Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ бух учет.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
06.11.2019
Размер:
1.55 Mб
Скачать

28. Аудиторлық қорытынды, оның түрлері мен құрамы

"Аудиторлық қызмет туралы" заңның 15—бабында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудитгің нәтижелері бойынша аудит стан-дартгарына сәйкес болуға тиісті аудиторлық қорытынды есеп жаса-лынады.

Қазақстан Республикасында аудиторлық қорытыңды есепті құруға негіз болатын нормативтік құжаттар: 700 "Каржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп", 710 "Салыстырмалы көрсеткіштер", 800 "Арнайы мақсаггағы аудитті өткізуге келісімдер бойынша аудиторлық қорытыңды есеп" деп аталатын Халыкдралық аудит стандарттары. 700 "Каржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытын-ды есеп" деп аталатьш Халыкэралық аудит стандартында аудитордың шолу жасауы және қаржылық қорытынды есепке қатысты пікір білдіруге негіз болып табылатын алынған аудиторлық дәлелдеулер бойынша жасалынған қорьпыңдыларды бағалау кэрастырылады /56/. Аудиторлық қорытывды есепте жалпы қаржылық қорытыңцы есеп беру бойынша анық жазбаша пікір білдіру болуға тиісті /57, 58/. Сон-дықтан білдірілетін пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қорытындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:

  • ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды;

  • ескертулері бар (шартгы) аудиторлық қорытынды;

  • аудиторлық қорытьшды беруден бас тарту;

  • теріс аудиторлық қорытынды.

Аудиторлық қорытындының қурылымы мынадай элементтерден тұрады: қорытынды есептің аты (атауы), адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масштабын анықтаушы бөлім, қорытынды бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың (аудиторлық үйымның) мекен жайы, аудитордың қолы. /56/.Қорытынды есептің аты (атауы). Аудиторлық қорытынды есептің тиісті атауы болуға тиісті. Аудиторлық қорытынды есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директорлар кеңесі сияқгы басқа да түлғалар жасауы мүмкін қорытынды есептердің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор бас-шылыққа алатын этикалық принциптерді басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудиторлардың қорытынды есептерінің арасындағы айырма-шылықгарды белгілеп көрсету үшін оның атауында "Тәуелсіз ауди-тор" деген терминді пайдалануға рұқсат етіледі.

Адрес иесі (Адресат). Аудиторлық қорытьшды есеп жергілікті ере-желер мен келісім-шарттардың талаптары бойынша лайықгы түрде адрес иесіне (адресатка) жіберілуге тиісті. Әдетге, қорытынды есеп не акционерлерге, не болмаса каржылық қорытынды есебі аудитке тартылатын кәсіпорынның директорлар кеңесіне арналып кұрылады.

Кіріспе бөлім. Аудиторлық қорытынды есеп кәсіпорынның тексерілген қаржылық қорытынды есебінде қарастырылған мерзімді және кезеңді кіргізе отырып, сол қаржылық қорытынды есеппен бірдей болуға тиісті.Қорытынды есепке қаржылық қорытынды есептің ақпараттары-на кәсіпорын басшылары жауап беретіңцігі, сонымен бірге аудитор-дың жауапкершілігі жүргізілген аудиттің негізінде кдржылық қорытынды есеп жайында өзінің қорытындысын беру болып табылатын-дығы туралы пікірлер кіруге тиісті

Қаржылық қорытынды есеп - кәсіпорын басшылығы дайындап тапсырған ақпараттар. Ондай қорытывды есепті дайындау басшылықтан елеулі есептік бағалаулар жүргізуді және пікір білдіруді, сонымен бірге кдржылық қорытынды есепті дайындау кезінде пайда-ланылған қолайлы бухгалтерлік принциптер мен әдістерді анықгау-ды талап етеді. Және оған қарама-қарсы, аудитордың міндеті сол қаржылық қорытынды есеп бойынша өзінің қорытындысын беру мақсатында оған аудит өткізу болып табылады.

