Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Г.11.09.13.docx
Скачиваний:
230
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
10.3 Mб
Скачать

Соғыс жағдайында гигиеналық қамтудағы медициналық іс- шаралардың ерекшелігі

Жауынгерлер әрекетінің түрлеріне байланысты, әскердегі гигиеналық қамтылу түрлері де шабуыл, жорық қорғаныс кезінде әр түрлі болады. Соғыс уақытында медициналық іс-шаралардың орындалуы, ережеге сай күнтізбелік мерзімде емес, әскери бөлімдердің жауынгерлік міндетті орындау алдында орындалады. Шабуыл мен марштың арасында гигиеналық қамтуда көп айырма жоқ, екеуінде де әскери әрекет бірдей, әскердің үзіліссіз қозғалысында бірдей жағдайда болады. Әскери бөлімдердегі шабуыл мен марштардағы медициналық гигиеналық қамтылу санитарлық-эпидемиологиялық барлауды өткізуге, әскерилердің еңбегін және сардарлар мен сарбаздардың демалысы да медицина қызметінің міндеті болып табылады. Шабуылдауда да медициналық-гигиеналық қамтылу, белгілі бір жүйелілікпен жүргізіледі.

Бөлімшенің медициналық қызметтегі бастығы шабуылдау кезінде командирдің бұйрығымен танысады, бригаданың шабуылдау картасын зерттейді, жергілікті жерге баға береді, оған қосымша өзінің қажеттілігіне қарай климаттық-географиялық және уақыт факторларын штаб бастығынан, тағы да жоғары лауазымды бастықтардан анықтама алады. Бригаданың міндетін түсінген соң, жалпы жағдайға баға береді, медициналық қызмет бастығының алдына тиісті гигиеналық іс-шаралардың қандай болу керектігін белгілейді, тағы да басқа қызметтегілермен келіседі. Бұған, ережеге сай командирдің тыл орынбасарлары, инженерлік және химиялық қызметкер бастықтары да қатынасады. Әдейі арнаулы, дивизияның (аумақтық) медициналық қызмет бастықтарымен де келісіледі. Одан басқа да медициналық қызметінің жетіспейтін мүліктерге тапсырыс береді.

Медициналық қызмет бастығы, медициналық қамтылулардың жоспарын жасайды, мысалы, шабуылдау мен марш кезінде оның негізгі бөлімдеріне медициналық қамтудағы іс-шараларды ендіреді, яғни, «медициналық қамтылудың кезеңдік дайындық » бөліміне, сол ауданға шоғырланған медициналық барлау болуы керектігін, су қоры болуын бақылайды, соған орай санитарлық-ағарту жұмыстары сәйкестендіріледі.

«Шабуылдың медициналық қамтылу » бөлімінде гигиеналық қамтудың мәселелерінің мазмұнын, үздіксіз барлауды өткізу, тамақтануды ұйымдастырудың гигиеналық бақылануының, тамақтану батальон пунктінің (ТБП) жұмысы, бөлімшелерге дайын азық-түлікті жеткізу; ТБП-ға сумен қамтамасыз етудегі гигиеналық бақылау, жеке құрамның жайластырылуы, демалысы, әскери қызметкерлердің жеке бас гигиенасын сақтау ережесіне бақылау жасалынады.

Әскери бөлімдердегі медициналық іс шаралармен қорғанысты қамту, ол тамақтану, сумен қамтылу, жеке құрамның қоныстану және еңбек жағдайы, демалысы санитарлық қадағалнуы ерекше бағытта болады. Медициналық қызмет бастығы, белгілі аумаққа ұзақ уақытқа келген әскери бөлімшенің мүмкіншілігін ескеріп, санитарлық жағдайындағы қиындыққа қарай оған өз көмегін тигізу керек, бөлім командирлеріне санитарлық ережелерді жеке құрамның паналайтын жерлеріне, қамалдық құрылыс пен терең қазылған имараттық құрылыс – командалық пункт, байланыс тораптарындағы тазалықты ұйымдасқан түрде санитарлық жағдайда ұстайды. Қалдықтарды шығару, ауру тасымалдайтын кемірушілермен күресу, сардарларр мен сарбаздардың денсаулығын сақтау, домбықтануға жібермеу, санитарлық ережелерді мұқият ұстау.

Қорғанудағы ең зор мәселе, су қорын дұрыс сақтау, ол үшін қажетті жағдайдың барлығын жасау.