Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Г.11.09.13.docx
Скачиваний:
230
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
10.3 Mб
Скачать

IV. Жұмыс мазмұны және өткізу реті:

  1. Далада сумен жабдықтауда табельдік құралдармен танысу.

  2. Суды алатын құралдар - ұсақ трубкалы құдық (МТК-2); шнекті механикалық құдық (МШК-15); жер асты суын алатын қондырғыны (УДВ-15) орнату;

  3. Cу сапасын жақсартатын құралдар: маталы көміртекті сүзгіш (ТУФ-200); әскери сүзгілі станция (ВФС – 2,5); модернизацияланған автосүзгішті станция (МАФС -3); жылжымалы су тұщытатын қондырғылар(ПОУ-4); су тұщытатын станция(ОПС).

  4. Суды сақтау және тасымалдау құралдары: су қоймасы 12;100;1500;5000 литрлі (РДВ-12); су автоцестерналары (АВЦ-28,АВЦ-15); тіркемелі цистерна (ЦВ-50).

  5. Құдықты пайдалануына қарай құрылымын зерттеу және қорытынды беру.

  6. Судың органолептикалық және физико-химиялық қасиетін анықтау (мөлдірлігі,түсі,иісі,дәмі, рН,азотты амиак,азотты нитрит, қышқылдануы,жалпы тұтқырлығы,хлор ионы,темір ионы).

Орындалған жұмыстарды рәсімдеу есебі.

V. Машықтану дағдылары:

ЛГ-1- де салынған дала жағдайында су көздерінің сапасын зерттей білу және анықтау әдісін игеру.Хлордың қалыпты дозамен хлорлау әдісін игеру.

VІ .Оқу-зерттеу жұмыстары:

Алынған мәліметтер негізінде, бастапқы су зерделенгенде оның пайдалануға жарамдылық мәселесі шешіледі, ал сапасын жақсарту қажеттілігіне қарай әдістер қолданылады.

Vп Орындалған жұмыстың есебі:

1.Су сынамасын алу уақыты және орны,көлемі____л

2.Шрифт бойынша мөлдірлігі _____ см

3.Түсі _____ градус

4.Иісі _____ балл

5.Дәмі ____ балл

6.рН ______

7.Азотты аммиак ______ мг/л

8.Азотты нитрит ______мг/л

9.Қышқылдануы ______ мг/л О2

10.Судың қышқылдануы _______ мг-экв/л

Сумен жабдықтауда құдықты пайдалану мүмкіндігі және сапасы туралы қорытынды_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқытушының қолы__________

Әдебиеттер: Беляков В. Д., Жук Е. Г. Учебное пособие по военной гигиене и эпидемиологии – М 1978. Военно-медицинская подготовка/Под ред. Ф. И. Комарова. – М., 1984.

Әртүрлі бөлек әскери саладағы еңбек жағдайының гигиеналық бақылануы

4- сабақ

I.Тақырыбы:Әскери ракеталық және радиотехникалық бөлімінде еңбек жағ-дайын санитарлық-гигиеналық бақылауды ұйымдастыру.

II.Сабақтың мақсаты:

  1. Әртүрлі әскери саладағы еңбек жағдайының санитарлық гигиеналық бақылауды ұйымдастыру және еңбек жағдайы туралы алған теориялық білімдерін бекіту.

  2. Ауада және жұмыс орындарында стационарлық және экспресс-әдісі арқылы ракеталық отынның концентрациялық компонентін анықтау.

  3. Олардың зиянды әрекетінен сақтану нұсқауларын жасау. құрал саймандық және есептеу әдісіменен АЖЖ сәулеленуінің қарқындылығын және оның зиянды әрекеттерінен қорғану нұсқауларын жасау, зерделеу.

  4. АЖЖ сәулелену жұмыстарынан дербес қорғану құралдарын қолдануы мен танысу.

  5. Жеке құрамның физиологиялық қалпына зиянды факторлардың әсерін және жұмысқа қаблеттілігін бағалай білуі керек және әскерлер еңбегінің жағдайын жақсартуға ұсыныс жасай білу.

ІІІ. Сабақтағы студенттердің өзіндік дайындаудағы тапсырмасы

Әртүрлі әскери саладағы еңбек жағдайыдағы әскердің санитарлық -гигиеналық бақылауын ұйымдастырып ,жеке құрамдағылардың денсаулығына зиян келтіретін факторлар әдісін анықтау.

Бақылау сұрақтарының жауаптарын дайындау:

  1. Әртүрлі әскери саладағы еңбек жағдайының жалпы cипаттамасы

2. Ракета әскерлеріндегі еңбек жағдайы

3. Радиотехниклық әскеріндегі еңбек жағдайы

4. Еңбек жағдайына байланысты зиянды факторлар әрекетінің профилактикасы

5. Жеке және ұйымдық қорғану құралдары.

6. Азотты тотық пен көміртегі тотығын анықтау әдісі (NO2,CO2)..

7. АЖЖ –гі сәуленің қарқындылығын анықтау .

8. Әртүрлі әскери саладағы жеке құрамның тамақтануы және еңбектену жай күйі, денсаулығын сақтаудағы медицинаық бақылау ерекшеліктері.

ІV.Сабақты өткізу реті және мазмұны:

  1. Ауадағы азот тотығының стационарлық жұмыс бөлмелерінде әдістері арқылы анықтау.

  2. УГ-2 газоанализаторы мен жұмыс істеу.

  3. Ауадағы көмір тотығының стационарлық жұмыс бөлмелерінде әдістері арқылы анықтау.

  4. ПО-1 «Медик» құралымен жұмыс істеу.

  5. АЖЖ сәулелену қарқындылығын өлшеу.

  6. АЖЖ сәулеленуін есептеу.

АЖЖ сәулеленуден қорғанып пайдалануда қалқандық (экран) материалды зерделеу.

Ракеталық отындар компонентімен және АЖЖ сәулеленуді пайдалануда дербес қорғаныстық құралдарымен танысу.