Аудиттің масштабын анықгаушы бөлім. Аудиторлық қорытынды есепте аудиттің Халықаралық аудит стандарттарына немесе тәжірибеге сәйкес жүргізілгендігін көрсете отырып, оның масштабы бейнеленеді. Аудиттің масштабы дегеніміз - аудитордың қалыптасқан жағдайларға байланысты қажетті аудит процедураларын орындауы болып табылады. Ақпаратты пайдаланушыға ол аудиттің жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға немесе тәжірибеге сәйкес орындалғандығының дәлелі ретінде керек.

Аудитордың адресі (мекен жайы). Қорытынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі (кеңсесі) орналасқан пункт (әдетте қала) көрсетілуге тиісті.

Аудитордың қолы. Қорытынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің де атынан, егер ол қажет болса, қол қойылуға тиісті. Әдетге, аудитордың қорытын-ды есебіне компанияның атьшан қол қойылады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді.

Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдаланушыларға берілетін қаржылық-ақпараттық мәліметінің көлеміне және мінездемесіне байланысты болып келеді. Бұл ақпараттық мәліметті пайдаланушылардың қатарына қаржы салымшыларын, несие берушілерді және бірлесіп экономикалық қызмет жасаушыларды жатқызуға болады. Осы жоғарыда аталған кәсіпорындардың ақпаратын пайдаланушылар маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның маңызды басқарушылық шешім қабылдау барысында кәсіпорынның қаржылық есебіне сүйенеді. Бұл ақпаратты пайдаланушылар екі топқа бөлінеді:

  • Ішкі пайдаланушылар;

  • Сыртқы пайдаланушылар.

Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты. 

Сондай-ақ осы қаржылық-ақпараттық мәліметтерді пайдаланушылардың өзі төмендегідей санатқа бөлінеді:

  • Кәсіпорынды басқарушылар;

  • Кәсіпорыннан тыс орналасқан, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей мүдделілер;

  • Кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама мүдделілер.

Кәсіпорыннан тыс орналасқан, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей мүдделілер болып: қаржы салымшылары, несие берушілер, жабдықтаушылар есептеледі. Бұл тұлғалар өздерінің салған салымдары мен сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, берген несиелерінің уақтылы қайтарылатындығын білу үшін ұйымның қаржы тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін зерттейді. Ал кәсіпорынның қаржылық қызметіне жанама мүдделілер қатарына: салық органы, министрліктер мен агенттіктер, аудиторлық, сақтандыру компаниялары, сатып алушылармен тапсырыс берушілер жатады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-ақпараттық мәліметтерін пайдаланушылардың әр түрлі топтарының болуы, біртұтас бухгалтерлік есеп жүйесін екі бөлікке бөлді. Соңғы жылдары біздің елімізде де халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік есепті қаржылық есеп және басқарушылық есеп деп екіге бөліп қарастыра алады. Мұндағы қаржылық есеп ұйымның ішкі және сыртқы пайдаланушылары қолданатын қаржылық-ақпараттық мәліметтерді толық қамтитын болса, басқарушылық есеп тек қана кәсіпорынның ішкі пайдаланушыларына керекті өнім өндіру, табыс табу және оның алдағы кезеңдегі нәтижесінің артуына байланысты ақпараттық мәліметтерді қарастырады.

Шоттардың айналым ведомосі.

Бухгалтерлік есептің шоттары жинақтамалы және талдамалы болып бөлінеді. Шаруашылық қорларын немесе олардың көздерін жалпылама түрде көрсетуге арналған шоттар жинақтамалы шоттар деп аталады. Осындай шоттармен жүргізілетін есеп жинақтамалы есеп деп аталынады.

