Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
13.09.2019
Размер:
51.66 Кб
Скачать

Табиғат және біз. Табиғат-туған анамыз.

Жер-ана табиғат біздің тал бесігіміз, тірі жан атаулыға атам заманнан ортақ қазына. Халқымыз өмірдегі ең қасиетті, ең құдіретті ұғымдарға «Ана» сөзін қосып айтады. «Жер-Ана», «Табиғат-Ана», «Отан-Ана». Қазақ табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Табиғат-Ана біз үшін өмірге қажетті барлық нәрсені берді. Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөліп қарауға болмайды. Табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы, жануарлары мен өсімдіктері адам үшін тіршілік етудің басты көзі болып табылады. Сондықтан табиғатты туған АНАҢДАЙ түсініп, туған ҰЛЫҢДАЙ қорғауың кажет! Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Бізді экологиялық апатқа душар еткен адам санасының эрозиясының нәтижесі.

Тәуелсіздік – сан ғасырлық күрестің өтеуі

Тәуелсіздік және Тіл. Қазақ үшін бұл екеуі де қасиетті. Екеуі де құдіретті. 16 желтоқсан – алты Алаштың айбынын асырған, ата-бабамыздың ілкі арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған қажырлы күресінің өтеуі, Қазақстан жұртшылығының арман-мұратының салтанат құруы. Сан түрлі кедергілер мен ауыр сындарға қарамастан, ел тәуелсіздігінің әрбір қадамы біздің жүрегімізді айрықша толғанысқа бөлейді. Кеудемізді мақтаныш кернейді. Қазақстан үшін жиырма бірінші ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Ата Заңымыздың арқасында еліміз либералды демократиялық даму жолына түсті.

Қазір мемлекетіміздің басты ұстанымы – азаттықтың мән-мағынасын нақты іспен толықтырып, бекіте түсу.

Біз жаңа демократиялық қоғам құру үстіндеміз. Көп нәрсені өз тәжірибемізден өткеріп, көп нәрсені үйреніп жатырмыз. Қазақстанда саяси тұрақтылық пен ұлтаралық татулық берік сақталған. Президентіміздің белсенді сыртқы саяси қызметінің арқасында еліміз тұтас Еуразия құрлығында тұрақтылықты сақтау жолында шешуші рөл атқарып отыр.

Өткенге көз жіберсек, сөз жоқ, жетістіктеріміз көп. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, ол жеке азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі де болып табылады.

Тәуелсіздікті жастар жанындай сезінуі керек. Жастар – жасампаздықты жалғастырушылар. Олардың алдында осыдан он сегіз жыл бұрын басталған Жаңа Қазақстанның болашақ шежіресін жазу міндеті тұр.

1) Зат есімнің құрамыңда көзбен көріп, қолмен ұстауға болатың деректі заттар болады. Мысалы ; нан, үй, кітап. Бұлар ДЕРЕКТІ ЗАТ ЕСІМДЕР деп аталады. 2) Көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтың , оймен танылатын дерексіз заттар болады, Мысалы ; арман , ақыл, сана, үміт. Бұлар ДЕРЕКСІЗ ЗАТ ЕСІМДЕР деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]