Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ бух учет.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
06.11.2019
Размер:
1.55 Mб
Скачать

Курс бойынша емтихан сұрақтары

  1. Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің маңызы.

  2. Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі.

  3. Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу.

  4. Бухгалтерлік баланс. Құрылысы. Баланс түрлері.

  5. Құжаттау және түгендеу.

  6. Шаруашылық процестерінің (операцияларының) есебі.

  7. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары.

  8. Синтетикалық және аналитикалық есеп.

  9. Ағымдағы активтер есебі: ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері.

  10. Ағымдағы активтер есебі: алынуға тиісті шоттар және басқа да дебиторлық қарыздар.

  11. Тауарлық-материалдық қорлар есебі.

  12. Негізгі құралдар есебі.

  13. Материалды емес активтер есебі.

  14. Ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі.

  15. Ағымдағы міндеттемелер есебі.

  16. Табыстар мен шығындардың танылуы.

  17. Меншікті капитал есебі.

  18. Нарықтық экономика жағдайында аудиттің маңыздылығы.

  19. Аудит түрлері.

  20. Аудиторлық қызмет жөніндегі заң. Аудит мақсаты мен міндеттері.

  21. Аудит стандарттары.

  22. Аудиттегі мәнділік.

  23. Аудиторлық тәуекел түрлері.

  24. Аудиторлық дәлелдемелер және оларды алу жолдары. Клиенттің ішкі бақылау жүйесі.

  25. Аудиттегі іріктеме.

  26. Аудит ауқымы мен жоспарлау.

  27. Аудиттегі аналитикалық рәсімдер.

  28. Аудиторлық қорытынды, оның түрлері мен құрамы.

1.Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есептің маңызы.

Экономиканы басқарудың жетіле түсуі , нарықтық қатынастардың қалыптасуы, меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану, шетелдік әріптестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорындарды құру, халықарлық стандарттарға қарай бағыт алу бухгалтерлік есептің атқаратын ролі мен мәнінің алдағы уақытта да арта түсетінін білдіреді.

Бух-лік есеп шаруашылық құбылыстарының сандық жағын сапалық жағымен байыстыра отырып, заттық көрсеткіштермен және ақшалай түрде шаруашылық фактілерін жалпылама, үздіксіз, құжатты негізделген және өзара байланыстыра тіркеу жолымен зерттейді.

Бух-лік есеп ұйымның қаржылық ақпаратын белгілі бір әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп, тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт-бағдар беріп, алдағы уақытта істелінетін жұмысын жоспарлап және сонымен қатар ол ұйымның болашақта атқарылатын жұмысына экономикалық талдау жасауға өте қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең басты негізгісі болып саналады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүзжылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып келеді.

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптары, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға жүргізуге міндетті.

Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорында мынадай қызмет атқарады:

  • Болашақта пайдалану үшін ұйымда болып жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;

  • Ұйымның қаржылық-ақпараттық мәліметін өңдейді, сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;

  • Қаржылық-ақпараттық мәліметті пайдаланушыларға уақтылы ақпарат беріп отырады, ал бұл ақпаратты пайдаланушылар осы деректер арқылы ұйымды басқару барысында түрлі шешім қабылдайды.

Көп жағдайда бухгалтер мен есепшінің арасындағы айырмашылықты білмегеннің салдарынан бұл екеуін шатастырып алатындар да жиі кездеседі. Есепшінің негізгі міндеті шаруашылық операцияларын тіркеу, ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңдеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті.

Нарықтық экономиканы басқару мен құруға, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеуге және қабылдауға, кәсіпорынның нарықтығы тәртібін анықтауға және бәсекелес кәсіпорынның жағдайын анықтауға т.с.с. қажетті, кәсіпорынның қаржы жәнешаруашылық қызметі турлы сапалы әрі уақытылы ақпарат қалыптастыру шаруашылық есептің негізгі мақсаты болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]