Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
13
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
51.66 Кб
Скачать

Біздің университет.Әл Фараби атындағы құу

Әлемдік деңгейдегі білім ордаларының бірінен саналатын қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тамыры тереңде, тарихы бай. Ел ертеңіне алаңдаған қазақ зиялыларының талап-тілегі ескеріле отырып, 1933 жылдың 20 қазанында КСРО Халық Комиссарлары Кеңесі «Қазақстан үшін кадрлар дайындау туралы» арнайы қаулы қабылдайды. Сол құжат негізінде 1934 жылдың 15 қаңтары Қазақ мемлекеттік университетінің ашылған күні болып саналады. Қазіргі таңда университет Республикадағы жетекші оқу орны. 1991 жылы университетке шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың есімі берілді. 1993 жылы Президент жарлығымен дербес, өзін-өзі басқаратын мемлекеттік жоғары оқу орны мәртебесін иеленіп, Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті болып аталды. Қазір университеттің 14 факультетінде 16 мыңнан аса студент оқиды. Студенттер үшін 1,5 млн. кітап қоры бар ірі кітапхана, асхана, спорт кешені, дүкен, кинотеатр жұмыс істейді. Бірнеше оқу ғимараттары бар. Негізгі оқу ғимараттары тұрған жерді «университет қалашығы» деп аталады. Қалашықта Ө.А. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы бар.

ҚазҰУ – еліміздің ең ірі ғылыми орталығы. Университетте өткен жылдарда Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан секілді алыптар дәріс оқыған. Бүгіні ҚазҰУ нағыз элиталық жоғары оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне айналды. Ол көптеген қазақстандық интеллектуалдық, саяси және экономикалық элитаны даярлап шығарды.

ҚазҰУ – Халықаралық университеттер ассоциациясына мүше. Университет Американың, Еуропаның, Азияның, Африканың 415 университетімен байланыс жасайды. Жыл сайын 70-тен аса студент шет елдің жоғары оқу орындарында білім алады.

Университетте оқу жүйесі үш сатылы: Бакалавриат және магистратура. PhD. 2008 жылдың мамыр айындағы Ғылыми кеңесте 2009-2011 жылдарға арналған университеттің жаңа даму стратегиясы қабылданды. Ол үш бағыттан тұрады. Біріншісі – менеджменттің барлық деңгейін түбегейлі жетілдіру, екіншісі – мамандарды халықаралық талаптарға сай даярлау, үшіншісі – ғылыми-инновациялық инфрақұрылымды жетілдіру. Университет аталған стратегияны біртіндеп жүзеге асыра бастады. Өткен жылы әлемдік тәжірибеде орныққан ИНТРАНЕТ желісіне негізделген оқытудың кредиттік жүйесіне көшті.

Мен және қоршаған орта. Өзім туралы. Менің отбасым

Отбасы әр адамның алтын ұясы. Отбасы – адам баласы өмірінің ең маңызды шағы өтетін орта. Адам баласының шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен бастап, ер жеткенше тәрбие алар ортасы, адамзаттың қастерлі де қасиетті ұясы. Отбасы ұрпақ бойына ұлттық дәстүрлерді қалыптастыруда маңызды орын алады. Ол – адамның жеке басына қажетті адамгершілік қасиеттердің алғашқы дәні себілетін орта. Қазақ отбасында ұл бала мен қыз баланы тәрбиелеуге үлкен орын беріледі. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген қазақ мақалының мәні өте зор. Отбасында ұл балаға үйдің күрделі, ірі жұмыстарын үйретсе, қыз балаға тамақ істеу, үй ұстау сияқты дағдыларын қалыптастырады.Енді өзімнің отбасы туралы жазайын.

Мен Қызылорда қаласында туылдым. Отбасымызда алты адам бар: Атам, әжем, әкем, анам, қарындасым және өзім. Әкем – есепші, шешем – балабақшада тәрбиеші.

Мен биыл Қызылорда қаласындағы № 14 орта мектепті алтын белгіге бітіріп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түстім. Қазір осы университеттің 1-курс студентімін. Болашақта дипломат болып, еліміздің жан-жақты дамып, дамыған белгілі елдердің алдыңғы қатарында болу үшін аянбай еңбек етсем деймін. Университет өмірі мен үшін аса қызық. Сабақ та аса қызғылықты өтеді. Топ студенттерінің сабаққа деген қызығушылығы өте жақсы. Университетте сабақ кредиттік жүйе бойынша оқытылады. Ата-анам үйде отырып, менің сабақ үлгерімімді бақылай алады. Мен университетті қызыл дипломмен бітіруді армандаймын.

Біздің отбасымыз шағын. Әжем, әкем, шешем, әпкем және мен. Әкемнің мамандығы – заңгер. Шешем – фирмада есепші. Әжем бұрын дәрігер болған, қазір зейнеткер. Әпкем Т. Жүргенов атындағы театр және өнер институтының режиссура бөлімінің 3-ші курс студенті. Өзім әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінің «Халықаралық құқық» мамандығының 1-ші курс студентімін. Сабағым жақсы, факультеттегі әр түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласамын. Түрлі тіл үйрену курстарына қатысамын. Бірге оқитын жолдастарыммен достық қарым-қатынасымыз өте жақсы. Менің оқуым мен тәртібімді көбіне әжем қадағалайды. Білмеген нәрселерімді әжемнен сұрап, ақылдасып отырамын.

Әке-шешем күндіз жұмыста. Кешке бәріміз дастархан басына жиналамыз. Күндізгі атқарған істеріміз бен шешілуге тиісті мәселелерді ақылдасамыз. Біз туыстарымызбен де жақсы араласып тұрамыз. Сенбі-жексенбі күндері бірге табиғат аясына шығамыз, театрға барамыз, қонақ шақырып, қонаққа барамыз. Біздің отбасымыз өте тату.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]