Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СНиП РК 5.01-03-2002 каз.doc
Скачиваний:
20
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

2. Қадалардың түрлерi

2.1. Қадаларды топыраққа кіргізу әдісі бойынша келесі түрлерге бөледі:

а) балғаның, дірілді батырғыштың, дірілді басып енгізгіштің және басып енгізетін құрылғылардың кө­мегімен топыраққа батырылатын қағылмалы темір­бетон, болат және ағаш қадалар, сонымен қатар топырақты жарым-жартылай шығарып не шығармай және бетон қоспалармен толтырмай дірілді батыр­ғыштармен енгізілетін темірбетон қабыршақ қадалар;

б) топырақты түгел шығарып және бетон қоспалармен түгел немесе жарым-жартылай толты­рып дірілді батырғыштармен енгізілетін темірбетон қабыршақ қадалар;

в) топырақты күштеп шығару нәтижесінде пайда болған ұңғымаға бетон қоспаларын құю арқылы жасалынатын құймалы бетон және темірбетон қа­далар;

г) бұрғыланған ұңғыманы бетон қоспаларымен толтыру немесе ұңғымаға темірбетон элементтерін орнату арқылы топырақтың ішінде жасалынатын бұрғылы темірбетон қадалар;

д) бұрамалы қадалар.

2.2. Қадалардың топырақпен әрекеттестігі бо­йынша оларды тіреуіш және аспалы қадаларға бөледі.

Тіреуіш қадаларға тасты топырақтарға тірелетін қадалардың барлық түрлерін, сонымен қатар аз сығылатын топырақтарға тірелетін қағылмалы қада­ларды жатқызады.

Ескерту: аз сығылатын топырақтарға құрамында тығыз және тығыздығы орташа құмды толтырғыштар бар ірі сынықты топырақтар, сонымен қатар деформация модулі Е50000 кПа (500 кгс/см2), сумен қаныққан қатты консис­тенциялы алшықтар жатады.

Тіреуіш қадалардың топырақтағы көтергіштік қабы­ле­тін есептеу кезінде олардың бүйір жақ­тарындағы теріс үйкеліс күштері ғана есепке алы­нады, ал топырақ­тардың қарсылық күштері есепке алынбайды.

Аспалы қадаларға сығылатын топырақтарға сүйеліп, жүктемелерді бүйір жақ беттеріндегі және төменгі жағын­дағы негіз топырақтарына тарататын қадалардың барлық түрлері жатады.

Ескерту: Қаданың айналасындағы топырақ­тардың отыруы кезінде оның бүйір жақ беттерінде пайда болатын және тік төмен қарай бағытталған күштер, теріс үйкеліс күштері деп аталады.

2.3. Көлденең қимасының өлшемдері 0,8 м-ге дейінгі қағылмалы темірбетон қадалар және диа­метрі 1 м-ден үлкен қабыршақ қадалар келесі топтарға бөлінеді:

а) арматуралау әдісі бойынша — кернелмеген бойлық арматурамен көлденең арматурланған және алдын-ала кернелген шыбықты арматурамен немесе бойлық сымды арматурамен көлденең арматур­ланған немесе арматурланбаған қадалар және қабыр­шақ қадалар;

б) көлденең қимасының формасы бойынша — шаршы, тік бұрышты тавро және қос тавролы, дөңгелек қуысты шаршы, жартылай дөңгелек түрін­дегі қадалар;

в) бойлық қимасының формасы бойынша — призмалы, цилиндрлі және бүйір қырлары көлбеу (пирамидалды, трапеция және ромба тәрізді);

г) құрылымдық ерекшеліктері бойынша — тұтас және құрама (жеке секциялардан тұратын) қадалар;

д) төменгі ұшының құрылымы бойынша — ұшы үшкірленген немесе жазық ұшты қадалар, жал­пағынан немесе көлемінен ұлғайтылған және төменгі жағы ашық немесе жабық қуыс қадалар, камуфлет өкшелі қадалар.