Жинақтамалы есептің ерекшелігі – ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі және кәсіпорында бар материалдық құндылықтардың сомасы қандай, берешектің сомасы қандай екендігін көрсетеді. Жинақтамалы шоттар бухгалтерлік балансты жасауға қажет. Алайда кәсіпорынды басқару және қаржы шарушалықы қызметіне басшылық ету үшін, бәсекелес кәсіпорындармен есеп айырысуды ұйымдастыру, нарықтық экономикада оның алатын орнын бағалау үшін материалдарды жеткізушілердің әрқайсысы бойынша, әрбір сатып алушы бойынша, тб. егжей-тегжейлі деректер болу қажет. Яғни кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметінің барлық жақтарына тек ақшалай түрде ғана емес, сондай-ақ натуралды түрде де сипаттама беретін нақты, жеке мәліметтер талап етіледі. Сондықтан жинақтамалы шоттарды экономикалық жағынан топтастыруды дамыту үшін талдамалы шоттар ашылады. Қорлардың және оның көздерінің жекелеген түрлерінің құрамдас бөліктерін есепке алуға арналған шоттар талдамалы шоттар деп аталады. Ал осы шоттардың көмегімен жүргізіліетін есеп талдамалы есеп деп аталады. Талдамалы шоттарда есеп тек ақшалай өлшеуіштермен ғана емес, сондай-ақ натуралыд өлшеуіштермен де жүргізіледі. Бұл шоттардағы жазулар неғұрлым толық болады. Оларда операцяның қысқаша мазмұны, құжаттың номері және жедел басқаруға қажетті бірқатар басқа деректер келтіріледі.

Субшоттар – тиісті жинақтамалы шоттың шегінде таладамалы шоттарды аралық топтастыру болып табылады. Жинақтамалы шоттар I реттегі шоттар, субшоттар – II реттегі шоттар, талдамалы шоттар – III, IV және т.б. реттегі шоттар болып табылады. Мұның өзі тиісті басқару шешімдерін әзірлеу, негіздеу және қабылдаумен байланысты, алға қойған мақсаттарға немесе кәсіпорынның нарықтағы жағдайын, ол өндіретін және сататын өнімдердің бәсекеге қабілеттігін анықтауға тәуелді.

Бухгалтерлік есептің жинақтамалы және талдамалы шоттары өзара байланысты, өйткені жинақтамалы шоттарда көрсетілген сол мүліктердің түрлері мен олардың қалыптасу көздері, шаруашылық опреациялары талдамалы шоттарда көрініс табады, бірақ экономикалық топтарға бөлінген түрде көрсетіледі. Бұл түптеп келгенде талдамалы шоттың деректері тиісті жинақтамалы шоттың жиынтық деректеріне тең болуға тиіс. Мысалы, «шикізат пен материалдар» жинақтамалы шоты «негізгі материалдар», «көмекші материалдар», т.б. талдамалы шоттарға жіктелінуі мүмкін.

Одан кейін «негізгі материалдар» деген талдамалы шотта көрсетілген деректер жіктелініп, оған талдамалы шоттар ашылады: «қара металдар», «түсті металдар», «орман материалдары»,т.б. сөйтіп кәсіпорындағы талдамалы есеп бухгалтерлік есеп жүйесіндегі қажырлы еңбекті талап ететін жұмысқа жатады. Есептік деректердің дұрыстығы мен толықтығын тексеру үшін айналым ведомостері жасалады.

Айналым ведомосі – бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетілген есептік ақпаратты жинақтаудың тәсілі. Айналым ведомосі айдың басындағы және соңындағы қалдықтар және шоттың ай ішіндегі дебеттік және кредиттік айналымдары туралы шот деректері негізінде ай соңында жасалады.

Жинақтамалы есептің шоттары бойынша айналым ведомомсінде әрбір шотқа жеке жол беріледі. Бұл ведомосте қосарланған үш баған болады. Оларда әрбір шот бойынша бастапқы сальдо, шоттың дебеті мен кредиті бойынша айналымдар және соңғы сальдо жазылады. Бухгалтерлік есеп дұрыс ұйымдастырылатын болса, баған жиындарында міндетті түрде қосарланған теңдік болуға тиіс, яғни дебеттік бастапқы сальдоның жиыны кредиттік бастапқы сальдоның жиынына тең болуға тиіс, шот бойынша дебеттік айналымдардың жиыны – кредиттік айналымдардың жиынына, дебеттік соңғы сальдоның жиыны – кредиттік бастапқы сальдоның жиынына тең болуға тиіс.

