Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ бух учет.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
06.11.2019
Размер:
1.55 Mб
Скачать

14. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі.

Міндеттеме – белгі бір қияпатпен қандай да бір нәрсені орындау немесе атқару міндеті не болмаса борыш.

       Міндеттеме – өткен кезең жағдайларында пайда болған субъектінің бар қарызы, оны реттеу экономикалық тиімділігі бар  субъектінің ресурстарын жылыстыруға әкеп соғады.  Міндеттеменің пайда болуы болашақта ресурстардың жылыстырылуын білдіреді, бұл  міндеттеменің орындалу мерзімі субъектінің қаржы жағдайын дұрыс бағалау үшін маңызды, сондықтан ағымды және ұзақ мерзімді деп болу қажет.

 Ұзақ мерзімді міндеттеме- бұл міндеттеме қарыз алушының бір жылдан көбірек ақы төлеуінің мезгілімен шекттелген баланс даталары (операционды цикл). Ұзақ мерзімді міндеттемелер – орындалуы 1 жылдан астам уақытты қамтитын қарыздар болып табылады. Төленуге тиісті шоттар бойынша міндеттеме несиеге сатып алынған тауарлар, материалдар, қорлар, қызметтер мен жұмыстар бойынша жабдықтаушы алдында пайда болады. Мұнда міндеттемелердің пайда болуы шот фактура арқылы расталады. Жабдықтаушы және мердігер ұйымдармен қысқа мерзімді міндеттеме бойынша есеп айырысу 3310, ал ұзақ мерзімді міндеттеме бойынша есеп айырысу 4110 шоттарында есепке алынады. Шоттар пассивті, яғни кредиттік айналымда міндеттеменің пайда болуы және көбеюі, ал дебиттік айналымда өтелуі көрсетіледі. 

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің пайда болуына көп себеп бар. Мысалы, жаңадан пайда болған фирмаға сырттан тартылған капитал алуға оңайырақ болады,акционердік капиталға қарағанда. Қарыз заттардың толық бағасы жаңа акциялар арқылы қаржы бөлуден арзанырақ болады.

Бірақ міндеттемелердің артуы қауіпті, өйткені, міндеттемелер бойынша шығындар пайыздардың төленуі  артады. Қарыз келісімі қарыз алушының әрекеттері мен қаржы структурасын пайдалануға шек қоюы мүмкін, себебі міндеттемелердің орындалмауының қауіпін төмендету үшін қолданылады.

 Оған дивиденттерді максималды мөлшері, табыс бойынша міндеттемелер орындалуы кіреді.

 Инвесторлардың  көзқарасы бойынша несиелеу-инвестицияларды дұрыс пайдалану жолы, өйткені несие берушілер несие төлегенде үлкен қауіпсіздікпен қамтылады(активтардың қайтарылымы жайлап іске асырылады) және дебитор жойылған кезде активтарға айрықша құқығына ие болады.

 Міндеттерді өлшегенде және бағалау кезінде келесі белгілерді есте сақтау жөн:

  • көп мерзімді міндеттер көрсетілетін қызметтер мен тауарлар нақты нарықтық құн бойынша тіркеледі.

  • Мезгіл-мезгіл төленетін пайыздар міндеттердің шығу мезгіліне қарай нарықтың пайыз көрсеткіштеріне сүйіне отырып беріледі.

  • Баланс датасына ұзақ мерзімді міндеттің қалдықтық құны-қалған төлемдердің нақты құны, эмиссия кезіндегі нарықтық пайызға дисконтталған.

       Пайызды мөлшер,сол мақсатта қолданылатын,міндеттердің мерзімі аяқталмағанға дейін өзгермейді.

       Ұзақ мерзімді міндеттемелерге жатқызуға болады:

  • облигациялар бойынша міндеттемелер

  • шартты оқиғалар мен шартты міндеттемелер бойынша міндеттемелер

  • ұзақ мерзімді қарыздар бойынша шығындар

       Облигация-қарыз куәлігі, ұзақ мерзімге негізделген мемлекет мекемелері мен субъектілері шығаратын үлкен сомалы капиталдарды қорғау үшін куәлік.Облигациялар-құқықты құжат,фирма-эмитент берген формалды уәде-облигацияны ұстайтындарға инвестициялаған кәсіпорынға негізгі сома мен пайызын капталды қайтару үшін уәде.

       Қарыз бойынша шығындар-субъектің қарыз алғаннан кейін қайтаратын пайыздары мен басқа шығындар.Оларға жататын:

  • ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыздар бойынша пайыздар, сонымен бірге банк-овердрафтын жатқызамыз

  • шығарылған облигацияларға амортизациялы жеңілдік

  • қарыз алғанда қосымша шығындар

  • қаржыландырған жал бойынша жалдық төлем

  • басқа мемлекеттің валютасын алғанда курс бойынша айырмашылығы

Квалификацияланған актив дегеніміз сол активті паайдалану немесе сату үшін міндетті түрде көп уақыт қажет етеді. ҚЕХС 23 «Қарыздар бойынша шығындар» бойынша шығындар шығын деп, тек сол периодта жұмсалған деп танылса саналады.Бірақ кейде шығындар тікелей квалификациялы активтерге(бірдеме сатып алғанда немесе өндіру кезінде ) ие болғанда, олар осы активтың бағасына қосып жіберу жолымен капиталға айналып кетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]