Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ бух учет.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
06.11.2019
Размер:
1.55 Mб
Скачать

11. Тауарлық-материалдық қорлар есебі.

1300 «Қорлар» кіші бөлімі қарапайым қызмет барысында сатуға арналған, немесе сату үшін өндіріс процесінде, немесе өндірістік процесте немесе қызметтер ұсыну кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтерді есепке алуға арналған.Осы кіші бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 1310 – «Шикізат және материалдар», онда өндірістік процесте одан әрі пайдалануға арналған шикізат және материалдар, оның ішінде ауыл шаруашылық шикізаттар және материалдар есепке алынады; 1320 – «Дайын өнім», онда дайын, оның ішінде ауыл шаруашылығы өнімі есепке алынады; 1330 – «Тауарлар», онда тауарлардың, оның ішінде сатып алынған және қайта сатуға сақталған ауыл шаруашылығы тауарларының қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі; 1340 – «Аяқталмаған өндіріс», онда аяқталмаған өндіріс бойынша шығындар есепке алынады; 1350 – «Өзге қорлар», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген өзге қорлар есепке алынады; 1360 – «Қорларды есептен шығару бойынша резерв», онда қорлардың құнын сатудың таза құнына дейін төмендетуге арналған резервтерді құруға және қозғалысына байланысты немесе моральдық жағынан ескеруге байланысты операциялар көрсетіледі.

Тауарлық-материалдық қорлар есебінің мақсаты: бағалықтардың сақталуына олардың құжаттарға сәйкес болуына бақылау жүргізу; пайдалану нормаларын сақтауға бақылау жүргізу; материалдарды, тауарларды дайындауға байланысты шығындарды белгілеу.

Тауарлық-материалдық қорларды бағалау әдістері: 1. Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте біріммен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелінген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. 2. Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есебі айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады. 3. ФИФО әдісі есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы б/ша барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.

12.Негізгі құралдар есебі.

Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады.

«Негізгі құралдарға» - жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттегіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Көлеміне немесе бағасына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдарға жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, жасалып біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен жабдықтар, құрылыс-монтаж жұмысының өзіндік құнның құрамында қаралған үстеме шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни малдың төлдері жатпайды.

Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, станоктар, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы да басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады.

Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағы да басқа салалар бойынша топталады. «Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына топтастырған кезде олардың қатысумен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер кәсіпорынның балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатады.

Кәсіпорынның балансындағы ьтұрғын үй шаруашылығының негізгі құраладры халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

  • Үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма, тағы басқалары);

  • Ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар, скважиналар, тағы басқалары);

  • Өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналар, энергия бөлетін тетіктер, құбырлар, т.б.);

  • Машиналар (іштен жанатын двигательдер, электроаппараттық трансформатрлар, экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, көтергіш крандар және т.б.);

  • Тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, көлікке тіркемелер т.б.);

  • Құрал-саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер тағы да басқа негізгі құралдар);

  • Шаруашылық құрал жабдықтары (жиһаздар, креслолар, кілемдер, сейфтер және т.б.);

  • Жер және жер телімі құны;

  • Жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығын;

  • Басқа да негізгі құралдар.

Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай меншіктік, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге бөлінеді. Кәсіпорын уақытша жалға алған негізгі құралдарды баланс сыртындағы «Жалға алынған негізгі құралдар» деп аталатын шотта есептейді.

Сонымен қатар пайдалану барысына қарай негізгі құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған деп үш топқа бөлінеді.

Жұмыс істейтіндерге өндіріс үрдісіндегі, яғни қоланыстағы негізгі құралдар жатады.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылып қойылған, белгілі бір себептермен басқа да жаққа әзірге берілмеген басы артық жабдықтар жатады.

Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдыңғы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.

Материалдық активтер сатып алыну мақсатына қарай былай бөлініп есептелінеді:

  • Негізгі құралдар;

  • Тауарлық-материалдық қорлар;

  • Қаржылық инвестициялар.

Негізгі құралдардың бағалануы. Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.

Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады. Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөңдеуге кеткен және де басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығына ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрлі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі.

а) Жер учаскесінің бастапқы құнына:

Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісімшартты рәсімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар, жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа жұмыстар енгізіледі.

ә) Құрал-жабдықтардың бастапқы құны:

Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар тағы да басқалар енгізіледі.

Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.

Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайа жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын боп келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:

  • Үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен алдағы келісім бойынша;

  • Ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша;

  • Ұйымдар негізгі құралдары басқа заңды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік жолымен;

Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бұл кәсіпорынның бәлгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтық бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.

Негізгі құралдардың қалдық құны – негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі құралдардың келісілген құны – бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.

Негізгі құралдардың тозуы және оларға амортизациялық аударым мөлшерін есептеу. Негізгі құралдардың тозуын «табиғи» және «сапалық» тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу үрдісінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажылып мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың көп уақыт бойы пайдаланғандығына байланысты емес, оған сонымен қатар басқа да табиғи жағдайлар әсер еткендігіне байланысты. Яғни негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың ұзақ уақыт пайдалануына және оларға басқа да факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып табылады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму үрдісінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техниканың дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми-техникалық прогреске байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді. Осыған сәйкес еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың машиналардың, яғни құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай ұйымдарға қымбат және тозыңқыраған машиналар мен көліктерінің, құрал-саймандарының тағы да басқа негізгі құралдарының жаңа әрі сапалы құралдар сатып алуды тиімді етеді.

Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми-техниканың өркендеуіне байланысты жаңадан толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Кәсіпорындарда өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Ескертетін жағдай негізгі құралдардың ішінде мына төменде аталған аутивтерге тозу дәрежесі анықталмайды және де оларға амортизация есептелмейді:

  • Жерге;

  • Кітапхана қорларына;

  • Фильм қорларына;

  • Архитектуралық және өнер ескерткіштеріне;

  • өнімді малдарға;

  • мұражайлық құндылықтарға.

  • Сонымен қатар амортизациялық аударым мынадай жағдайларда есептелмейді:

  • қайта құру, жаңарту және техникалық қайта қорландыру жұмыстары жүргізіліп жатқан уақытта;

  • негізгі құралды уақытша тоқтатып қойған мерзімде.

Негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу мына әдістер бойынша жүргізіледі:

  1. Құнды бірқалыпты есептен шығару әдісі.

  2. құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көлеміне тепе-тең мөлшерде есептен шығару әдісі.

  3. жылдамдатып есептен шығару әдістері:

а) қалдық құнының кемуі әдісі;

ә) сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару (коммулятивтік әдіс) әдісі.

Амортизациялық аударым есептеудің таңдап алынған әдісі кәсіпорынның есеп саясатында көрсетіліп, бір есеп беру кезеңінен екінші есеп беру кезеңіне дейін дәйектілігі түрде қолданылады.

Негізгі құралдарды жөндеудің есебі. Ұйымдардағы негізгі құралдардың пайдалану барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі, яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып, соның себебінен негізгі құрал істен шығуы мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндігі болмай, пайдаланып жүруі мүмкін. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Жай жөндеу дегеніміз негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуде майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.

Күрделі жөндеу дегеніміз алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдың бөлшектерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін, өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құралдың бастапқы құнын өсіреді. яғни күрделі жөндеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып, активтің болшақтағы табыс әкелуіне көзделеді.

Ал ағымдағы жөндеуге жұмсалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан шығындар сомасы ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.

Кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осындай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса, бұл жөндеудің мердігерлік ұйыммен келісімшарт жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай ұйымның қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізу мерзімі, жөндеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі, тағы да басқа жағдайлар көрсетіледі.

Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында үлгілі түрі НҚ-2-ші «Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» толтырылады.

Ұйымның негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни кәсіпорынның өз күшімен жүргізілетін болса, онда ол үшін жұмсалған, шыққан шығындар:

  • «Аяқталмаған құрылыс»,

  • «Тауарларды сату жөніндегі шығындар»,

  • «Жалпы және әкімшілік шығындар»,

  • «Негізгі құралдарды жөндеу» үстеме шығындары деп аталатын шоттардың тиістілерінің дебитіне, ал мына төмендегі:

  • «Материалдар»,

  • «Бюджетпен есеп айырысу»,

  • «Еншілес серіктестіктердің несиелік борышы»,

  • «Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу»,

  • «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу»,

  • «Басқадай несиелік борышпен есептеулер» деп аталатын шоттың тиістілерінің кредитіне жазылады.

Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын өнімнің өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып отыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар жөндеу қорын құруларына болады. Әсіресе жөндеу қорын құру маусыммен жұмыс істейтін ұйымдар үшін тиімді болып табылады. Бұл айтылған жөндеу қоры оның бекітілген мөлшердегі сомасын ай сайын өндіріс шығындарына қосу арқылы жасалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]