Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Г.11.09.13.docx
Скачиваний:
230
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
10.3 Mб
Скачать

IV.Жұмыс мазмұны және өткізу реті:

ТУФ-200 ашу және іске дайындау.

Дала жағдайындағы өңделген судың сапалы көрсеткіш әдістерімен анықталатыны: мөлдірлігі, түсі, иісі, дәмі, рН, азотты аммиак, азот нитриттері, қышқылдануы.

Уақытша тұтқырлығын анықтау.

Суды коагулянттар және хлорлы әкпен стандарттық дозамен өңдеу.

Хлорланған соң әр 30 минуттан кейін суды активті хлор қалдығын өңдеумен анықтау.

ТУФ-200 де суды өңдеу.

Суды өңдеудегі сапалық көрсеткішін анықтау.

Өңделген судағы хлор қалдығын анықтау.

Су өңдеуде судың хлорлы дозасын үш стакан көмегімен анықтау;

Орындалған жұмысты рәсімдеу есебі

V. Машықтану дағдылары:

ТУФ-200 көмегімен стандартты хлорлы әк және коагулянтты суды өңдей білу керек.Дала жағдайында қалыпты өлшемде хлормен суды хлорлау әдісін игеру.

VI. Оқу- зерттеу жұмыстары: Алынған мәліметтер негізінде бастапқы су сапасын жақсартудағы әдісті таңдау, өңделген судың сапсына баға беріп, ішуге, шаруашылыққа пайдалануға болатын мәселені шешу.

VII.Орындалған жұмыстың есебі:

Су сапасының көрсеткіші

Өңдеуге дейін

Өңдеуден кейін

Шрифт бойынша мөлдірлігі, см

Түстілігіі,градус

Иісі, балл

рН

Азотты аммиак ,мг/л

Азотты нитрит,мг/л

Тотығуы, мг/л О2

Уақытша қаттылығы

_________________________________________________________________

Суды хлорлау кезіндегі хлордың қалыпты дозасы______________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытынды (суды өңдеу әдісінің тиімділігін бағалау)______________________________________________

Далалық жағдайдағы су сапасының талаптарға сай келетін сапасын бағалау_____________________________________

________________________________________________________________

Оқытушы қолы:_________

Әдебиеттер: Беляков В. Д., Жук Е. Г. Учебное пособие по военной гигиене и эпидемиологии – М 1978. Военно-медицинская подготовка/Под ред. Ф. И. Комарова. – М., 1984

Жаппай қырып жоятын қаруды қолдану жағдайында тағам мен және сумен жабдықтаудың санитарлық- гигиеналық бақылануы

6- сабақ

1.Тақырыбы: Су мен тағамның радиоктивті және улы заттармен залалдануын зерттеу

II.Сабақтың мақсаты:

Жаппай қырып жоятын қару қолдануда тағам мен суды жабдықтауды ұйымдастырудың санитарлық-гигиеналық бақылануынан алған теориялық білімдерін бекіту. Азық-түлікті радиометриялық зерттеуді өткізу және ДП-5А рентгенометр көмегімен және РЛУ- 2 радиометриялық лаборатория және азық-түлік пен суды улы заттармен залалданғанын зерделеу.

III.Cабақтың өзіндік дайындық тапсырмалары:

  1. Тамақтың радиоактивті және улы заттардан залалдану мүмкіндігі мен жолдары;

  2. Су көздерінің радиоактивті және улы заттардан залалдану жолдары мен мүмкіндігі;

  3. ДП-5 А құрылысымен жұмыс істеу принципі;

  4. ДП-5А (рентгенометр) көмегімен су мен тағамды зерттеу әдістері;

  5. ДП-100 М құрылысымен жұмыс істеу принципі;

  6. РЛУ-2 (радиометриялық лаборатория қондырғысы) көмегімен тағам мен судың залалдануын зерттеу;

  7. Нақтылы уланған заттар (НУЗ)(ФОВ) –пен және ипритпен залалданған су мен азық-түлікті зерттеу әдістері;

  8. Радиоактивті және улы заттармен тағам мен судың залалсыздануы және дезактивация әдістері;

  9. Жаппай қырып жою қаруларын қолданғанда тағам мен суды жабдықтауда санитарлық гигиеналық бақылауды ұйымдастыру.