Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ бух учет.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
06.11.2019
Размер:
1.55 Mб
Скачать

5. Құжаттау және түгендеу.

Құжаттау – бухгалтерлік есептің әдістерінің бірі. Барлық ұйымдарда өздерінің күнделікті жұмысы барысында әр түрлі шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды бухгалтерлік есепке алу үшін оларға алдымен құжаттар толтырылуы қажет. Құжат орындалған операцияның жазбаша түріндегі анықтамасы болып табылады. Құжатқа орындалған операцияның аталынуы, мазмұны, орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты-жөні, тағы да басқа деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгіленген дәлелді ақпараттық мәлімет болып есептелінеді. Құжатта міндетті түрде көрсетілуі тиісті мәліметтерді деректеме деп те атайды.

Түгендеу – бухгалтерлік есептің әдістерінің бірі. Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы барысында барлық операцияларын сол сәтінде құжатқа жазуға мүмкіндік бола бермейді. Тіпті құжаттар толтырылғанның өзінде де қателіктер кетуі мүмкін және материалды сақтау кезінде олар табиғи кему мөлшеріне сәйкес азайып отырады. Сонымен қатар өндіріліп шығарылған дайын өнімдерді, басқа кәсіпорындардан алынған заттарды, басқа да қолда бар құралдарды, мүліктерді тексеріп, түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына жол берілуі мүмкін. Сондықтан түгендеу әдісі арқылы кәсіпорын өзінің қолда бар материалдық құндылықтары мен ақшаларын және тағы да басқа мүліктерінің есептігімен салыстырып отырады.

6. Шаруашылық операцияларының есебі.

Шаруашылық операцияларынын есебі – (лат. Аударганда әрекет деген мағынаны білдіреді) шаруашылық операциясы мүліктің құрылымын, орналасуына және оның құрылу көздеріне өзгеріс әкелетін жеке шаруашылық әрекетті сипаттайды. Бұндай жағдай шаруашылық операциялары субъектің тек қана мүлкін (активті) немесе оның құрылу көздерін (пассивін) немесе бір мезгілде активті де пассивті де қамтуіы мүмкін.

Бухгалтерлік есепте баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төрт түрге бөліп қарастырады. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгеріске ұшырауы.

Бірінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана актив бөліміне әсер етеді. Бұл жағдайда актив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайса, екінші бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді. Мысалы, Есеп айрылысу шотынан кассаға 1 млн. теңге ақша аударылды.

Екінші түріне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік баланстың тек қана пассив бөліміне әсер етеді. Актив бөлімінде өзгеріс болмайды. Бұл жағдайда пассив бөліміндегі бір бап қандай да бір сомаға азайып, екінші бап тура сондай сомаға артады. Ал пассивтің жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейді. Мысалы, қызметкерлердің жалақысынан жеке табыс салығы ұсталып қалды.

Үшінші түріне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екі түрден айырмашылығы, бұл операциялар барысында баланстың активі мен пассиві бірдей сомаға артады. Яғни бұл жағдайда операция әсерінен баланстың актив бөліміндегі бір баптың сомасы қандайда сомаға көбейсе, пассив бөліміндегі баптың да сомасы сондай сомаға артады.

Баланс баптарының сомасына әсер ететін шаруашылық операцияларының төртінші түрі үшінші түріне жатқызылған операцияларға ұқсас болып келеді. Бұл уақытта да баланстың актив пен пассив жағындағы баптары бір уақытта бірдей сомаға өзгереді. Айырмашылығы үшінші түрге жататын операциялар барысында баланс сомасы белгілі бір сомаға көбейсе, төртінші түрге жататын операциялар әсерінен актив пен пассив, сондай-ақ баланстың сомасы қандайда бір сомаға кемиді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]