Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Г.11.09.13.docx
Скачиваний:
230
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
10.3 Mб
Скачать

Өзіндік бақылау және сабақты талқылау сұрақтары

1 Әскер қозғалысының мақсаты, гигиеналық іс-шаралардың қалыптастыруда, әскери бөлімдерде медицина қызметінің өткізілуі.

2. Қозғалудың негізгі тәсілін атаңыз және көрсетіңіз, оның айырмасы неден тұрады.?

3. Марштық қозғалыс деген не? ?Марштың қандай түрлерін білесіздер?

4. «Әскери тасымалдауға» нықтамалық түсінік бер және оның түрлері туралы айтыңыз.

5. * Марш кезінде туатын шаршау, қажу оның себептері қандай және профилактикалық іс-шараларды атау?

6. Ысып кету, қызып кету себептері қандай? Профилактикалық шараларды атау.

7. Марш кезінде су ішу режимі қандай болады?

8. Шайқалу деген не? Шайқалуды түсіретін заттарды ата.

9. Әскерді теміржолмен тасымалдаудын қолайсыз факторларын атаңыз, оның профилактикалық іс-шаралары.

10. Су көлігімен тасымалдаудағы қолайсыз факторды атаңыз. Әскер тасымалдаудағы медициналық гигиеналық қамтылудың қандай міндеттері бар?

11. Автомобильмен тасымалдау туралы айтыңыз және оның гигиеналық қамтылуын айтыңыз. Автомобильдік колоннаның қолайлы жылдамдық тәртібі қандай?

12. Жаяу сапта жүру маршына гигиеналық баға бер. Организмдегі физиологиялық өзгерісін санап шығыңыз. Гигиеналық қамтылуды қысқаша айтыңыз.

Әскери гигиенадан машықтану сабақтарына арналған жетекші нұсқаулық

Медициналық жоғарғы оқу орындардағы әскери кафедраларда өтетін әскери гигиеналық пән, соңғы жылдардағы білім және ғылым министрлігі, Қорғаныс министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен бағдарламаға сай жалпы білім беретін кафедраларда жалпы гигиена пән ретінде емес, әскери кафедраның өзінде өткізілуіне, кредиттік технология бойынша оқытылатындықтан, әскери гигиена пәніне теориялық және машықтану сабақтарына сай әдістемелік құрал ретінде, оқу бағдарламасының жоспарына сәйкестендіріліп әр факультеттерге (қоғамдық денсаулық сақтау, жалпы медицина және стоматологиялық) берілген сағаттық жүктеменің көлеміне қарай, әрқайсысына жеке машықтану сабағына арналған жетекшелік нұсқау ұсынылып отыр.

Жалпы әскери дайындық курс ішінде әскери гигиена бөлек пән ретінде берілген.

Әскери гигиена – медициналық қызметте алатын орны ерекше. Осы сала бойынша әр түрлі саладағы дәрігер дайындығының маңызы зор. Теориялық алаған білімінің машықтану сабағында өз жалғасын табады, үйрену, дағдылану, білімін арттыру өз мамандығын игеруде ұсынылып отырған оқу - әдістемелік құралында толық келтіріледі. Медициналық университеттерінде теориялық білімді студенттер бұрыннан жарық көрген орыс тіліндегі «Учебник военной гигиены » (авторлар Кратков Г.Ф.1962) және « Учебное пособие по военной гигиене и эпидемиологии» (Беляков В.Д., Жук Е.Г.,1978) оқулықтары негізінде алынады. Ал оқу құралы ретінде, қазақ тілді студенттері, оқырманы, тыңдаушылары үшін, қазақ тілінде бірінші рет ұсынылып отыр. Оқыту барысында, әскери кафедраның өзіне, осы пәндерді оқыту жүктелгендіктен, тек осы кафедраның ғылыми-техникалық, оқу құрал-жабдықтарының жетістігіне сүйеніп, сағат сандары да кеңейтіліп, оқытудағы көптеген жабдықтау мүмкіндігіне, қиындықтарына қарамастан кең көлемде жоғарғы курстарда оқытылуда. Осы оқу құралының, заман талабы, ғылыми-техникалық прогрестің дамуы,иновациялық технология негізінде білімді тереңірек меңгеруге лайықтап, бұдан кейін де кең көлемде оқыту белгіленіп отыр. Әсіресе, төменде көрсетілген факультет студенттері үшін әскери гигиенаның барлық тараулары машықтану сабағын нұсқау ретінде жүктемелік сағатқа қарай берілген.

