Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ бух учет.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
06.11.2019
Размер:
1.55 Mб
Скачать

3.Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу

Кәсіпорынның бухгалтерлік шоттары сол ұйымның бухгалтерлік балансы баптарының негізінде ашылады. Сондықтан бухгалтерлік шот аттары баланс баптарының аттарына сәйкес болу тиіс. Бухгалтерлік шотты бастапқы қалдығы баланстың есепті кезеңнің басындағы сомасы деп аталатын бағанаынан алынадыда, керісінше шоттың соңғы қалдығы баланстың есепті кезең соңындағы бағанаға жазылады. Бухгалтерлік баланстың актив баптарына сәйкес ашылатын шотты , яғни мүліктерді, ақшаны тағы басқаларды есептеуге арналған шотты активті шот, ал пассив баптарына сәйкес ашылатын шотты, яғни кәсіпорынның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған шотты пассивті шот деп атайды.

Активті шоттың бастапқы және соңғы қалдығы шоттың дебит жағына жазылады.Сонымен қатар бұндай шоттардың көбеюі дебит жағына, ал азаюы кредит жағына жазылады.

Дебет шоттың аты Кредит

Бастапқы қалдық

қорлардың көбеюі (+)

айналым

соңғы қалдық

қорлардың азаюы (-)

айналым

Бухгалтерлік есептің басты мақсаты құжаттарда бейнеленген шаруашылық операцияларына бақылау жүргізу. Екі жақты жазудың қажеттілігі экономикалық құбылыстардың өзара байланыстылығынан туындайды. Бухгалтерлік есеп объектілерінің арасында өзара белгілі бір байланыс болады. Бұған дәлел ретінде ұйымның шаруашылық құралдары мен оның құрылу көздерінің және шаруашылық процестерінің осы кәсіпорындағы орындалатын әрбір шаруашылық операциясын екі жақты экономикалы құбылысқа алып келетіндігін және олардың өзгерістерінің міндетті түрде баланстың екі бабында да бірдей сомада көрсетілуін келтіруге болады. Екі жақты жазу шаруашылық операцияларының нәтижесінде бухгалтерлік есеп объектілеріндегі болатын өзара өзгерістерді көрсетеді.

«Ақнұр» фирмасының 2002 жылғы қаңтар айында орындалған шаруашылық операциалар

  1. Жабдықтаушы мердігерлерден 25000тенгеге материалдар сатылып алынды.

  2. Есеп айырысу шотынан 50000 тенге банк несиесі өтелінді.

  3. 30000 тенгенің материалдары өндіріске босатылды.

  4. Жабдықтаушы- мердігерлерге қарыз 65000 тенге банк несиесі есебінен өтелді.

Шаруашылық операцияларды екі жақты жазу әдісімен есепке алу алдында мынадай жағдайларды ескеру керек:

  • Аталған шаруашылық операцияларының қандай объектілерге қатыстылығын;

  • Шаруашылық операциясының объектіге қандай әсер ететіндігін;

  • Аталған объектілердің есебі бухгалтерлік есептің қай шоттарда есептелінетінін;

  • Операцияларды шоттардың қандай бөлігіне жазу керек екендігін (дебитіне немесе кредитіне).

Бірінші операция нәтижесінде кәсіпорынның материалдары және соған сәйкес жабдықтаущы мердігерлерге берешек қарызы көбиеді. Келіп түскен материалдарды есепке алу үшін « Материалдар» деп аталатын активті шоты , ал жабдықтаушы мердігерлерге берешек сомманы есепке алу үшін « Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын пассивті шоты аталады. Активті шотта құралдардың көбеюі шоттың дебитіне , ал пассивті шотта қорлану көздерінің көбеюі шоттың кредитіне жазылады.Соған сәйкес бұл операция бойынша мынандай екі жақты жазу жазылады:

Д-т:Материалдар»шоты 25000тенге

К-т : «Жабдықтаушы мен мердігерлермен

есеп айырысу »шоты 25000тенге

Екінші операция нәтижесінде ұйымның нақты ақшасы және соған сәйкес банк мекемесі алдындағы қарызы азайды. Бұл операцияны алдынғыға қарама қарсы деп түсінуге болады. Бірінші операцияда кәсіпорынның активтері және соған сәйкес пассивтері көбейген болса, екінші операцияда ұйымның активтері мен пассивтері азайып отыр. Бұл операция бойынша ұйымның бухгалтериясында мынандай екі жақты жазу жазылады:

Д-т : «Банк несиесі»шоты 50000тенге

К-т : «Ақшалар »шоты 50000тенге

Үшінші операция нәтижесінде кәсіпорынның қорлану көздерінде ешқандай өзгеріс болмаған ,яғни бұл операция кәсіпорынның пассив бөлімнің баптарына ешқандай әсерін тигізбейді.

