Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Г.11.09.13.docx
Скачиваний:
230
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
10.3 Mб
Скачать

Әскерді сумен жабдықтаудағы санитарлық - гигиеналық бақылау

4 - сабақ

  1. Тақырыбы: Дала жағдайында сумен жабдықтаудағы табельді құралдармен зерттеу. Дала жағдайында суды зерттеу.

II. Сабақтың мақсаты:

Далалық және стационарлық жағдайда әскерді сумен жабдықтаудағы алған теориялық білімдерін бекіту.

Далада сумен жабдықтауда табельді құралдармен зерделеу.

Сумен жабдықтау пункттерінде су көздерін тексеруді және оған қортынды шығаруды пайдалана алатын мүмкіндігін ұйымдастыра алатындай болуы керек.

Дала жағдайында су сынамасына бақылау әдісін игеру керек.

III. Сабақтың өзіндік дайындалатын жұмыс тапсырмалары:

Стационарлық және дала жағдайында сумен жабдықтаудағы табельді құралдармен зерттеудегі санитарлық-гигиеналық бақылауды және дала жағдайында ұйымдастыру, су сапасын бақылау әдістерін игеру .

Бақылау сұрақтарына жауап дайындау:

  1. Стационарлық жағдайда әскерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру. Сумен жабдықтау нормасы.Су сапасына қойылатын талаптар.

  2. Дала жағдайында әскерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру.Су көзіне барлау, сумен жабдықтау нормасы.Су сапасына қойылатын талаптар.

  3. Сумен жабдықтау пункттері және су бөлетін пункттер .

  4. Пайдаланатын құдықтар және құрылыстық ережелер.

  5. Судың патогендік микрофлорамен ластануының жанама көрсеткіштері.

  6. Дала жағдайында су сапасын анықтау әдістері.

  7. Дала жағдайында сумен жабдықтаудың табельдік құралдары: су шығаратын құралдар,оның сапасының жақсы болуы,суды тасымалдау.

  8. Стационарлық және дала жағдайында әскерді сумен жабдықтауды бақылаудағы медициналық қызметкерлердің міндеттері.

IV. Жұмыс мазмұны және өткізу реті:

Далада сумен жабдықтауда табельдік құралдармен зерделеу.

Суреттермен, макеттерімен табельдік құралдар құрылысының принциптерін зерделеу. Суды алатын құралдар - ұсақ түтікті құдық (МТК-2); шнекті механикалық құдық (МШК-15); Су сапасын жақсартатын құралдар: маталы көміртекті сүзгіш (ТУФ-200); әскери сүзгілі станция (ВФС – 2,5); модернизацияланған автосүзгішті станция (МАФС -3); жылжымалы су тұщытатын қондырғылар (ПОУ-4); су тұщытатын станция (ОПС).

Суды сақтау және тасымалдау құралдары: су ыдыстары 12; 100;1500; 5000 литрлі (РДВ-12); су автоцистерналары (АВЦ-28,АВЦ-15); тіркемелі цистерна (ЦВ-50).

Құдықты пайдалануына қарай, құрылымын зерттеу және қорытынды беру.

Судың органолептикалық және физико-химиялық қасиетін анықтау (мөлдірлігі,түсі,иісі,дәмі,рН,азотты амиак,азотты нитрит,қышқылдануы, жалпы тұтқырлығы,хлорионы,темірионы).

Орындалған жұмысты рәсімдеу есебі.

V. Машықтану дағдылары:

ЛГ-1 және ЛГ-2- де салынған дала жағдайында су көздерінің сапасын зерттей білу және анықтау әдісін игеру.

VІ .Оқу-зерттеу жұмыстары:

Алынған мәліметтер негізінде, бастапқы су зерделенгенде оның пайдалануға жарамдылық мәселесі шешіледі, ал сапасын жақсарту қажеттілігіне қарай әдістер қолданылады.

Орындалған жұмыстың есебі:

  1. Су сынамасын алу, уақыты және орны,көлемі____л

  2. Шрифт бойынша мөлдірлігі _____ см

  3. Түсі _____ градус

  4. Иісі _____ балл

  5. Дәмі ____ балл

  6. рН ______

  7. Азотты аммиак ______ мг/л

  8. Азотты нитрит ______мг/л

  9. Тотығуы ______ мг/л О2

  10. Судың тұтқырлығы _______ мг-экв/л

  11. Хлор ионы ________ мг/л

  12. Темір ионы ________ мг/л

  13. Құдықтың қолайлылығы, оңтайлы пайдаланылуы және санитарлық

жай күйіне қорытынды____________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________

Сумен жабдықтауда құдықты пайдалану мүмкіндігі және сапасы туралы қорытынды________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқытушының қолы_________

Әдебиеттер: Беляков В. Д., Жук Е. Г. Учебное пособие по военной гигиене и эпидемиологии – М 1978. Военно-медицинская подготовка/Под ред. Ф. И. Комарова. – М., 1984.

5 -сабақ

1. Тақырыбы: Далада су сапасын жақсартудағы санитарлық- гигиеналық бақылау.

II. Сабақтың мақсаты: Табельдік құралдар көмегімен суды өңдеудегі студенттердің теориялық алған білімін бекіту.

ТУФ-200-бен жұмыс істеу және құрылысын зерделеу.

Су сапасын жақсарту үшін стандартты реагент фазасымен комбинациялық әдіспен өңдеу.

Дала жағадайында суды қалыпты хлор дозасымен хлорлауды білу, зерделеу.

Ш.Cабақтың өзіндік дайындық тапсырмалары:

ТУФ -200 жұмысы және жұмыс істеу принципі.

Бақылау сұрақтарына жауап дайындау:

1. Дала жағдайында су сапасын жақсарту әдістері. \

2. ТУФ-200 жұмысы және жұмыс істеу принципі.

3.Көп дозалы хлордан суды залалсыздандыру және дала жағдайында суды пайдалану әдісінің кемістігі мен жетістіктері.

4.Қалыпты хлор дозасы мен суды зарарсыздандыру әдісі: дала жағдайында суды пайдаланудағы жетістіктері мен кемшіліктері.

5.Стандарттық жағдайда доза реагентінің су сапасын жақсартудағы біріккен әдістері мен дала жағдайындағы жетістіктері.

6.Үш стаканның көмегімен далалық жағдайда судағы хлор дозасын анықтау.

7.Суды консервілеу.

8.Пантоцид және дихлоризоцианур қышқылы таблеткаларымен су қорын залалсыздандыру.

9.Құдықтағы суды зарарсыздандыру әдістері.