Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ бух учет.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
06.11.2019
Размер:
1.55 Mб
Скачать

18.Нарықтық экономика жағдайында аудиттің маңыздылығы.

Экономикалық басқарудың жетіле түсуі,нарықтық қатынастардың қалыптасуы,меншіктің әр түрлі нысандарын пайдалану,шетелдік әріптестердің қатысуымен бірлескен кәсіпорынды құру,халықаралық стандарттарға қарай бағыт алу аудиттің атқаратын ролі мен мәнінің алдағы уақытта да арта түсетінін білдіреді.Шаруашылық жүргізуші ұйымның нарықтық экономикада тиімділігін,табыстылығын арттырып, алатын орнын белгілеп,өресін кеңейтетін фактор тек қана оның өндірген өніміне сұраныстың артуы емес, экономикалық қатынастың дамуы мен байланыстырушысы қорытынды есеп ақпараттары болып табылады.Сол себепті,бухгалтерлік есептің негізінің дұрыс ұйымдастырылып,қаржылық қорытынды есеп мәліметтерінің сенімді ақпарат көздеріне айналуына заңдар мен нормативтік актілердің сақталуына дербес тәуелсіз тексеру жүргізіп,дер кезінде көмек көрсетіп,шаруашылықтың берген тапсырмасын қанағаттандырудың құралы : аудиторлық қызметтің нарықтық экономикада,қоғамда алатын орны, атқаратын ролі және маңызы өте зор. Республикамызда әр түрлі ұйымдық құқықтық нысандағы меншіктің түрлері бизнестің және кәсіпкерліктің түрлерінің қалыптасуына,оның ішінде аудиторлық қызметтің жедел дамуына қолайлы жағдай жасады.Тәуелсіздікпен бірге нарықтық экономикаға аяқ басқан сәттен бастап,меншіктің әр түрлі нысандары қалыптасты.Оларға тәуелсіз бақылау жасайтын тәуелсіз аудиторлық бақылаудың өріс алуы елеулі оқиғалардың бірі болды.Нарықтық қатынастарға өту,оны қалыптастыру экономиканың жаңа күйге көшуін ғана білдіріп қоймайды,сонымен қатар көптеген талаптарды орындауды,мәселелерді шешуді талап етеді. Нарықтық қатынастар кеңістігінде шаруашылықтың өз орнын тауып даму жолына түсуі оның өнім өндіру бағытын және экспорт пен импорттың көлемін сақтай отырып халықаралық стандарттарды реттейтін нормативтер мен онрматитік құжаттардың талаптарын бойына сіңіре отырып,қаржы шаруашылық қызметінде олардың орындалуын қамтамасыз ететін кешенді мәселелерді шешумен тығыз байланысты.Сондай өзекті мәселелердің бірі аудитті халықаралық стандарттарға сай деңгейде ұйымдастыру .Соңғы жылдары еліміздің экономикасының біршама көтерілуіне,шаруашылық субьектілердің аяқтан тұрып кетуіне ,шағын және орта бизнестің дамуына тәуелсіз аудиторлық бақылаудың елеулі үлес қосқанын айтып өткен жөн.Нарықтық қатынастарда аудиторлық тексерудің нәтижесіне ерекше орын берілген.Аудиторлық қызметтің нәтижесі аудит жүргізген шаруашылықты ғана емес,сонымен қатар мемлекеттік органдар мен мүдделі жақтарды да бей жай қалдырмайтыны белгілі.Яғни ,шаруашылықтың қаржы шаруашылық қызметінде орын алған олқылықтар мен жеткен жетістіктерді дәлелдеу және растауда аудиттің атқаратын ролі зор.

19. Аудиттің түрлері

Аудиттің түрлерін зерттеудің методикалық жағының өте зор маңызы бар. Өйткені аудитті қандай түрлермен жүргізу және олардың әрбір жағдайларда тигізетін әсерлерін анықтау қажет. Осыған орай аудит төмендегідей түрлерге жіктеледі:

  1. Субъектілер бойынша – ішкі және сыртқы;

  2. Зандылығы бойынша – міндетті және бастамашылық;

  3. Объектіні аудиторлық жұмыспен қамту бойынша – толық және ішінара.

Бастамашылық аудит соған қажетті тапсырысшыларды тапсыруы бойынша жүргізіледі, егер бұл тексеру заң жүзінде көрсетілмесе. Мұндай тексерудің көлемі клиенттердің талабына байланысты.

Міндетті аудит заңда көрсетілген және субъектінің өздерінің қаржы-шаруашылық жұмыстарын тексеру үшін аудиторларды немесе аудиторлық фирмаларды шақыруға міндетті.

Сыртқы аудит аудиторлық фирмалармен немесе жеке аудиторлармен шарт бойынша субъектінің қаржы есебінің дұрыстығын және қаржы мүмкіншіліктерін тәуелсіз түрде бағалау үшін жүргізіледі.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындалған жұмыстарына тәуелсіз экпертиза берідің нәтижесінде аудиторлар қаржы жағдайын жақсарту, жұмыстардың тиімділігн арттыру жөнінде керек болған жағдайда өздерінің ұсыныстарын береді. Сонымен қатар субъектінің төлем қабілеттілігіне және қаржы тұрақтылығына баға береді. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырыс берушілердің мүддесіне қарай жасалынады. Сыртқы аудиттің басты міндеті – субъектінің есебіне тәуелсіз түрде баға беру, көрсеткіштерінің дәлдігін анықтап, сол жайында тапсырыс берушілерге өз пікірін айту. Сыртқы аудит өз жұмысын заңға, стандартқа, бухгалтерлік есептің принциптеріне, нормативтерге т. б. Сүйене отырп жүргізіледі.

Ішкі аудит субъектінің ішінде жүргізілетін жұмыстарға тәуелсіз түрде баға беру, оларға қызмет көрсету болып табылады. Ішкі аудиттің мақсаты субъектінің экономикалық саясатын дұрыс жүргізілуіне, ішкі бақылаудың дұрыстығына, барлық бөлімдері мен бөлімшелерінде жұмыстың орындалуына эксперттік түрде баға беру.

Жалпы алғанда ішкі аудиттің орындалатын жұмыстарының саны өте көп. Бухгалтерлік құжаттардың дұрыс орындалуы мен барын тексерумен қатар, ішкі аудит әкімшілік тәртіптің сақталуын, бұйрықтар мен үкімінің орындалуын тексереді және тауарлы материалды құндылықтарды, негізгі құралдарды түгендеу жұмысын ұйымдастырады т. с. с. Ішкі аудиттің міндеті мен мақсаты және орындалатын жұмысы субъекті бастығының талабына сай жүргізіледі. Сонымен қатар субъекті бастығының ұсынысы бойынша ішкі аудиттің жұмысы ұйымдастырылады. Осы жоғарыда айтылғандарға қарай сыртқы және ішкі аудиттің жұмыстарының бір-бірінен айырмашылығы олардың объектілері, бағыты, міндеті, мақсаты және жауаптылығ бойынша.

Сонымен қатар көптеген әдебиеттерде аудиттің тағы басқа түрлері де ажыратылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]