Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
51.66 Кб
Скачать

Қазақтың салт-дәстүрлері

Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері Н. Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік» деген. Демек, салт-дәстүрлі ел – мықты, әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан-ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім адамгершілік тәрбиенің аса сенімді жолы екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық осы ғажайып жол арқылы дарыған.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге көзқарасына байланысты, ұрпақтан-ұрпаққа берілгенде өзгеріп, ауысып, жаңарып отырады.

Дана халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану – ағайынды адастырмас сара жол (С. Кенжахметұлы. «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті»)

Ас қайыру

Асты «бісіміллә» деп бастайтын қазақ тамақтанып болған соң, оны батамен қайыратын әдетінен әлі күнге жаңылған жоқ. Мұны ас қайыру деп атайды. Ас қайыру тілек, батамен айтылады. Оны қара сөзбен де, өлеңмен де, тақпақтап жеткізуге де болады.

Тарту-таралғы

Халық таныған елдің құрметті адамдарына сый-сыяпат жасаудың бір жолы –оларға тарту-таралғы ұсыну. Бұл – қалыптасқан ел дәстүрі. Сол адамның мәртебесін арттыру, еңбегін бағалау. Батырды, ақынды, шеберді, шешенді халық осылай бағалап, осылай сыйлаған. Мұндай тартуға жүйрік пен жорға, қара нар, қалы кілем, құндыз бөрік, зер шапан сияқты бағалы қымбат бұйымдар жатады. Егер атағы шыққан адамдар келіп, оларға мұндай құрмет жасалмаса, жолдан жығылады. Бұл – азаматқа үлкен мін, кемшілік, әрі ұят іс. Тарту – елдің кеңдігін көрсеткен тәрбиелік мәні бар әдет-ғұрып.

Ауызашар

Көрші-қолаң немесе туыс, көңілі жақын адамдардың ораза ұстаған кісілерді кешкілік тамаққа шақырып, батасын алуы.

Шашу

Қуаныш, той, мереке күндері құрт, ірімшік, кәмпит сияқты тағамдардан және тиындардан шашу шашылады.

Ақсарбас

Түрлі қауіп-қатерге ұшырағанда әр қазақ баласы: «Ақсарбас! Ақсарбас!» деп үш рет айқайлайды. Алладан: «Жанымды аман қалдыра көр!» - деп тілек тілейді. Аман қалғандар құдайыға мал шалады.

Қос сөздер. – екі сөз қосарланып , бір лексикалық мағынада айтылған сөз тұлгасы. Мысалы; ыдыс-аяқ, әке-шеше, ұп-үлкен.

Қазақстан және Халықаралық ұйымдар

Саясаттың ғаламдануы ұлттықмемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен ролін өзгертуге әкелді. Халықаралық қатынастар саласында жекелеген мемлекеттер өздерінің ұлттық мүдделерін іске асыру үшін бір-бірімен өзара қатынасқа түсті. Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, әлем шеңберінде әр түрлі интеграциялық топтардың жұмысына белсенді қатысуда. Сол арқылы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерді де шешуге жол ашты.

БҰҰ-дағы Қазақстанның қызметі. 1992 жылғы 2 наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Осы қадам біздің еліміздің шынайы тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік қоғамдастық қатарына қабылдануын рәміздік тұрғыдан рәсімдеді. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың жаңа мүшесі ретінде ғана емес, қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алдыңғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді. 1991 ж. Семей ядролық сынақ алаңының жабылуы және 1992 ж. Лиссабонда ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу жөнінде міндеттеме алуы Қазақстанға үлкен бедел сыйлады және БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары мінберінен халықаралық қауіпсіздік саласындағы жеке бастамаларын көтеруге моральдық құқық берді.

БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) БҰҰ жүйесінің жетекші ұйымы болып табылады. Ол балалардың аман қалуын, қорғалуы мен дамуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешумен айналысады. ЮНИСЕФ Қазақстандағы жұмысын 1992 ж. бастады. Негізінен денсаулық сақтау саласында шұғыл көмек көрсетуді насихаттайды. 1994 ж. Қазақстанда ЮНИСЕФ-тің Өкілдігі ашылғаннан кейін Қордың тұрақты бағдарламасы бойынша жұмыс басталды.

Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ) Қазақстанмен ынтымақтастығын 1993 ж. осы ұйымға кірген кезден бастады. Қазақстандық заңнаманы халықаралық еңбек құқығының нормаларымен сәйкес келтіру мақсатында ХЕҰ іс-шараларына еліміздің өкілдері қатысуы деңгейінде жүзеге асырылып келеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) өзара іс-қимыл екі деңгейде жүзеге асырылады.ДДҰ-ның штаб-пәтері (Женева) осы халықаралық ұйымның біздің елімізбен өзара іс-қимылының принципті түрдегі саяси мәселелерін (бюджет, кадр саясаты, ғаламдық бағдарламаларды ұйымдастыру) шешеді.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, (ШЫҰ) — 1996 жылы «Шанхай бестігі» деп атаумен құрылған халықаралық ұйым. Құрылтайшылар болып алдынан Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан кірген.

2001 жылдың маусымның 1 Өзбекстан ұйымға кіргеннен бастап Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) деген атпен тұрақты істейтін үкімет-аралық ұйым.

ШЫҰ және Қазақстан

ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады.

Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады (Қасымжомарт Тоқаев. Қазақстан Республикасының Дипломатиясы кітабынан).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]