Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ бух учет.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
06.11.2019
Размер:
1.55 Mб
Скачать

4. Бухгалтерлік баланс. Құрылысы, түрлері.

Бухгалтерлік есептің негізгі атқаратын қызметінің бірі – пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақтылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі – бухгалтерлік баланс. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған, «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе, оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорындардың әлуетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредитор берешек борыштары болып табылады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвестордың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тен болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы - өз алашағын алу үшін жанталасатын болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.

актив = меншікті капитал + міндеттеме

Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдаң басына жасалады. Баланстың актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы, ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауына ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақшалары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады.

Бухгалтерлік есептің пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның біріншісі меншікті капитал деп аталады, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны келтіріледі. Екінші бөлімі ұзақ мерзімді міндеттемелер қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылады, ал үшінші бөлімі қысқа мерзімді міндеттемелер тарауына ұйымның алдағы кезеңінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы-мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары бойынша көрсетіледі. Енді жоғарыда айтқандарымыз түсініктірек болуы үшін үлгі ретінде «Ақнұр» фирмасының 2002 жылғы 1 қантарға жасалған бухгалтерлік балансын қарастырайық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]