Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01-03-2002 каз.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Ұсынылған

ТАСПАЛЫ ҚАДАЛЫ IРГЕТАСТАРДЫҢ ШӨГУIН АНЫҚТАУ

Қадалары бiр және екi қатармен орналасқан (қадалар аралығы 3 - 4 d болғанда) таспалы қадалы iргетастардың шөгуi s, м (см), келесi формула бойынша анықталады:

мұндағы n жоғарыдан- жайғастыру бетiмен; бүйiрiнен - қадалардың шеткi қатарының сыртқы қырлары бойынша өтетiн вертикаль жазықтықтар­мен; төменнен - қаданың төменгi ұштары арқылы өтетiн жазықтықпен шектелген қадалар мен топырақ массивi түрiндегi iргетастың салмағы есепке алынған қадалы iргетастың өн бойындағы жүктемесi.

Е, vжоғарыда көрсетiлген ҚР ҚнжЕ 5.01-01-2002 талаптарына сәйкес анықталатын сығылатын қабат iшiндегi деформация модулiнiң, КПа (кгс/см2) және Пуассон коэффициентiнiң мәндерi.

d0 — Пуассон коэффициентiне v, iргетастың кел­тiрiлген енiне (мұндағы bқадалардың шет­кi қатарының сыртқы қырлары бойынша қабыл­да­на­тын iргетастың енi) және сығылатын қабаттың кел­тiрiлген тереңдiгiне Hc/h (Hc сығылатын қа­баттың тереңдiгi) байланысты, номограмма (сызбаны қара) бойынша қабылданатын коэффициент.

Номограммада сығылатын қабаттың келтiрiлген тереңдiгiнiң есептелген мәнiне сәйкес нүкте арқылы, iргетастың келтiрiлген енiнiң сызығымен қиылыс­қанға дейiн абсцисса осiне параллель түзу жүргi­зiледi және топырақтың Пуассон коэффициентiнiң v сызығына дейiн перпендикуляр түсiрiледi.

Қиылысу нүктесiнен d0 коэффициентiнiң мәндерi келтiрiлген ордината осiмен қиылысқанға дейiн абсцисса осiне параллель сызық жүргiзiледi.

d0 мәндерiн анықтауға арналған номограмма

4 қосымша

Ұсынылған

Жеке қаданың шөгуiн анықтау

Ығысу модулi G1, МПа (тс/м2) және Пуассон коэффициентi v1 топырақ қабатын кесiп өтетiн, G2 ығысу модулiмен және v2Пуассон коэффициентiмен сипатталатын сызықты-деформацияланатын жарты­лай кеңiстiк ретiнде қарастырылатын топыраққа тiрелетiн жеке қаданың шөгуiн есептеудi N£Fd/gk болғанда және келесi шарттарда l/d>5, G1l/G2d>1 (мұндағы l — қаданың ұзындығы,м; d- қада қима­сы­ның бiр жағы немесе диаметрi, м) төмендегi форму­лалармен жүргiзуге рұқсат етiледi:

а) кеңейтiлмеген жеке қадалар үшiн:

; (1)

N қадаға берiлетiн вертикаль жүктеме, МН (тс);

b - формула бойынша анықталатын коэффи­циент:

,

мұндағы b'=0,17ln (kvG1l/G2d) абсолют қатты қадаға (еа = ¥) сәйкес келетiн коэффициент;

а' = 0,17ln (kv1l/d) сол коэффициент, G1 және v1 сипаттамалары біртекті негіз жағдайына арналған;

= EA/G1l2 қаданың салыстырмалы қаттылығы;

EA ‑ қада оқпанының сығылуға қаттылығы, МН (тс);

l1оқпанның сығылуынан шөгудiң ұлғаюын анықтайтын параметр, төмендегi формуламен анық­талады:

;

kv, kv1 v = (v1 + v2)/2 болғанда, kv = 2,82 - 3,78v + 2,18v2 формуласы бойынша анықталатын коэффи­циенттер;

б) кеңейтiлген жеке қадалар үшiн:

, (2)

мұндағы db— қаданың кеңейтiлген жерiнiң диаметрi.

G1 және v1 - сипаттамалары қадалардың баты­рылу тереңдiгi iшiндегi қабаттары үшiн орташаланған етiп қабылданады, ал G2 және v2 сипаттамалары - қадалардың ұштарынан төмен аққыш консистен­циялы топырақтар, шымтезектер, тұнбалар болмаған жағдайда, қаданың немесе кеңейтудiң (кеңейтiлген қадалар үшiн) 10 диаметрiнiң iшiнде қабылданады.

9