Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Г.11.09.13.docx
Скачиваний:
230
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
10.3 Mб
Скачать

Әскердің автомобильдермен тасымалдануы

Әскерлік және армиялық аудандарда , бөлімлдерде, әскерді тасымалдаудың ең кең тараған түрі - автомобильдер, бронетранспортерлер мен әскери машиналар.

Автомобильдік колоннаны құрастырғанда ,автомобильдік бөлімшелер немесе топтық автомобильдер, белгілі бір маршрутпен жалғастырып жүретін,жалпы командованиямен орындалатын міндет.

Марштың орындалуы мен аяқталуының уақыты нақтылы жағдайға байланысты. Түнгі марш өте құпиялықпен, аз жауынгерлік шығынсыздық болуымен жүргізіледі, ол жеке құрамның көп шаршауына әкеледі, өте төменгі қарқында өткізіледі,бірақ жүргізушілер дағдысының жоғарғы дәрежелі біліктілігін , машиналарды жолға мұқият дайындалуын қажет етеді. Колоннаның орташа жүру маршы кезінде, қозғалу жылдамдығы түнде сағатына 30-40км, бір жүргізушіге шаққанда, тәуліктік автомобильдік колоннаның жүру жолының ұзақтығы 150-300 км . Тәуліктік уақытың бөлінуі: қозғалысы -10-12 сағат, тиеу-түсіру-3-4cағат, техникалық қызмет көрсету 1-2cағат, жеке құрамның демалысы 7-8 сағат.

Жеке құрамның демалысы және машиналардың жағдайын тексеру, дамылдау кезінде кіші, үлкен және күндізгі демалысты ұйымдастырады. Кіші дамылдаудың уақыт ұзақтығы 20-30 минут, әрбір 2-3сағатта ,қозғалыстан кейін бой жазу , тамақтану және су ішу , әрбір 1-2 сағатта, қозғалыс басталғанда кіші дамылдау ұйымдастырылады. Бастапқы тәуліктік көшіп, екінші жартысында, әр 6-8 сағаттан соң үлкен дамылдау, әр 2-4сағатта демалыс, ыстық тамақ ішу және ол уақытта бөлімшенің материалдық бөліктерін қарауға көңіл бөледі.

Жеке құрамды тасымалдауға арналған көлік тек таза, қажеттілігіне қарай дезинфекцияланған, отырғыштар және тентпен (күннен қорғау үшін құрылған қалқа) жабдықталған болуы керек. Автомашиналарды дайындауға автомобильдік қызмет бастығы жауап береді, машинаның ,отыратындар үшін бір адамға сол алаңның көлемі 0.27м² нормада есептеледі. Қазіргі автомобильдерге 21-35 адамдарды сиыстырады.

Автомобильдік тасымалдау кезінде, әскери қызметкерлер организміне көптеген қолайсыз сыртқы орта факторларының әсері болуы мүмкін (21-кесте), бәрін қосып айтқанда, мезгілсіз туындайтын шаршау, жауынгерлік қабілеттіліктің төмендеуі, тууы мүмкін. Ерекше көңіл бөлінетіні, ш ы ғ а т ы н пайдаланған газдан уланып қалмауын ескерту, оның болу себебін, газдың теріс әсері, машиналардың ара қашықтықтарының сақталмауы әсіресе, авто-мобильдердің баяу қозғалысы, тұрған кезде мотордың өшуі, әсіресе, орманды-таулы, сай, тоннелдік жолдарда, тынық, желсіз, қуалай соғатын жел болғанда, сонымен танктермен бірге жүрген уақыттарда.

Автомобильдік тасмалдауда орта факторының қолайсыздығы

және организм реакциясы 21 кесте

Сыртқы орта факторы

Организмнің мүмкіндік реакциясы

Күн радиациясы

Қызыну,фотофтальмия

Ауаның төменгі температурасы,қар,жауын

Дене суынуы,үсуі,салқын тиіп ауруы

Ауа қозғалысының қарқынды қозғалысы

Коньюнктивит,блефарит,көздің микро жарақаты

Техникадан шыққан газдар

Бас ауруы,бас айналу,құлақтағы шу әлсіздік және қалжырау

Шу

Көңіл күйдің түсуі,жақсы естудің төмендеуі,көңіл аударудың төмендеуі, құлақтағу шу,қажу

