Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
51.66 Кб
Скачать

Астана – бейбітшілік босағасы

Далиып жатқан даланың әр тасы мен тауы қымбат. Бұл жерге бабалардың қаны, аналардың көз жасы сіңген. «Түн отырмай, күн күлмей» аталар бізге осы жерді аманаттап кетті. Сұғанақ қол, суық көздерден қорғау үшін, тұтастығымызды сақтау үшін астананы Арқаға ауыстырды.

Астананы ауыстыру арқылы біз қазақ елінің қолынан іс келетінін, мақсат-мүддесіне жете алатын табанды халық екенін дәлелдедік. Алаш баласының басын Арқаға біріктірдік. Астана – тұтастықтың, бірліктің символына айналды. 1999 жылы ЮНЕСКО Астанаға «Бейбітшілік қаласы» деген атақ берді.

Есілдің жағасындағы ерке қалаға бүгінде әлем назары ауып тұр. Қазір Қазақстанның басқа қалалары Астанаға қарап бой түзейді. «Астананың дамуы – Қазақстанның дамуы» деген бекер сөз емес. Астана басқа қалаларға жолбасшы ретінде танылды. Қазақстан Республикасының ең алғашқы астанасы – Орынбор болды. Одан кейін Қызылорда , 1929 – 1997 жылдар арасындағы Алматы қаласы болды.

Кәрі каспий мәртебесі

Кеңестер Одағы кезінде Каспийді Иран мен КСРО 50/50 қағидасы бойынша теңдей бөлісетін. Одақ ыдырағаннан кейін кәрі теңіз жағалаудағы 5 елдің еншісіне тиді. Бүгінгі күні дауға айналған мәселе де – осы «құқықтық мәртебе» мәселесі. Қазақтар жағы шекаралық шеңберді ескере отырып, теңіздің түбін ғана бөліске салуды, ал суын ортақ пайдалануға беруді құп көрсе, өзгелер бұл ұсынысты қабылдауға құлықсыз. Өйткені теңіз түбі бөліске түсер болса, Иранға – 0,9 млрд. тонна, Түркменстанға – 1,5 млрд. тонна, Әзірбайжанға – 4 млрд. тонна, Ресейге – 2 млрд. тонна шикізат тиесілі болмақ. Ең көп «асайтын» – Қазақстан (4,5 млрд. тонна) болмақ. Демек, Иран бәрінен де көп зиян шекпек. «Майлы жіліктің» басынан қағылу қаупі бар Тегеран қазақтар мен орыстардың теңіздің түбін ғана бөліске салу туралы барлық бастамасына қарсылық танытудан танбауда. Есесіне, Тегеранның теңізді жағалай қоныстанған 5 мемлекетке теңдей, 20 пайыздан бөлу жайлы ұсынысын өзгелер қостамайды. Сонымен, пікірлер мен мүдделер бір арнаға тоғыспады. Алайда, президенттер екінші рет Иран астанасында өткізілген каспийлік саммитте қордаланып қалған мәселелерді, әсіресе, құқықтық мәртебеге қатысты келіспеушіліктерді жоюға ынта білдірді. Жасыратыны жоқ, каспийлік кеңестің қазіргі «бас ауруы» – «құқықтық мәртебе. Басқаша айтқанда теңіз шекарасын әділ жолмен бөліске салу. Теңізді бөлісе алмаған елдер арасындағы пікір қайшылықтары кейде түрлі қақтығыстарға әкеп соғуы мүмкін. Каспийлік шекара бөлісінде қазақтар мен түркмендер белсенділік танытуда. Себебі, табиғи байлықтың басым бөлігі осы екеуіне тиесілі. Кейбір деректер түркмендер жеріндегі табиғи газдың қорын 2,9 триллион шаршы метрге теңесе, кейбір деректер 20 триллионға дейін жетеді. Еуропалықтардың Түркменстанды Орталық Азиядағы «көгілдір отынды» Батысқа жеткізетін Ресейге балама ретінде қарастыруы тегін емес. Бірақ елдегі өндірілетін газ бүгінде сыртқа Кремль бақылауындағы құбырлар арқылы экспортталуда. 2003 жылы алдағы 25 жылда ішкі нарықтағы тұтынатын газды түркмендер газының есебінен қамтамасыз етуге құқық алды. Әрине, бұл Ашхабад үшін тиімсіз. Ашхабад энергоқорын Ресейді айналып өтетін Транскаспийлік газ құбыры (ТГҚ) арқылы тасымалдауға мүдделі.

Қазақтар мол көлемдегі «қара алтынды» Баку-Тбилиси-ДЖейхан құбыры арқылы жөнелтеді. Қап тауындағы елдерді жағалай отырып, қазақ «қара алтыны» Түркияға, одан әрі еуропалық нарыққа осылайша жеткізілуде. Алайда, Транскаспийлік газ құбыры (ТГҚ) жоспарын іске асыруға қаржылық қиындықтармен бірге теңіз жағалауындағы 5 мемлекеттің «құқықтық мәртебе» мәселесін біржақты ете алмауы кедергі келтіруде. Егер аталған мәселе шешімін тапса, ТГҚ жобасын қолға алуға мүмкіндік ұлғая түседі. Әрине, газды Иран арқылы да жеткізуге болады. Бірақ кейінгі кездегі әлемдік саяси сахнадағы Тегеранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі туындаған даудың кесірінен көптеген елдер ирандықтарға санкция енгізіп жатыр. Демек, мұндай жобаны қолға алуға кез-келген ел тәуекел ете алмайды. Сарапшылардың пікірінше, ірі энергетикалық тасымал мемлекетіне айналуға жанталасып жатқан әзірбайжандар газды өз мемлекеті арқылы тасымалдауға түркмендерді көндірсе, онда Каспий төңірегінде орын алған мүдделер қақтығысы оңай шешілмек. Бірақ Тегеран мұндай жоспарды қолдамайды. Бұл жағдайда Тегеран барлық пайдадан қағылмақ. Барлық энергетикалық ағын иран жерін айналып өтіп, АҚШ пен Батыстың орталық азиялық аймақтағы ықпалы артпақ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]