Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Г.11.09.13.docx
Скачиваний:
230
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
10.3 Mб
Скачать

Ұрыс алаңдарын санитарлық тазалау

Ұрыс алаңдарын санитарлық тазалау соғыс жағдайында, техникалық мәселені шешіп, әсіресе, жаппай қырып жоятын қаруды қолдану көзі бар кезде, қазіргі заманғы ең маңызды мәселе, шешуі оңай емес мәселелер. Ұрыс алаңдарындағы санитарлық тазалау ол санитарлық материалдармен қауіпті заттарды залалсыздандырумен шығарып тасталуы, оның ішінде жаралы өліктерді жинап жерлеу және мәйіттерді жерлеу.

Бөлімше командирінің қарарымен арнаулы команда ұрыс алаңдарына санитарлық тазалау жасайды. Медициналық қызметкерлер өкілдерінің негізгі міндеті:

  1. Өліктерді бригаданың медициналық ротасынан көметін жерге жіберу алдында медициналық тексеріс өткізіледі;

  2. Арнаулы комбинезонмен, жұмыс киімдерімен, қолғаптарымен, алжапқыштарымен киінген команда мүшелері мәйіттердің бақылануын байқап, жинастырады.

  3. Соғыс алаңындағы санитарлық қауіпсіздік үшін (төселген, таңылған материалдарды, жыртық киімдер т.б.), өртеу алдында тексеріледі, снарядтардың жарықшақтарын, қалдықтарын жинайды.

  4. Әскери қызметкерлер жерлеу орнын таңдайды, ұрыста өлгендерді (су және жаңбыр суы, көктемгі тасқын сулардан қорғау мақсатында биіктеу су алмайтын құмды сазды топырағы бар желденуге ыңғайлы күн түсетін беткейлерге) жерлейді.

Команда бастықтарымен жерлеудегі медициналық қызметкерлермен бірігіп мәйітті жерлеуге көрдің көлемін, қазылуын мәйітті жерлеуін анықтайды (жер асты суларының тереңдігі 0,5м-ден жоғары жер бетінен 1,5м тереңдікте, аралары 30-40 см етіп, көр қазылып жерленгеннен кейін биіктігі 0,5м көміліп бетін жауып, тас төсеп көрдің жан-жағын су және ағынды су өтіп кетпейтіндей ескерме арықтар жасалады). Санитарлық дезинфекциялық іс-шаралар ұйымдастырылады, санитарлық құжаттар толтырылады, көмілген моланың картасы түсіріледі, белгілі бір ретпен санитарлық іс шаралар баяндалып жазылады, ол бригада дәрігерінің атынан орындалады.

Өзіндік бақылау және сабақты талқылау сұрақтары

  1. « Казармалық және далалық қоныстандыру» туралы түсініктің мазмұнын

ашыңыз. Қоныстанудағы гигиеналық қамтылудың міндеттері қандай?

  1. Далалық қоныстандыруда әскери бөлімнің қандай қызметкерлері қатынасады және сардарлар мен сарбаздардың қатынасы қандай. Медициналық қызметкерлердің міндеттері қандай?

  2. Әскери қоныстандыруда гигиеналық қамтылудың орындалу ерекшелігі және

далалық қоныстандырудың тәсілдерін атаңыз.

  1. Далалық қоныстандырудағы пайдаланатын имараттардың гигиеналық

сипаттамасын беріңіз.

  1. Далалық жағдайдағы шаруашылық құрылыс қалай және немен

жабдықталады?

  1. Әскери далалық қоныстануда қандай фортификациялық имараттар

пайдаланылуы мүмкін?

  1. Әскери паналық орындардың атын және оның гигиеналық бағалануын

атаңыз.

  1. Әскери құрамның ұзақ уақыт паналық орында тұру ерекшеліктерін атаңыз

  2. Әскри паналық орындардың санитарлық нормасын атаңыз

  3. Әскери паналық орынға қоныстанған 100 жарақаттанған ауру адамдарға

қандай көлемде желдету болады, яғни бір сағат ішіндегі ауа көлемінің саны?

  1. Желдетілмейтін 32 м³ көлемдегі 18 адамның тұру ұзақтығы қандай, егер бір

адамның 20 л/с шығарылатын ауасы болса , ол ауадағы 3% СО2

концентрациясының жіберілу шегі және саны қандай?

  1. Жеке құрамның монша және жуыну қызметін атаңыз, ондағы медициналық

қызметтің міндеттері қандай?

3 – т а р а у