Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Г.11.09.13.docx
Скачиваний:
230
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
10.3 Mб
Скачать

Маршпен жүрудегі гигиеналық қамтылу

Әскери саппен ж а я у м а р ш пен жүру, орманды, батпақ және басқа да қиындықпен өтетін аудандарда орындалады.

Саппен жаяу марш, жүру режиміне байланысты, жүріп өтудің ара қашықтығына және ширығу дәрежесіне қарай кәдімгі марш, жедел (форсированный) және жылдам өту маршы. Кәдімгі марштың тәуліктік жүру ұзақтығы орта есеппен 25-30 км, жылдамдығы сағатына 4-5 км, ал шаңғымен жүрсе сағатына 5-7 км. Жедел жүрудің тәуліктік өтуі сағатына 40-45 км тең. Ара қашықтығының төрттен бір бөлігі жаяу жүру арқылы өтеді де, қалғандары жайлап жүрумен өтеді. Жылдам жүру маршы (марш бросок) сағатына 5км аралықта өтеді, орташа жылдамдығы сағатына 8-9 км. Жылдам жүру, өз бетіменен жүру, егер бөлімше майдан шебіне жақын болғанда немесе марштың басқа түрлері аяқталғанда орындалуы мүмкін.

Берілген әскери міндет немесе нақтылы жағдайда марш аяқталарда тәуліктік дамылдау түрі оның ұзақтығы, дамылдаудың санына қарай ара қашықтығы анықталады.

Жүру режимі жарғы бойынша: бірі қысқа уақыт дамылдау 1 сағат сайын 10-15мин, одан ары әр 2-3сағат жүрген соң 20-30минут дамылдайды. Екінші тәуліктік жолбасында ұзағырақ дамылдаудың өтуі 2-4сағат, бірнеше күн жүрсе – демалыс бір күннің іші.

Батальон залалданған бөліктерді айналып залалдану дәрежесінің аз болуы үшін қысқа бағытта өте жылдам өтіп кету мүмкін еместігі, жеке сақтану құралдарын пайдаланады. Бөлшектеп арнаулы өңдеу өткізу, залалданған аудандардан шыққан соң толық өңделу үлкен дамылдау кезінде немесе демалу аудандарында өтеді.

Саппен жаяу жүру маршы, ол ауыр дене еңбегі, оған тәулігіне 4000 ккалл энергия жұмсалады. Оның әсерінен жүрек-қан тамыры функциясы және орталық нерв жүйесі және ас қорыту мүшесінің функциясы өзгереді, организмнің тез жылу бөлінуі ұлғаяды, нәтижесінде жылу алмасуы бұзылуы мүмкін.

Жүрек-қантамыры жүйесінің функциясының өзгеруі ол пульстың жиі соғуы және қан көлемін ұлғайтады. Шыныққан сарбаздардың минуттық қан көлемі ұлғаяды, ол пульс пен систола көлемінің, пульстің аз жиілігімен салыстырғанда, бір минутта 100 ден 120 ға дейін соғады.

Жаттықпағандарда аздаған систола көлемінің өзінде пульс бір минутта 160 рет соғады.

Өкпе вентиляциясының көлемі тыныштық күйінде өрістеуі 7-8 л кейде 20 және 1 минутта марш кезінде 50 л жетеді. Тыныс алу жиілігі 1 минутта 30-40 дейін жетеді. Саппен жаяу жүру маршы, басқа жүрістердегідей, жүріс түрлерінде денеге көп ауырлық түсіреді, ол уақытта көптеп жылу бөлінеді, бұның тиімді әдісі тер арқылы ылғалдың буланып шығарылуы. Марш кезіндегі шығын, судың жоғалуы тәулігіне 5-6 л, ал минералдық тұздар – шамамен тәулігіне 25 г құрайды.

Марштың гигиеналық қамтылуын жоспарлау іс шараларында, маршты ұйымдастыру сұлбасында медициналық қызмет бастығы екі кезеңді бөліп қарайды: дайындық және марштың аяқталу кезеңі.

Гигиеналық іс шаралар мазмұны басқа да бірқатар факторлардан әскери қызметкерлердің марштық жаттығу дәрежесін анықтайды. Марштық жаттығудың құрамы әскердің жауынгерлік дайындық бөлігін құрайды. Оның мақсаты – әскери қызметшілердің дене жүктемесіне төзімділігі және сыртқы ортаның қолайсыз факторларының марш соңындағы әсері.

Лагерді бөліп қоныстандыруда (бивуан) дамылдау және сол орындарды түнгі және күндізгі мазмұн ережесі 2 -тарауда айқындалған.