Д-т:«Аяқталмаған өндіріс»шоты 30000тенге

К-т : «Материалдар »шоты 30000тенге

Төртінші операция нәтижесінде кәсіпорынның қорлану көздерінде бір бөлім көбейіп, ал екінші бөлім сол соммаға азайып отыр. Жоғарыда қарастырған үшінші операциада өзгеріс тек қана активті бөлімде болған болса, бұл керсінше кәсіпорынның актив бөлімінің баптарына ешқандай әсерін тигізбейді, өз әсерін тек пассивті бөлім баптарына тигізіп отыр.

Соған сәйкес бұл операция бойынша мынандай екі жақты жазу жазылады:

Д-т : «Жабдықтаушы мен мердігерлермен

есеп айырысу»шоты 65000тенге

К-т : «Банк несиесі»шоты 65000тенге

Олай болса екі жақты жазу өзара байланысты бухгалтерлік есеп объектілерінің дебит және кредит шоттарда бірдей соммада өзгеруін бейнелейді.

Шаруашылық операцияларды бейнелеуде шоттардың арасында пайда болған экономикалық өзара байланысты – шот корреспонденциясы деп атайды, ал шоттың өзі корреспонденцияланушы шот болып табылады. Корреспонденцияланушы шоттардың дебит пен кредитте көрсетілуі бухгалтерлік жазу немесе өткізбе деп аталады.

Бухгалтерлік жазу жай және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Жай өткізбе деп шаруашылық операциялары сомасының бір шоттың дебитіне, екінші шоттың кредитіне жазылуын айтамыз.

Күрделі өткізбе деп орындалған бір шаруашылық операциясына ең аз дегенде екі шот дебиттелініп, бір шоттың кредиттелінуімен немесе керісінше, бір шоттың дебиттелініп, екі шоттың кредиттелінуін айтамыз.

Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау. Шоттардағы айналым және шаруашылық құралдардың қалдығы мен олардың көздері туралы алынған мәліметтер бухгалтерлік есеп беруді құрастыруға және ұйымның шаруашылық қызметіне бақылау жасап отыру үшін, сондай-ақ кәсіпорынның экономикалық әл-ауқатына талдау жасау үшін пайдалынады. Сондықтан олар анық, түсінікті және дұрыс болуы тиіс. Есеп беретін уақыт аралығында бухгалтерлік есеп құжаттарындағы жазуларда әр түрлі дұрыс емес соманың көрсетілуінен, соманың тек бір ғана шотта көрсетілетіндігінен, бір жазудың екі рет көрсетілуінен және тағы басқа себептерден қателіктер жіберілуі мүмкін. Бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеріп отыру үшін, сонымен қатар басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін жинақталып қорытылған мәліметтердің болуы қажет. Есептік ақпараттың әдетте ай соңында жүргізілетіндігін қорытындылау әдістерінің бірі – шот бойынша айналым тізімдемесін құру.

Айналым тізімдемесі кесте түрінде көрініс алады, оның бірінші бағанасында кәсіпорында жүргізілетін барлық жинақтамалық шоттардың аттары жазылады да одан кейінгі үш пар бағанада:

  • Есеп беру кезеңінің басындағы шот бойынша қалдықтар;

  • Есеп беру кезеңі үшін шот бойынша дебиттік және кредиттік айналым;

  • Есеп беру кезеңі соңындағы немесе келесі кезеңнің басындағы шот бойынша қалдықтар көрсетіледі.

Жалпы айналым тізімдемесін құру үшін барлық жинақтамалық шоттардың мәліметтері айналым тізімдемесіне бастапқы қалдық ретінде активті шоттың қалдығы дебиттік бағанға және пассивті шоттың қалдығы кредиттік бағанға жазылады. Айналым тізімдемесінің қорытындыларын есептегенде, яғни жиынын есептегенде үш пар бағананың дебиттік және кредиттік бөліктері өзара тең нәтиже береді. Бұны тізімдемесіндегі айналым балансы деп те атайды. Бастапқы қалдықтың қорытындыларының теңдігі есеп беру кезеңінің басындағы баланста көрініс алатын шаруашылық құралдары сомасының олардың қорлану көздерінің сомасына тең болуымен түсіндіріледі. Дәл осылайша соңғы қалдық қорытындыларының теңдігі есепте екі жақты жазуды қолданумен түсіндіріледі. Ал бағалардағы дебиттік және кредиттік қорытындылардың өзара тен болмауы шаруашылық операцияларының жинақтамалық шоттарда дұрыс жазылмауы немесе сомаларды есептеу кезінде қателіктер жіберілгендігін көрсетеді.

