Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ бух учет.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
06.11.2019
Размер:
1.55 Mб
Скачать

13. Материалды емес активтер есебі.

Материалдық емес активтер — өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын (1 жылдан астам), физикалық негізі жок, акшаға жатпайтын активтер. Бұл активтерді аныктауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауда болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалык, тиімділік күтеді.

Материалдың емес активтер физикалың негізсіз және оларды материалды немесе материалды емес активтер қүрамына кіргізуге болады.

Материалдық емес активтерге: лицензиялық келісім; компьютерлік бағдарламамен камтамасыздандыру; патенттер; авторлық құқық; басқа жақтардан алынған тауарлар белгісі; фирмалық атаулар; ноу-хау; табиғи ресурстарды пайдалану құқығы және тағы басқалар жатады.

Материалдық емес активтерді бағалау

  1. Басқа кәсіпорындар мен адамдардан ақыға сатып алынған материалдық емес активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі. Кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен материалдық емес ак­тивтер сараптау жолымен бағаланады.

  2. Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.

Материалдык, емес активтердің қолда бары мен қозғалысының есебі 10-бөлімшенің активтік шоттарында жүргізіледі: 101 — лицензиялық келісімдер; 102 — бағдарламалың қамтамасыз ету; 103 — патенттер; 104 — ұйымдастыру шығындары; 105 — гудвилл; 106 — басқалар.

Материалдык, емес активтердің келіп түсуі мен шығуы бір дана да жасалған №1-нысандағы «Материалдық емес активтерді қабылдау-өткізу актісінде» көрсетіледі.

Актіде мыналар көрсетіледі: Материалдық емес активтердің дәл атауы; Кәсіпорынға өткізілген (келіп түскен) күні; Объектінің сипаттамасы; Бастапқы құны; Амортизация нормасы.

Материалдық емес активтердің келіп түсуі

1. Баска заңды және жеке тұлғалардан сатып алу.

2. Материалдық емес активті кәсіпорынның өзі жасауы (бағдарламалық қамтамасыз ету, интеллектуалды құн объектісін құру, сауда белгілерін әзірлеу).

Материалдық емес активтердің есептен шығарылуы

1. Басқа кәсіпорындардың жарғылың капиталына салым.

2. Моральдық тозуына және кәсіпорынға пайда әкелу қабілетін жоғалтуына байланысты материалдық емес активтердің есептен шығарылуы.

3. Сатуға байланысты материалдық емес активтерді есептен шығару.

Материалдык емес активтердің амортизациясының, материалдык емес активтерді түгендеудің есебі. Өндірістік-шаруашылық қызмет процесінде материалдық емес активтер моральдық тозуға ұшырайды.

Есептелген тозудың максаты — пайдаланудың белгіленген мерзімі ішінде тозуды өндіріс пен айналымның шығындарына қосу есебінен олардың құнын өтеу үшін көздерді қалыптастыру. Материалдың емес активтердің амортизациясын есепке алу үшін 11 -«Материалдық емес активтердің амортизациясы» бөлімшесінің шоттары көзделген. Бұл шоттар пассивтік әрі реттеуші сипатта. Шоттардың кредиті бойынша ма­териалдык емес активтер амортизациясының (тозуының) ай басындағы калдығын, ай ішінде есептелгенін және есепті айдың соңындағы қалдығын көрсетеді, ал 111-116 шоттардың дебеті бойынша МЕА амортизациясының (тозуының) есептен шығарылуы (кемуі) көрсетіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]