Тамақтану режимі: маршқа кіріспес бұрын 40-60 минут таңертеңгілік асты тойып ішу. Кірісу алдында таңғы 4-5 сағатта таңертеңгілік ас, ол бірінші немесе екінші дамылдауда ұйымдастырылады. Үлкен дамылдаудан соң, қысқаша демалыс беріп екінші таңертеңгілік ас, екінші тамақ (блюда) түрінде және шәй беріледі немесе консерві (колбаса) нан , шәймен қосып беріледі. Тамақтану БТП- те беріледі.

Маршқа дайындықта, әр сарбаз өзіне мән беріп аяқ киімін дұрыстайды, шұлығын жуып-шайып жақсылап кептіріп, тырнақтарын алып және шұлғауын ережеге сай орайды. Аяқ-киімі тым кең, тар болмауы керек. Тар немесе тым кең аяқ-киім аяқты қажайды. Жаяу жүру кезінде қозғалыс бірқалыпты адымдалуы белгіленген қарқында, күшін аздап пайдалануы керек. Жүргенде терең, мұрын арқылы тыныс алуы керек.

Медицина қызметкерлер, шектеулі іс шаралар, тамақ, су ішу режимі және рационалды демалу туралы әңгіме өткізуі керек.

Түнгі м а р ш әскер қозғалысының кең таралған бірден-бір тәсілдері. Қозғалыс жылдамдығы түнгі марш аяғында төмендейді , ол үштің-бірін құрайды. Үлкен дамылдау атқарылмайды.

Түнгі маршта жүктеме ауырлайды, ол ауыртпалық орталық нерв жүйесіне және көру аппаратына ерекше түседі. Оған туғызатын қиындық жан-жағын байқау, көру өткірлігі төмендейді, сыртқы кеңістіктегі заттарды қабылдаушылығы өзгереді (алыс не жақын көлемді болуы) және түнде түсті ажырату қабілеті жоғалады. Заттың қозғалыстық жылдамдығы дұрыс бағаланбайды. Үйренген жұмыс ритмі мен демалыс өзгереді, сонымен бірге жұмыс сезім әрекетке бой алушылық болады. Түнгі жүріс күндізгі жүріске қарағанда шаршатып жібереді.

Түнгі маршқа ұқсас жағдайда қар жауғанда, боран, жаңбыр, тұман түсуі шектеулі болғанда болса, көрінудің шектелуі байқалады.

Т а у л ы жердегі жүру маршы шығу және түсу, тар соқпақ. Тасты шөгінді, мұзды үйінді және қарлы жерлермен жүрудің қиыншылықтары болады. Аласа таулы жерлердің тығыздығы, отынның жоқтығы және қолда бар маршруттардың жоқтығы қиындықтарды аз түсірмейді. Таулы маршта үлкен қиындықтың бірі, ауа температурасының құбылмалығы, тұман, суық жел, күн сәулесінің тікелей радиациялық шағылысуы.

Сөйтседе, ең байыпты қиыншылық 2500-3000 м биіктіктегі оттегінің жетіспеушілігі (тау ауруы). Тау ауруында бас ауру, бас айналу, құлақтағы шу, жүрек соғуы, ентігу, терінің бозарып немесе көгеріп кетуі қабаттасып жүреді. Ауырлық жағдайда құсу, лоғу, есінен тану байқалады. Тау ауруын (биіктік) алдын-ала ескерту, тауда жүруде жаттығу үнемі жоғары биіктікке жүру,қозғалыстық режим ережесінде көрсетілгендей қосымша тоқтап демалып тау ауруының алдын-алуының бір шарасы.

Ультрафиолетті сәуледен күйіп қалмас үшін көзді қорғайтын қара шынылы көзілдірік кию.

Тау жағдайында тамақ пісіріп дайындауда қиыншылықтар кездеседі, ол отынның жетіспеушілігемен байланысты және сиретілген қысым жағдайында, көкөністерді пісіру ұзақ болады.

Таулы марш аяқталуында бір қатар факторлар, әсері мен ауыр дене жұмысының ауырлығы асақазан-ішек жолдарындағы секрецияның төмендеуіне әкеледі. Сондықтан, тұтқырлы каша (ботқа) құрамында суы аз дайын түрлі тамақтар, жеке құрамның тұтынуында ұнамауы мүмкін. Тауда тамақтануға лайықты концентрант, консервілер, ондағы көмірсуларының көлемін ұлғайту, дәмдеуіштер қолдану, жартылай сұйық блюда дайындау және құрамға жеткілікті су мен шай және сусындармен қамтамасыз ету.