Барлық шоттар бойынша дебеттік және айналымдардың жиындарының теңдігі екіжақты жазу әдісінің мәнінен бастау алады.

Бұған қоса айналым ведомосіндегі шоттар бойынша дебеттік және кредиттік айналымдардың өзара тең жиындары шаруашылық операцияларды тіркеу журналындағы жиынға да тең болуға тиіс. Бұл теңдіктің мәні - әрбір шаруашылық операциясының сомасы шаруашылық операцияларын тіркеу журналында, сондай-ақ бухгалтерлік есептің шоттарында дебеті және кредиті бойынша көрініс табады. Жоғарыда аталған теңдіктің болмауы есеп жазбаларда қателік бар екендігін көрсетеді.

Жинақтамалы шоттар бойынша айналым ведомосі есепті кезеңдегі шаруашылық қорлары мен олардың пайда болу көздерінің жалпы жағдайын бағалауда маңызы зор болмақ. Жинақтамалы есептің шоттары бойынша айналым ведомосінің қалдықтар туралы ақпараты кәсіпорынның бухгалтерлік балансын жасаған кезде пайда болады.

Таладмалы шоттар бойынша айналым ведомосі есептің жүргізілуінің дұрыстығы мен толықтығын тексеруге арналған. Олар жинақтамалы шоттардағы жазуларды талдамалы есептің жазуларымен салыстыруға арналған құрал, сондай-ақ нақты шаруашылық ресурстарының жағдайын және қозғалысын қадағалау көзі болып табылады. Жинақтамалы есептің шоттары бойынша жүргізілетін шахматтық айналым ведомосі дегенде белгілі. Ол шахматтық нысанда жасалады.

Жинақтамалы және талдамалы шоттар

Бухгалтерлік есептің шоттары жинақтамалы және талдмалы болып бөлінеді. Шаруашылық қорларын немесе олардың көздерін жалпылама түрде көрсетуге арналған шотті жинақтамалы шоттар деп аталады. Осындай шоттармі жүргізілетін есеп жинақтамалы есеп деп аталынады. Жинақтамалы есептің ерекшелігі - ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі және кәсіпорында бар материалдық құндылылықтардың сомасы қандай, берешектің сомасы қандай екендігін көрсетеді. Жинақтамалы шоттар бухгалтерлік балансты жасауға қажет. Алайда кәсіпорынды басқару және қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін, бәсекелес кәсіпорындармен есеп айырысуды ұйымдастыру, нарықтық экономикада оның алатын орнын бағалау үшін материалдарды жеткізушілердің әрқайсысы бойынша, әрбір сатып алушы бойынша және т.с.с. бойынша егжей-тегжейлі деректер болу керек. Яғни кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтарына тек ақшалай түрде ғана емес, сондай-ақ натуралды түрде де сипаттама беретін нақты, жеке мәліметтер талап етіледі. Сондықтан жинақтамалы шоттарды экономикалық жағынан топтастыруды дамыту үшін талдамалы шоттар ашылады

Қорлардың және оның кездерінің жекелеген түрлерінің құрамдас бөліктерін есепке алуға арналған шоттар талдамалы шоттар деп аталады, ал осы шоттардың көмегімен жүргізілетін есеп талдамалы есеп деп аталынады.

Талдамалы шоттарда есеп тек ақшалай өлшеуіштермеи ғана емес, сондай-ақ натуралды елшеуіштермен де жүргізіледі. Бұл шоттардағы жазулар неғүрлым толық болады. Оларда операцияның қысқаша мазмүны, құжаттың нөмірі және жедел басқаруға қажетті бірқатар басқа деректер келтіріледі.

Субшоттар тиісті жинақтамапы шоттың шегінде талдамалы шоттарды аралық топтастыру болып табылады.

Бухгалтерлік есептің талдамалы және жинақтамалы шоттары өзара байланысты. Өйткені жинақтамалы шоттарда көрсетілген сол мүліктердің түрлері мен олардың қалыптасу көз-дері, шаруашалық операциялары талдамалы шоттарда көрініс табады,бірақ экономикалық топтарға бөлінген түрде көрінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]