см-ден үлкен шымтезек немесе ұйық қабаты жатса, онда аспа қадалы іргетастың шөгуінің мәнін шартты іргетастың габариттерінің кішіреюін есепке ала отырып анықтау керек, бұл жағдайда вертикаль және көлбеу қадалы шартты іргетастың шекаралары, шеткі қатардағы вертикаль қадалардың сыртқы қырынан қашықтықта орналасқан тік жазықтықтармен бүйір жақтарынан шектелген болып қабылданады, мұндағы hmt — қаданың ұшынан қалыңдығы 30 см-ден үлкен шымтезек немесе ұйық қабатының табанына дейінгі ара қашықтық.

6.3. Тіреуіш қада ретінде жұмыс істейтін қада­лардан тұратын, шоғырдан бөлек жұлушы жүктеме­лерді қабылдайтын жеке аспалы қадалардан тұра­тын қадалы іргетастарды, сонымен қатар жұлушы жүк­темелердің әсеріне жұмыс істейтін қадалар шо­ғырын деформация бойынша есептеу талап етіл­мейді.

а) б)

Қадалы іргетастардың шөгуін есептеу кезіндегі, шартты іргетастың шекарасын анықтау

6.4. Қаданы вертикаль және горизонталь күш­тердің және моменттің бірлескен әсеріне деформа­ция бойынша есептеуді, ұсынылған 1-қосымшаның нұсқаулары бойынша орындау керек, ал аз жүктелген ленталы қадалы іргетастардың және жекелеген қадалардың шөгуін ұсынылған 3 және 4-қосымша­ның нұсқаулары бойынша есептеуге болады.