Тауда жаяу саппен жүру тәртібінде –байсалды қозғалыс, біртекті және баяу қадам жасау жүрістері талап етіледі. Дамылдаудан, түсіп, шығудан өткен соң бөлімшелердің қозғалыс жылдамдығы және сонымен бірге шұғыл бұрылыстарда жүрістің жылдамдығын төмендетеді. Кіші дамылдаудан басқа 1-2 минуттық қысқа тоқтау, пульс пен тыныс алуды қалпына келтіреді. Дамылдауда тас, жар құламайтын орындарды таңдау керек. Таудағы жаяу саптағы марш қатарына, тау жағдайында (фоны) оттегінің кемдігі көп мөлшерде энергияның шығындануына әкеледі. Бұл қозғалыс кезінде, жолсыздық жағдайында, жылдам кесіп өтуінде, тауда сарбаздың артық азық-түлік, су, оқ-дәрі қорларының көптігі есебінен салмақтың өрістеуі – көп жүктерді тасымалдауды қажеттігінен туады.

Әскердің соғыс уақытында да барлық медициналық қамтылу әрекеті таудағы марштың гигиеналық қамтылуы бойынша сұлбада көрсетілгендей етіп құрастырады.

Таудағы автоколоннаның орташа қозғалу жылдамдығы төмен, сағатына 10-15 км-ге дейін, ал тәуліктік жол сапары 100-200 км-ге дейін.Ұзақтығына қарай ,қысқарту есебі тоқтап тұруының көбірек болуынан.

Т ө м е н г і т е м п е р а т у р а д а ғ ы қ о з ғ а л ы с. Әскердің, ауаның төменгі температурасындығы жүру іс-әрекеті қыстық қозғалысы, сонымен бірге суық аймақтар мен биік тауға душар болуынан. Осындай жағдайда, қозғалыс қиындығы ауаның төменгі температурасының әсер етуінен, суық жел, боран, жауған қар, қардық жамылғысының қалыңдығы, жолдардан қиын өту немесе жолсыздық, рабайсыз киім кешектер, төменгі температурадағы демалысты ұйымдастырудың қиындығының болуы. Жаяу қозғалыс жылдамдығы қардың қалың болғандығына қарай 0,3-0,5 м-мен сағатына 2 км, ал қар қалыңдығы 0,75 м-де сағатына 0,5 км. Жақсы жаттыққан шаңғышылар тәулігіне 80-100 км, орташа жаттыққандары 40-50 км-ден кем емес жол жүре алады.

Маршқа дайындығы нашар адамдар, қыстағы маршта тез шаршап қалады, онда жоғары дәрежелі энергия жоғалтады, ол шаңғышыларда 5000 калорияға жетеді

Қыста, марш ұйымдастырудың маңызды мәселесі демалу уақытында сарбаздың қозғалысының қысқы суықтығын қорғайды,

Мұндай мәселені шешу, жеке құрамға толық комплексті жылы киімдер, аяқ-киімдер, дұрыс пішілуі, құрғақ киімдер мен қамтамасыз етілуі. Қыстық маршта ара-қашықтығы, қыста жазға қарағанда қозғалыс төмендеу. Қозғалыс темпі (шапшаң)шапшаңдығы сарбаз денесінің қызып кетпейтіндей болуы қажет. Бас киімдерін әр 20-30 минутта ауыстыру, ал шаңғы қозғалыстарында әр 1 сағатта. Дамылдауды 5-10 минут тағайындайды, ал өте суық уақытта жүру шапшаңдығын азайтумен шектеледі. Дамылдау кезінде жатуға, демалуға рұқсат етілмейді. Тұрғын пунктерде түнеуге мүмкіндігі болмаса, әскерді қыстық лагерге бөліп жібереді. Оларға қойылатын негізгі талап жазғы лагердегідей, 2- тарауда айтылған, мазмұндалған.

Сарбаздың жоғарғы төзімділігі қыстық лагердің аяқталуына қарай ,пункты қыздыру, жылыту, уақытында ыстық тамақты ұйымдастырып берудің маңызы бар.