Мұндай әдістемелік жетекшілік оқу нұсқауы негізінен машықтану сабағына арналған. Оқу құралында, сабақ өткізу мақсаты, өзіндік сабақты орындау, сабақ мазмұны, өткізу тәртібі, өткізілетін сабақтың дағдылық, біліктілігі, орындаған жұмыс нәтижесіне қарай есеп бере білу, берілетін өзіндік сұрақ жауаптардың реті, тәртібі, өткізілген әр сабаққа тесттік сұрақ,жауаптарды құрастыра білу және әр сабаққа арналған пайдалана алатын әдебиеттер, қазіргі уақыттағы ақпараттар құралдардың ретін (интернеттен )білуі де көзделген. Осы құрылымында, әскерилердің дала жағдайында орындалатын жұмысы, әдістері, байқау, бақылау, әскердің қоныстануы, тамақтануы, сумен қамтамасыз етудегі ерекшеліктері, әскердің еңбек жағдайында құрастырылған машықтану сабақтары өткізілу әдістемесі бойынша көрсетілген.

Жетекшілік оқу құралында, студенттердің барынша ынта-жігерін салып, белсенділік көрсете білуі және студенттердің оқу қарқындылығын көтеру дайындық кезінде ғана емес, сол сабақ үстінде де игере білу керек.

Оқытудағы бір ерекшелік, медициналық профилактикалық факультеті студенттерінің мамандығы, оқу сабағы сағатының көптігіне байланысты машықтану сабағы кеңейтіліп көрсетілген.

Әскери гигиена - оқуда, әскери дайындықта әр түрлі факторлар заңдылықтарын, әскери қызметкерлердің әскери әрекеттерімен, әскердің тұрмысын, организмді жақсартуы, денсаулығын сақтауы, оқу жаттығуда әскери қабілеттілігінің жоғары деңгейде болуын, қандай жағдайда болмасын әр уақытта дайын болуын қамтамасыз ететін ғылыми гигиена мен әскери медицина оқытады.

Әскери гигиена – ғылыми пән ретінде, тәжірибе көрсеткендей әскери медицинаның қажеттілігіне сай (бұл әскери гигиена), әскердегі аурушандықты дамытпау және оның алдын алуын қамтамасыз етеді және оған уақытында медициналық көмек көрсетеді.

Әскер гигиенаның негізгі мәселелерін, әскердің медициналық қамтылуын сәйкестік жасалған шараларды әскери гигиена медицинасы шешеді, оның ішінде аурудың алдын алуы негізгі сипаттағы мәселе.

Қарулы Күштердің жеке құрамның денсаулығының өзгерістік заңдылықтарына, алдын алу, жақсартудың әдіс-тәсілдері, іс-шаралары, әскери гигиенадағы негізі пән медициналық профилактика .

Әскери гигиенаның басты мақсаты- жауынгерлер мен сарбаздардың әскери қабілеттілігінің жоғары болуы оның негізгі ғылыми заңдылығы, әскери қызметкерлер деңгейіне табиғи орта факторларына байланысты анықталуы. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып, әскери бөлімдерде немесе корабльде матростар, сарбаздармен сардарлар денсаулығын қамтамасыз етуде бұл ең басты жауынгерлік әскери қабілеттілігін жоғарғы дәрежеде болуын қамтитын ережелер ұсынады.