Ескерту: Камуфлет өкшелі қаданы орнату үшін тө­менгі жағы қуыс болат ұштықпен жабдықталған қуыс қада­ны жерге қағып, сонан соң оның ішін және басындағы болат ұштықты бетон қоспамен тол­тырады да, ұштықтың ішінде камуфлет өкшені жарады. Қадалы іргетастардың жоба­сында камуфлет өкшелі қағылмалы қадаларды қолданғанда және ғимараттар мен имараттардан жарылыс болатын жерге дейінгі рұқсат етілетін ара қашықтықты анықтарда, жобада бұрғылау жару жұмыстарын жүргізу ережелерінің шарттарын сақтау туралы нұсқаулар қарас­тырылуы керек.

2.4. Құйма қадалар жасалу әдісіне байланысты келесі топтарға бөлінеді:

а) құйма қадалар, төменгі жағы табанмен не болмаса бетон тығынмен бекітілген инвентарь құбырды топыраққа батырып, соңынан ұңғыманы бетон қоспасымен толтыру барысында құбырды қайта шығарып алу арқылы жасалынады;

б) дірілді штамппен нығыздалған құйма қадалар, қазылған ұңғыманы қатты бетон қоспасымен тол­тырып, артынан төменгі жағы үшкірленген құбыр түрінде жасалынған дірілді штампқа дірілді батыр­ғышты бекітіп, нығыздау арқылы жасалынады;

в) штампталған төсекте құйылған қадалар, штамптау әдісімен топырақта пирамида және конус формасындағы ұңғымалар дайындалып, артынан оларды бетон қоспасымен толтыру арқылы жаса­лынады.

2.5. Бұрғылы қадалар жасалуына байланысты төмендегіше бөлінеді:

а) жерасты суларының деңгейінен жоғары орналасқан шаңды-балшықты топырақта қабырғасы бекітілмей бұрғыланған ұңғымада, ал жерасты су­ларының деңгейінен төмен орналасқан кез-келген топыырақта қабырғасы балшықты ерітіндімен неме­се қайта суырылып алынатын инвентарь құбырмен бекітіліп бұрғыланған ұңғымада бетон­далатын, тұтас қималы ұшы жалпақтау не кәдімгі бұрғы толтырмалы қадалар;

б) көп секциялы дірілді өзекшелерді қолдану арқылы жасалынатын, дөңгелек қуысты бұрғы тол­тырмалы қадалар;

в) ұңғыма забойына қиыршықтасты таптау арқылы жасалынатын, нығыздалған забойдағы бұрғы толтырылмалы қадалар;

г) бұрғыланып, соңынан түп жағынан жарылыс жасап кеңейтілген ұңғыманы бетон қоспасымен толтыру арқылы жасалған, камуфлет өкшелі бұрғы толтырылмалы қадалар;

д) бұрғыланған ұңғымаға цемент-құм ерітіндісін немесе ұсақ түйіршікті бетон қоспасын сықап тол­тыру арқылы жасалынатын, диаметрі 0,15-0,25 м-лік бұрғы инъекциялы қадалар;

е) кеңейтіліп не кеңейтілмей бұрғыланған ұңғымаға, жақтары немесе диаметрі 0,8 м-ге тең не одан үлкен цилиндр және призма түріндегі элемент­терді түсіріп және қатыратын цемент-құм ерітіндісін төсеу арқылы жасалған діңгек қадалар;

ж) бұрғы түсірмелі камуфлет өкшелі қадалардың камуфлет өкшелі бұрғы толтырылмалы қадалардан айырмашылығы, ұңғыманы камуфлетті кеңейткеннен кейін онда темірбетон қадаларды түсіреді.

Ескерту:

1. Егер іргетастар құрылымында (бұрғы тол­ты­рылмалы қаданы орнату кезінде топырақ қабатындағы сүзу ағынының жылдамдығы 200 м/тәул. көп болса, бұрғы толтырылмалы қаданы әрекеттегі жылжымалы беткейлерді бекітуге қолданғанда және басқа дәлелденген жағдайларда) басқа шешімді қолдану мүмкін болмаса, онда кіргізілген құбырды топырақта қалдыруға рұқсат етіледі.

2. Бұрғы толтырылмалы қаданы шаңды-балшықты топырақта орнатқан кезде, ұңғыманың қабырғаларын бекітуге судың артық қысымын пайдалануға рұқсат етіледі.