Барлық сардарлар мен сарбаздар үсіп кетпеу міндеттерін білу. Жол сапарында бір-біріне қарайласу, уақытында бет терілерінің, мұрын, құлақтары беттерінің бозарып кететінін алдын ала ескерту, өзара көмек, өзіндік көмек, қорғану. Егер үсіп кеткендей белгілер болса, тез арада санитарлық нұсқаушыларға немесе фельдшерге хабарласу. Олардың үсіген тері бөліктерін уқалау (массаж) керек. Жеке құрамның үсіп кетуін тоқтату, ескерту, қосымша аяқ киім, оның ұлтарағының болуы. Аяқтың терлеуі, үсікке шалдығуының алғы шарты. Сондықтан аяқты таза ұстау, жорыққа шығар алдында міндетті түрде тазалап жуу, шайыну.

А в т о м а ш и н а м е н қ ы с қ ы қозғалыс кезінде үсікке қарсы алдын ала ескерту шаралары мынандай: автомобильдің үстін сабанмен, шөппен, шыршаның бұтақтарымен немесе басқа материалдармен төсейді. Ашық автомобильдің қозғалысы кезінде барлық сарбаздар, қадағалаушылардан басқа,арқа жағынан жүру бағытына қарама-қарсы жаққа отырады және үстін плащ –шатырмен жабады. Дамылдау кезінде міндетті түрде ширатылу жаттығуларын жасау.

Кіші дамылдауда бөлімшелердің жүруінде автомобильде әрбір 1-1,5 сағаттық қозғалыста қайталап отыру. Марш уақытында дәрігер қозғалу тәртібін қарап отырады, үсіп кетуден сақтау үшін іс-шаралар жүргізеді, жеке құрамның денсаулық жағдайын әсіресе кім бақылауға алынғандары есепке алынып (пульс соғысы, тыныс алу жиілігі) отырады. Ерекше бөлігін есте сақтау, түнеуде ұйымдастыратыны: мүмкіндігінше жылына алу, киім және аяқ киімдерін кептірін, ыстық тамақпен қамтамасыз ету.

Ш ө л , д а л а ж е р л е р д е г і м а р ш . Әскерді шөлдегі марш аяқталуында, қиын климаттық жағдайға кездесуі мүмкін, судың жетіспеушілігі, жолсыздық ,қоныстану немесе демалудағы қолайсыз жағдайлар. Шөлде ауа температурасының күрт өзгерісі, құмды дауылдың соғуы. Қарқынды күн радиациясы, кез келген заттың бетінің 40-60 °С қызып кетуі және ыстық ауаның салдарынан организмнің қызуы. Осыған байланысты жеке құрамның гигиеналық қамтылуын жоспарлауда жылулық зақымдануды, мұрыннан қан кету, шараларын ескерту.

Ыстық және күн өтуін алдын - ала сақтандыру және жеке құрамның күшін сақтау қажеттілігіне, шабуыл алдында жеткілікті демалысы және үлкен асулардан өтуіде күннің салқын уақытын, пайдалану, уақытында дамылдауда киімді дұрыс қолдану, жеткілікті мөлшерде судың көлеміне ие болу және су ішу режимін бұзбау. Дамылдауды бастар алдында көлеңкелі, өзеннің жағасы және суатты жерлерде өткізу Қызып қалған жерлерден аулақ болған жөн. Дамылдау санының ұлғаюы, үлкен дамылдаудың уақытының ұзаруы.

Марштың аяқталуындағы ерекшелік шөлді далада сумен қамтылуы. Марш кезінде бөлімшелерді сумен қамтамасыз етуде жоспар құрылады, ол су көзі немесе сумен қамту пунктерінің ара қашықтығы жақын болуы,барлық сарбаздардың организміне керекті жеке су қорымен қамтамасыз ету. Бөлімшелер мен санитарлық автомобильдерде дербес күйіндегі су қоры жасалынады.

Жеке құраманың тамақтануы үшін, оларды шөлдетпейтін, ыстықта бұзылмайтын және көп мөлшерде су қажет етпейтін азық-түліктерді іріктеп алады. Тамақтанудың «аралас» режимімен өткізеді, ал тамақтануды күннің екінші жартысына аударады. Медициналық қызметтің негізгі көңіл аударатыны, тамақтың дайындалуы және сақталу ережелері. Ортаның жоғарғы температурасында, азық-түлікті және тамақты сақтау,ыдыстарды жууда нормадан аз мөлшерде сумен қамтылуы, азықтық токсикоинфекцияның тұтанып кету мүмкіндігі себепші болуы мүмкін. Көшпелі ас үйде ,тамақты құм және шаңнан қорғауды жақсы қамтамасыз ету.

Санитардық ағарту жұмыстарының бағыттары,жүріс кезінде қатаң сақтау ережесін түсіндіру , қыздырып жіберу және инфекциялық аурулардан қорғану профилактикасы ,күресу шараларының болуы қажет.