Шайқалу

Жеке бұлшық ет топтарының статикалық ауырлануы (тепе-теңдік қажеттілікті сақтаймын деп), қалыпты қан бөлінуінің бұзылуы ( ишемиялық ауру),кеуде клеткасының қысылуы және жеке нерв, ішкі мүшелердің ауысуы

Өзгерген бағыттағы аздаған ауыртпалық

Шайқалу- бас айналу, тұрақтылықтың, тепе-теңдіктің бұзылуы, құсу, лоқсу

Т е х н и к а л ы қ сұйықтардың буынан улану, жиірек улану, сонымен қатар олардың дененің ашық жерлеріне және сілемейлі қабықтарға түскеннен болады. Жанармай буынан жіті улану, ол ұзақ уақыт есінен айырылуына, егер зақымдалған адамға уақытында көмек көрсетілмесе өлімге әкеледі. Жіті уланудың барлық жағдайында жәбірленген адамдарды аймақтан аулақ алып кету керек.

Егер антифриз немесе тежегіштік сұйықтықты жұтып қойған жағдайда адамды құстыруы мүмкін, ондайда жедел түрде медицинадық пунктке жеткізу керек. Иісті газбен улануда жәбірленушіні таза ауаға шығарып нашатырь спиртін иіскету керек, ол кезде құсатын болса, медициналық пунктке жеткізу керек, тұншығып қалмайтындай шаралар қолданылады.

Автоколоннаның жол сапарында, жаппай қырып жоятын қарудан (ЖҚЖҚ) залалданған жерлерге өтіп кетуі мүмкін. Ондай жағдайда 21-кестеде көрсетілгендей, ЖҚЖҚ түріне жататын арнаулы факторлар қосылуы мүмкін.

Жеке құрамның жол сапарында тамақты арнайы бейімділік тәсілді пайдаланып консервілер және концентраттардан дайындайды немесе құрғақ сыбағамен тамақтанады. Әскерилерді автомобильдік жолдармен алып жүргенде тамақтану әскери азық-түлік пункттерінде іске асырылады. Кірісер алдында 1-1.5 сағаттан артық емес уақытта ыстық тамақ беріледі. Маршрутты барлау барысында, қозғалуда маршрутқа, тоқтайтын, аялдайтын, сонымен бірге су көзіне және тұрғындар пункттеріне, солар арқылы автоколонналар өтетіндерге санитарлық-эпидемиологиялық баға беріледі. Сумен жабдықтау және батальонның тамақтану пункті (БТП) қанат жаятын орнын анықтайды.

Маршрутпен жүретін жерлерде залалданған және санитарлық-эпидемиологиялық жаман халдегі аудандарға көзге көрінетін көрсеткіштері қамтылады. Бөлімшелердің пайдалануға арналған су көздерін қорғауға алады берілген жауынгерлік міндетке сай және медициналық қызмет бастығының баяндауымен бөлім командирінің барлаулық мәліметі бойынша және лауазымды қызмет иелері өз бұйрығында немесе қызметтік кеңесте, дайындық кезінде өткізілетін автомобильдермен жүру уақытында профилактикалық іс-шараларды анықтайды.

Жүру режимінің қойылуы: машиналар арасындағы ара қашықтығы 25-30м, жүру ұзақтығы және демалысы көрсетіледі. Жауынгерлік қабілеттілігін анықтап орындайды. Дамылдаудағы шаралар анықталады – ол денені жаттықтыру, жеке бас гигиеналық шараларында аяқтарын жуу, шайыну, суға түсу, киімін шаңнан тазалау.

Әскердің маршты іске асыруында қарсыластың жаппай қырып жою қаруларын қолданудағы ядролық жарылыс аймағында, радиоактивті бұлт іздерін немесе химиялық ошақтарды немесе бактериологиялық залал-дандыруды кесіп өту керек. Радиоактивті заттар (РЗ) улы заттар (УЗ), бактериологиялық заттар (БЗ) мен залалданған жерлерден, әскерде жеке қорғану (ӘЖҚ) құралдарымен – противогазбен, қорғаныстық жамылғымен, қорғаныстық шұлық, қолғаптармен жеңіп шығу керек. Машиналар шаңы аз жерлермен жүріс ара қашықтығында өтуі керек. Ол үшін, мүмкіндігінше жергілікті жердің аз залалданған деңгейін пайдалануы керек. Ондай жерлерді ескертпе белгілермен белгілеп қояды. Дәрігер, химиялық барлау және дозиметрлік бақылауы және дезактивацияның мұқият өтілуін, зарарсыз-дандырылуын, дезинфекциялануын білуі қажет.