Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Г.11.09.13.docx
Скачиваний:
230
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
10.3 Mб
Скачать

Әскерилерді далалық қоныстандырудағы пайдаланатын имараттардың гигиеналық сипаттамасы

Әскердің дала жағдайындағы тұрғынды болуын талдау, олардың жүруі, демалыс ұзақтығына қарай жылдық мезгіл маусымы және құрылыс материалдарға байланысты.

Лагерлік шатырлар, ұя іспеттес жердің биіктеу орындарында 0,6-0,7м –дегі деңгейде қондырылады. Ұялар төңірегінде су ағып кіретін,шығатын арықшалар болуы керек. Қарсыластың қырып жоятын қаруды (ҚЖҚ) қолдануы болса, олардың (шатырлардың) орналасуы қазан шұңқыр немесе жергілікті жердің табиғи еңістігіне байланысты болады. Сонымен қатар шатырлар желдің ығына қарай орналасады.

Шатырлар жер еденді, еденнен 0,4-0,5 м биіктікте нар немесе тапшан орналастырады. Бірегей шатырларда санитарлық терезелер болады.

Қысқы шатырлар ішінде жылытатын пештер болады. Ілмелі қабырғалардың арасына төсеніш қойылып, олардың арасына сабан төселеді, ол сыртқы температураны – 10°С дейін ұстап, палатканың ішкі температурасын ұстайды, ол шамамен17-20°С.

Лагерлік шатырлар қоныстануда өзінше кемшіліктері болады. Жазда ол ыстық, қыста температурасы ауытқымалы болады. Мысалы, шатыр еденіндегі температура төмен 18-12°С. Кіші ауа ағыны – көптеген шатырларда 2м , ал бірден суынуда газалмасу кезінде (терезелері жоқ, жиі тканның ылғалдануы, ауаның сіңірілуі 4 есе төмендесе) СО2 концентрациясы тез өседі (кей жағдайда 0,3% -тен көп болуыда байқалады) және ол ауаның салыстырмалы ылғалдылығы болғанда байқалады. Сондықтан, жаз уақытында шатырды желдендіргенде сүзгі торды жоғары көтеріп қояды. Қыста жылыту құралдар көмегімен шатырдағы ауа алмасуды көтереді.

Ауа райының болмауы, жоғарғы тиімді қорғануды қамтиды және шатырдың ыңғайлырақ болуы, көшіп қонуға лайықтылықтың бірден бір жолы, өйткені Әскер шатырларды қыста да, жазда да пайдаланады.

Қысқа мерзімдік әскерді қоныстандыруда қ о с қ а (шалаш) ағаш бұтағы, қурай, сабан, т.б. қолда бар материалдарды пайдаланады. Оның пішіні конусты, екі жақты үшбұрышты төбесін сусымалы етіп те жасайды. Шалаш көбінде жаз мезгілінде, ал қыста желге қарсы қалқан болады. Демалу кезінде еденге сабан төсегіш заттар пайдаланады. Үлкен шалаш-қоста нар пайдаланып, бетін шатыр-плащпен жабады.

Қ а р л ы жабын – қарлы лашық және ін тәріздес болуы, қыста демалу үшін далалық тұрғын кезінде жабын материалының жоқ уақытында қолданылады, ондағы температура 2-3 °С ұстап тұрады.

.

4-сурет. Түйетайлы жер кепенің көлденең сызбасы.

1-су бұрғыш арықша; 2-топырақты қабат; 3-жабын қабат; 4-жабындық төсем; 5-пеш.

Т о с қ а у ы л қ а л қ а, көлбеу қабырғалы демалуға ыңғайлы болу үшін, сол көлемдік алаңның бір немесе екі жағына қарай орналастырады. Суық мезгілде қос, ілмелі қалқан лашын үшін от жағылады (4-сурет).

Оңтүстік аудандарда күннің қызуынан, қорғануға көлегейлікке қолда бар материалдарды пайдаланады.

Ұзақ уақыт далалық жағдайда, ең ыңғайлы орналастыру–ж е р т ө л е пайдаланылады. Ол жерден қазылған қазан шұңқырлы типті, тереңдігі 2 м-дей екі немесе бір сусымалы болатындай етіп жасалынады. Олардың қабырғаларын тақтаймен қаптайды немесе басқа материалдарды пайдаланады. Жертөленің тамбуры екі есікті, оның қарама-қарсы жағында терезе болады. Биіктеу жерінде су ағарлық арықша жасалады. Егер жер суының шығуы тереңде болса, конденсат көлемі көп болса, су шұңқырын жасайды. Еденнен 0,5 м деңгейде нар жасап, демалуға қолайлылық тудырады. Жертөле жақсы қымталған және қарсыластың жаппай қырып жоятын қарудан (ЖҚЖҚ) қорғануға лайықты етіп жасайды.

Сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан қорғану үшін, өте жақсы сенімділік үшін және ауаның тұрақты температурасын сақтап тұру үшін (20-22 °С деңгейінде) жертөледе салыстырмалы түрде сарбаздар демалысына қолайлы етіп жасайды. Егер жертөле көлемі жағынан, тұрғындардың тұруы тығыз болса, ондадағы ауаның , СО2 мен су буының өтуіне мүмкіндік береді. Оған жертөледегі топырақ ауасының (егер сумен қаныққан болып, атмосфералық қысым төмендесе) СО2 –ң 3%, жиі ылғалдылық көлемді құрамда болса, төменгі температура конденсацияның түзілуіне барынша мүмкіндік береді, сондықтан жертөлені пайдалануда ондағы ауа желдеткішіне көңіл аударылуы керек.

Тұрғындық құрылыста, жоғарыда айтылғандай шаруашылыққа арналған құрылыстық орындар болады; ұзақ уақыт тұрақтағанда – далалық монша, әжетхана, қалдық төгетіндерге, жуындылық шұңқыр; ал аз уақыт тұрақтағанда – ас қалдықтарын төгетін төкпе орындары болады.

Далалық монша, тұрғын жертөлелерде де болады, ол оның едендеріне су ағыны үшін тақтайлар көлбеу төселеді, оған су астаулармен қазылған белгілі шұңқырға барады. Жабдықтардың – кәдімгі моншадағылардай, оның құрылысы жіберілуге ыңғайлы далалық моншаның сабынды суы, жуынғаннан кейінгі суға арналған сүзгілі ұстағыш шұңқырының бетіне шыршалы бұта, қамыс, шөп ағаштың жаңқалары төселеді.

Далалық д ә р е т х а н а о р ы н д а р ы , әскердің қысқа мерзімді қоныстану кезінде болады. Түнде қонатындарға және көптеп келетіндерге жеке далалық ор қазылып дайындалады. 30-40 адамға арналған далалық орлардың ұзындығы 1м, ені 0,3 м , тереңдігі 0,75м болып қазылады. Бір орындық ор 12-16 адамға арналып, жасалып жан-жағы қоршалады. Дәретхана орны тұрғын үйден 50 м-ден жақын болмауы керек. Дезодрация дәретхана орындары үшін шыбыннан қорғауға, оған қарсы күресуі қажет, оны екі рет күн бойы топырақпен жауып тастап отырады. Бұл ротадағы күндізгі кезекшінің міндеті.

Қ о қ ы с траншеяларға (ұзын ор) жиналады. Қоқысты залалсыздандыру ең жақсы жолы өртеу. Бірақ жағатын отынның жоқтығынан топырақпен көміп залалсыздандырады, қоқыс әр уақытта тасталатындықтан қайта көміліп отырады.

Аумақ төңірегіндегі тазалықты сақтау, рота кезекшілерінің тікелей бөлімінің міндеті, олар аумақты, лагеръ күтімін, толық ретке келтіруді қамтиды.

Орналасу ауданында , әскерді далалық қоныстандыруда, жағдайлы болу үшін д а л а л ы қ ф о р т и ф и к а ц и я л ы қ и м а р а т т а р пайдаланады.

Қайта ж а б ы л ғ а н с а ң ы л а у л а р, терең қазылған ордың элементтерінің бірі, оның тереңдігі 1,5 м, ұзындығы 3 м. Жабын құрылысына қолдағы бар материалдар қолданылады, жоқ болса орталықпен жабдықталатын материалдар пайдаланады. Тесіктің кіре берісі ойық ол плащ-шатырмен жабылады, ілмелі қалқан материалы қолданылады. Оның ішінде бір немесе екі жантайатын төсек немесе экипаж (жеке құрам), ал дөңбекті кесік бөлімі - ауа алмасатын желдеткіш қорап.

Б л и н д а ж ағаштық материалдар мен салынатын бума шөпшек немесе табельдік мүліктермен жабдықталады. Ол есік алды тамбуры, тамбурдан және негізгі бөлмеден тұрады, кіре берісі темір бетоннан жасалған қорғаныш- саңылаусыз берік есігі болады, ол кезде тамбур алды және тамбур болмайды. Жертөленің 8-15 адамға жасалған сәкі төсегі, дөңбекті кесік бөлігі, желдеткіш қорабы болады, қыста оған жылытатын пеш қояды.

Траншеяның (қазылған ор) алдыңғы жоғарғы бөліміне тамақ қояды, суды және азық-түлікті алдыңғы жағында сақтайды. Қабырғаларын қолдағы бар материалдармен қаптайды және сазбен майлайды немесе су өткізбейтін материалмен жабады, тесіктерін бітейді. Тұйық тарамдалған бөлігіне 15-20 м жақын емес әр взводқа 2-3-тен дәретхана жабдықтайды.

Жоғарыдан су өтпестей траншеяны қорғауға, жан-жағынан су жиналатын,суды ағызып тастайтын,су сіңіретін арықша,шұңқыр қазылады.Сазды жер болса траншеяның түбіне дренаж фашиннен немесе жердейденжәне тақтайдан төсеніш төсейді.

Өзінің атқаратын қызметіне қарай п а н а л у о р н ы әскерде – жеке құрамның қорғануына, арнайлылығы: командалық пункт, байланыс торабы, медициналық пункт, госпитальға арналған деп бөлінеді.

Гигиеналық тұрғыдан алғанда : ауаның (регенерациясы) бастапқы қалпына келуіне, желдеткішке және желдетілмейтіндерге деп барлық паналық орын үш түрге бөлінеді.