2.6. Темірбетон және бетон қадаларды ауыр бетоннан жобалау керек.

Мемлекеттік стандарт жасалынбаған бойлық кернелмеген арматуралы қағылмалы темірбетон қа­даларда, сонымен қатар бұрғылы және құйма қада­ларда бетонның класы В15-тен, кернелетін арма­туралы қағылмалы темірбетон қадаларда В22,5-тен төмен қабылданбауы керек.

Негізделген жағдайда қысқа бұрғылы және құйма қадаларда (ұзындығы 3,5 м-ден аз) класы В7,5-тен төмен емес ауыр бетонды қолдануға рұқсат етіледі.

2.7. Көпірлерден, гидротехникалық имарат­тар­дан және әуелік электрберіліс желілерінің үлкен өтпелерінен басқа барлық ғимараттар мен имарат­тардағы қадалы іргетастардың темірбетон рост­верктерін, класы — құрама ростверктер үшін В15-тен, ал тұтасқұйма ростверктер үшін В12,5-тен кем емес ауыр бетоннан жобалау керек.

Әуелік электрберіліс желілерінің үлкен өтпе­леріндегі бағандардың құрама ростверктерінде бетонның класын В22.5, ал тұтасқұйма ростверк­терінде В15 етіп қабылдау керек.

Көпір тіректерінің қадаларында және қадалар­дың ростверктерінде бетонның класы ҚНжЕ 2.05.03-84* бойынша, ал гидротехникалық имараттарда ҚНжЕ 2.06.08-87 талаптарына сәйкес тағайындау керек.

2.8. Қадалардың ростверктеріндегі стаканда те­мірбетон ұстындарды және құрама таспалы рост­верктерде қадалардың баулығын құйып бекітуге арналған бетонды ҚНжЕ 2.03.01-84* бойынша, құрама құрылымдардың түйіскен жерлерін бекітуге қолданылатын бетонға қойылатын талаптарды сақтай отырып, класын В12,5-тен төмен емес етіп қабылдау керек.

Ескерту: Көпірлерді және гидротехникалық имарат­тарды жобалау кезінде қадалы іргетастардың құрама эле­менттерін құйып бекітуге арналған бетонның класы, құрама элементтерді біріктіретін бетонның класымен салыстыр­ғанда бір саты жоғары болуы тиіс.

2.9. Қадалардағы және қадалардың рост­верк­теріндегі бетонның аязға төзімділігі және суөткіз­беушілігі бойынша маркасын МСТ 19804-91, ҚНжЕ 2.03.01-84*, ал көпірлер мен гидротехникалық има­раттарда ҚНжЕ 2.05.03-84* және ҚНжЕ 2.06.08-87 талаптарын басшылыққа ала отырып тағайындау керек.

2.10. Ағаш қадалар МСТ 9463-88* талаптарына сәйкес, ұзындығы 6,5 және 8,5 м, ал диаметрі 22-34 см болатын қылқан жапырақты ағаштардың (қара­ғай, шырша балқарағай, май қарағай) бөренелерінен дайындалуы тиіс.

Қада дайындалатын бөрене қабығы аршылып, бұлтықтардан және көздерден тазартылуы тиіс. Бөрененің табиғи конустығы сақталады. Пакетті қада­лардың көлденең қимасының және ұзын­дығы­ның өлшемдері, құрылымы есептеулер нәтижесінде және жобаланатын объектінің ерек­шеліктеріне сәйкес қабылданады.

Ескерту: Ағаш қадаларда ұзындығы 8,5 м-ден үлкен бөренелерді қолдануға, тек қадаларды дайындайтын кәсіп­орынның келісімімен ғана рұқсат етіледі.

2.11. Ағаш қадаларда және пакетті қадаларда ұзындығы бойынша түйістірілетін бөренелер мен сырғауылдарды бір-біріне тақап орналастырып, тү­йіскен жерлерін металл бастырманың немесе кел­тек құбырдың көмегімен жабады. Пакетті қадалар­дағы түйісулер бір-бірінен 1,5 м-ден кем емес қашықтықта, жоғары-төмен орналасуы тиіс.