Бастапқы қалдық қорытындылары тең болмаса, онда баланстың бастапқы қалдық сомасы дұрыс көшіріліп жазылмағаны немесе баланс дұрыс құрастырылмағаны деп түсінуге болады. Егер ай бойғы айналым қорытындылары тең болмаса, онда қателікті екі жақты жазу принциптерінің бұзылуынан іздеу керек. Бастапқы қалдық сомасы дұрыс көшіріліп жазылып, екі жақты жазу принциптері дұрыс орындалған жағдайда есеп беру кезеңінің соңындағы қорытынды соманың тең болмауы, тек есеп беру кезеңінің соңындағы қалдықтың дұрыс есептелмегендігінен болуы мүмкін.

«Ақнұр» фирмасының 1-ші 200_ жылғы балансы

Актив

Пассив

Баптардың аталуы

Сомасы

Баптардың аталуы

Сомасы

Материалдық

емес активтер

15000

15000

Жарғылық қор

80000

80000

Негізгі құралдары

30000

30000

Бөлінбеген

пайда

20000

20000

Аяқталмаған өндірісі

90000

120000

Банк несиесі

60000

75000

Дайын бұйымдар

70000

70000

Бюджетпен есеп айырысу

40000

40000

Материалдар

20000

15000

Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу

50000

10000

Ақшасы

110000

60000

Еңбекақы бойынша есеп айырысу

85000

85000

Баланс

335000

310000

Баланс

335000

310000

«Ақнұр» фирмасының 200_ жылдың қаңтар айындағы шоты бойынша айналым тізімдемесі

Шоттың аталуы

Бастапқы қалдық

Ай бойғы айналым

Соңғы қалдық

Д-т

К-т

Д-т

К-т

Д-т

К-т

Материалдық емес активтер

15000

15000

Негізгі құралдары

30000

30000

Аяқталмаған өндірісі

90000

30000

120000

Дайын бұйымдары

70000

70000

Материалдары

20000

25000

30000

15000

Ақшасы

110000

50000

60000

Жарғылық қор

80000

80000

Бөлінбеген пайда

20000

20000

Банк несиесі

60000

50000

65000

75000

Бюджетпен есеп айырысу

40000

40000

Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу

50000

65000

25000

10000

Еңбекақы бойынша есеп айырысу

85000

85000

Барлығы

335000

335000

170000

170000

310000

310000

Бұдан көріп отырғанымыз тізімдемедегі бастапқы қалдық сомасы баланстың ай басындағы мәліметтеріне, соңғы қалдық соммасы баланстың ай соңындағы мәліметтерімен тең болады.

Кәсіпорындар айналым тізімдемесін талдамалық және жинақтамалық шоттар бойынша бөлек жасауларына да болады. Негізінен талдамалық шот бойынша құрастырылған айналым тізімдемесі жинақтамалық шот немесе субшоттарда есептелетін мүліктер, дебиторлар мен кредиторлардың түрлері бойынша жүргізіледі. Мүліктер бойынша жасалған айналым тізімдемелерінде мүліктердің сомасымен қатар заттай саны да көрсетіледі.

Жинақтамалық және талдамалық есеп жүргізудің дұрыстығын тексеру үшін талдамалық шоттар бойынша жасалған айналым тізімдемесінің бастапқы және соңғы қалдық сомаларын, сонымен қатар кірісі мен шығысының сомаларын жинақтамалық шоттар бойынша айналым тізімдемесіндегі мәліметтермен салыстыру керек. Бұл екі тізімдемесіндегі бастапқы және соңғы дебиттік, сондай-ақ кредиттік қалдық сомаларының және айналым сомаларының өзара тең болуы жүргізілген талдамалық және жинақтамалық есептің теңдігін растайды. Бұл кәсіпорынның тауарлық-материалдық қорының сақталуына және дебиторлар немесе кредиторлармен есеп айырысуына бақылау жасауда үлкен рөл атқарады.

Кәсіпорын өз қызметінің айналымы туралы бұдан да толығырақ мәліметті шахматтық айналым тізімдемесін қолдану арқылы ала алады. Тізімдемесінің бұл түрі операциялардың мазмұнын ашуға және шот корреспонденциясының дұрыстығын тексеруге қызмет етеді. Жалпы бухгалтерлік есепте шоттардың дебиттік айналым сомасы тең болуы қажет. Бұл теңдік шоттардағы екі жақты жазу принципімен қамтамасыз етіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]