Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Г.11.09.13.docx
Скачиваний:
230
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
10.3 Mб
Скачать

Су көздерін барлау және гигиеналық баға беру

Су көздерін табу және анықтау мүмкіндігін пайдалану кезінде б а р л а у жасауды, инженерлік шолғыншылар жүргізеді. Шолғыншылар құрамында медициналық қызмет мамандары болады. Олардың негізгі міндеттеріне: су қойма көзін табу, көлемі, орналасқан жерін және санитарлық жай-жағдайын, ішетін су жарамдылығын анықтау кіреді. Лабораториялық сынама алады, су көздеріне техникалық баға береді, су қорын анықтайды, қажеттілігіне қарай жөндейді, құрал-саймандармен жабдықтауды да ескереді.

Жергілікті жердегі су көзін зерттеу,төңірегін қарап шығу су сынамасы туралы көптеген мәліметтер береді. Тексеріп шыққанда судың уланбаған-дығынын, қосымша белгілерін, иісін байқайды. Қышаның, сарымсақтың, қазотының, ащы бадамдардың иісі және татымылдылығы (ащы,металды, уылдыратын дәм); жағымсыз ,суға тән еместігі; майлы су бетінің қалқымасы, су бетіндегі май тамшысы; су көздерінің бетіндегі өлген балықтардың болуы.

Су көздерін толық мұқият далалық жағдайда зерттеу, ол санитарлық су бағасын берудегі жұмысты жеңілдетеді. Жергілікті жердегі суды зерттеу, су сынамасын лабораториялық сынаманы алумен аяқталады. Су сынамасын су бетінен және су түбінен барометрмен алады. Сынама су көлемі 2 литрден кем болмауы керек.

Әскерді сумен қамтамасыз етуде, шаруашылық және техникалық қажеттілігі үшін суды, су бетінен және жер асты көздерінен алады, атмосфералық су алаңынан, ал солтүстік аудандарда мұз , қар алынады.

Су көздерінің қауіпті радиоактивті немесе улы заттарымен ауру қоздырғыш бактериялармен залалдануы мүмкін. Радиоактивті заттардың су көздерінің бетінде, уақыт өткен сайын азаюы, су қоймаларына залалданбаған табиғи судың түсуінен болуы мүмкін, су түбіне радиоактивті бөлшектердің және радиоизотоптардың сорылуынан су түбінің тұнбаларының түзілуінен болады.

Уландыратын заттардан, суда жақсы еритін жоғарғы токсикалық және химиялық тұнба заттарының түсуі қауіптілік тудырады. Мүмкін суға иприт тұрақты уландырғыш және т.б. уландыратын заттарды түсетінінен де залалданады. Ақпайтын су көздерінде өте қауіпті тұрақты уландырғыш – иприттің артық концентрациясы ,олар бірнеше сағат бойы сақталады, зарин- ол бірнеше тәулікке дейін сақталады.Ағынды су қоймаларындағы қауіпті залалдандырғыштар бір тәуліктен аспайды. Су қоймасы бетіндегі, мұз және атмосфералық тұнбаларда ауру тудыратын бактериялар мен залалдануы мүмкін. Мысалы: холера, маңқа, іш сүзегі, су безгегі, жалған туберкулез, инфекциялы гепатит, туляремия, сонымен бірге күйдіргі және ботулизм спораларымен залалдануы мүмкін. Патогенді микроорганизмдердің кейбір түрлері ұзақ уақыт, жылдап су көздерінде сақталуы мүмкін. Су көздерінің беткі бетінен, қар, жаңбыр суын қолдануында да шаруашылық қажеттілігіне тек өңдеуден және лабораториялық анализден соң ғана,рұқсат етіледі. Өзен , бұлақ, аумақтарында ағып жататын, қарсыластар тұрған жерден соңғы орындарда, әскерді қамтитын суды қолдануға жарамсыз, қолдануға болмайды.

Жерасты судың сапасы оның санитарлық жағдайы жергілікті жердің мекен ортасына байланысты болады. Тұрғын пункттегі жерасты суы таяз жерде болса, одан топтанған әскердің залалдануы мүмкін.Жерасты суы тереңдеу болса, оның жер бетіне шығуы да, беткі топырақпен жанасуы қиындау. Бірақ сумен ластану мүмкіндігі жеткілікті мөлшерде жоғары болады. Сондықтан, жерасты суы терең емес шахталы құдықтан алынған, су ішетін немесе шаруашылық қажеттілігіне алынатын болса, оны тазалауға және залалсыздандыруға тура келеді.

Қарсыластар тастап кеткен аумақтағы құдық, олардың пайдаланған су құбыры ішуге – шаруашылық мақсатта қолдануға, тек лабораториялық тексеру мен соған лайық өңделген соң ғана пайдаланылады. Жерасты суы жер орнының шөгінді қабаты су өткізбеуге сенімді болғандықтан ластанудан сақтайды және қолданысқа тазаламай-ақ жаратуға болады.

Әскерді сумен қамту кезінде іріктеуде артезиандық суды шаймалайды, бұлақ көзі және бұлақты одан соң жер асты суының да су көзін ашады. Жоғарғы су көзінен су алып ішу, шаруашылыққа, керек сумен қамтылуы ең соңғы кезекте болады. Осындай жағдайда пайдаланылатын су көзі өте қатаң бақылануы қажет.

Далалық жағдайда, Ұлы Отан Соғысы кезінде ,1941-1945 жылдарында анық болғандай, елеулі шахталық және түтікті құдықтарды, яғни су асты суларын пайдаланған.