Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ бух учет.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
06.11.2019
Размер:
1.55 Mб
Скачать

Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарының синтетикалық шоттары топтарының тізбесі

1өлім . Қысқа мерзімді активтер

2 бөлім. Ұзақ мерзімді активтер

3 бөлім. Қысқа мерзімді міндеттемелер

4 бөлім. Ұзақ мерзімді міндеттмелер

5 бөлім. Капитал мен резервтер

6 бөлім. Кірістер

7 бөлім. Шығыстар

8 бөлім. Өндірістік есепке алу шоттары

8. Синтетикалық және аналитикалық есеп.

Жалпы бухгалтерлік есеп шоттары одан алынатын ақпараттардың түріне және мәліметтермен қамтамасыз етілуіне қарай жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық) деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шот негізінен бухгалтерлік баланстың баптары негізінде ашылады. Бұл шот арқылы белгілі бір мүлік немесе қорлану көздері туралы жалпылай ақпарат алуға ғана болады. Сондай-ақ шоттың бұл түрінде объектілер тек қана ақшалай өлшеммен көрсетіледі.

Мысалы, дайын өнім деп аталатын шотқа қарап отырып кәсіпорынның барлық өндірген, жасап шығарған бұйымдарының ақшалай өлшем түріндегі өзіндік құнын көре аламыз. Сондай-ақ отындар деп аталатын шотқа қарап отырып ұйымдағы қолда бар отын қалдығының сомасын ғана көруімізге болады.

Бірақ бұл жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттардағы мәліметтер кейде кәсіпорынды тиімді басқару барысында жеткіліксіз болады. Өйткені ұйымдағы басқарушы немесе осы шоттағы мәліметтерді пайдалану арқылы шешім қабылдаушы адамға жоғарыдағы мысалда қарастырылған дайын өнімнің қанша түрлі өнім екендігін, оның ішінде әрбір өнімнің санын және оның бір данасының бағасын білу қажет болуы мүмкін. Сондықтан бухгалтерлік есепте жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттармен қатар талдамалық деп аталатын шоттар да қолданылады. Негізінен талдамалық шот жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттардағы мәліметтерді толық және жан-жақты ашып көрсетуге арналған. Есепке алынатын объектілер бұл шотта өздерінің түрі бойынша ақшалай өлшеммен және заттай өлшеммен есептелініп жүргізіледі.

Мысалы: «ККК» фирмасының есепті кезең басындағы дайын бұйымдары А-түрлі өнімі - 10000 (он мың) теңгені, Ә-түрлі өнімі 5000 (бес мың) теңгені құрайды. Есепті кезең барысында 25000 (жиырма бес мың) теңгенің А-түрлі және 15000 (он бес мың) теңгенің Ә-түрлі бұйымдары өндіріліп шығарылды. Сонымен қатар осы кезеңде 20000 (жиырма мың) теңгенің А-түрлі және 10000 (он мың) теңгенің Ә-түрлі өнімдері сатылды.

Кәсіпорындар айналым тізімдемесін талдамалық және жинақтамалық шоттар бойынша бөлек жасауларына да болады. Негізінен талдамалық шот бойынша құрастырылған айналым тізімдемесі жинақтамалық шот немесе субшоттарда есептелетін мүліктер, дебиторлар мен кредиторлардың түрлері бойынша жүргізіледі. Мүліктер бойынша жасалған айналым тізімдемелерінде мүліктердің сомасымен қатар заттай саны да көрсетіледі.

Жинақтамалық және талдамалық есеп жүргізудің дұрыстығын тексеру үшін талдамалық шоттар бойынша жасалған айналым тізімдемесінің бастапқы және соңғы қалдық сомаларын, сонымен қатар кірісі мен шығысының сомаларын жинақтамалық шоттар бойынша айналым тізімдемесіндегі мәліметтермен салыстыру керек. Бұл екі тізімдемесіндегі бастапқы және соңғы дебиттік, сондай-ақ кредиттік қалдық сомаларының және айналым сомаларының өзара тең болуы жүргізілген талдамалық және жинақтамалық есептің теңдігін растайды. Бұл кәсіпорынның тауарлық-материалдық қорының сақталуына және дебиторлар немесе кредиторлармен есеп айырысуына бақылау жасауда үлкен рөл атқарады.

Кәсіпорын өз қызметінің айналымы туралы бұдан да толығырақ мәліметті шахматтық айналым тізімдемесін қолдану арқылы ала алады. Тізімдемесінің бұл түрі операциялардың мазмұнын ашуға және шот корреспонденциясының дұрыстығын тексеруге қызмет етеді. Жалпы бухгалтерлік есепте шоттардың дебиттік айналым сомасы тең болуы қажет. Бұл теңдік шоттардағы екі жақты жазу принципімен қамтамасыз етіледі.

9. Ағымдағы активтер есебі: ақша қаражаттары мен олардың. эквиваленттері.

Барлық кәсіпорындар нарықтық экономикада басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізгенде мыналарды басшылыққа алу керек:

  • Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезінде есептеу;

  • Кәсіпорындар мен ұйымдарға ақшалардың түгелділігін және олардың тиімді пайдалануын бақылау;

  • Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорын ақшаларының кіріске алынуы мен шығыс етілуін дұрыс есептеу.

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделігіне байланысты маңызды мәселе болып саналады. Бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорындар мен ұйымдардың бүгінгі күннің талабына сай, алдағы уақыттарда дамуына қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін талап етеді. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет.

Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады.

Ақшалар баламалары (эквиваленті) – бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелетін активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді. Ақша баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу құралдары ретінде қарастырудың қажеттілігі де жоқ. Көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың меншігіндегі пошта маркалары, алынған вексельдер, жұмысшылар мен қызметкерлерге іс-сапар шығындары үшін аванс ретінде берілген сомалары, жұмысшылар мен қызметкерлердің басқадай дебиторлық қарыздары ақшалар қатарына жатқызылмайды. Оларды бухгалтерлік есепте дебиторлық борыштар бөлімінде есептейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]