Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШПОРЫ бух учет.doc
Скачиваний:
24
Добавлен:
06.11.2019
Размер:
1.55 Mб
Скачать

24. Аудиторлық дәлелдемелер және оларды алу жолдары. Клиенттің ішкі бақылау жүйесі.

Аудиторлық дәлелдеме–бұл тексерудегі аудитор жинаған қорытынды, олар аудиторлық қорытынды дәлелдемесі болып табылады.

Аудиторлық дәлелдемелер болып:

- ішкі (бұл ақпарат, аудит жасалып жатқан клиенттен алынған);

- сыртқы (бұл ақпарат, мекемеден немесе үшінші адамдардан алынған);

- аралас (бұл ақпарат, аудит жасалып жатқан клиенттен алынған және сырттан бекітілген).

Аудиторлық дәлелдемелердің сапасы өздерінің келіп шыққан көздеріне тәуелді. Ең құнды және дұрыс болып сыртқы, аралас, ішкі дәлелдемелер саналады. Дәлелдеме алу жұмыстарына:

  • инвентаризация жұмыстарына қатысу немесе байқау;

  • шаруашылық және бухгалтерлік операцияларды орындалуын бақылау;

  • ауызша сұрау;

  • жазба түрде деректемелер алу;

  • клиент басқалардан алған құжаттарды тексеру;

Аудиторлық дәлелдемелердің негізгі көздері мыналар болып табылады: бухгалтерлік есептің қолданыстағы заңнамасы, салықтар туралы және басқа да номативтік-құқықтық актілер,  бухгалтерлік есеп стандарттары, қаржылық есеп стандарттары,  есеп саясатының қағидасы, бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама, қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп тізімдері.

Ішкі  бақылаудың құрылымын түсіну үшін аудитор:

  • Тауарлы-материалды қорлар табиғатын анықтау мақсатымен, өткен жылғы жұмыс құжаттарына  шолу жасау керек.

  • Тауарлы материалды қорларға бақылаудың қалай жүргізілгендігін зерттеу.

  • Қандай мәселе табылғанын зерттеу;

  • Құралған сауалнама бойынша персоналдардарға сурау жасау;

Өзінің әдеттегі есебін және бақылау жұмысын атқаратын, клиент жұмысшыларын бақылау, аудиторға бақылау кезеңін және процедураны  түсінуге мүмкіндік береді және олардың бәрі тәжірибиеде қолданылатынына сенімділігін береді.

Оларды жақсы түсіну үшін деректі алғашқы құжатты тексере отырып, аудитор өзіне қажет мазмұн нұсқауларын айқындай алады.

Сипаттау есебін, құжат айналымын, ішкі бақылау сұрақтарын, сұраулар тізімін  құру арқылы ішкі бақылау жүйесінің түсінігін құжаттай алады. Шаруашылық қызметтің және клиенттің ішкі бақылауын алудағы сұрақтар тізімінің үлгісін келесі кестеден көреміз.

Шаруашылық операцияларды орындау барысында болатынын бұрмалауларды ішкі бақылау жүйелері арқылы жою мүмкін еместігін аудитор біліп жүруі керек. Сондықтан ол керекті тексеру процедуларын өзінің тәжірибиесіне және пікіріне сүйене отырып қабылдайды.

Клиенттің ішкі бақылау жүйесі қаншама тиімді ұйымдастырғанымен, әрқашан да осылардың барлық айтарлықтай бұрмалаулардың алдын ала бермеуінің немесе таппауының тәуекелі қалып отырады.

Шаруашылық қызметпен және тауарлы-материалдық қорлардың ішкі бақылау жүйесімен таныс болғаннан кейін, аудитор, бақылау тәуекелінің деңгейін алдын-ала бағалай алады.

Аудиторға клиенттің ішкі бақылау жүйесі алға қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізуге деген әкімшіліктің толық сенімділігі үшін дайындалған процедуралар мен әдістемелік басшылықтан тұруы мүмкін екені белгілі болуы керек. Оның ішінде өндіріс циклындағы операцияларды есепке алу үшін кәсіпорын әдетте бағалаудын негізгі жолдары мен тандап алынған әдістерін есеп саясатында немесе оның жеке қағидаларында бейнелейді. Бұл кезде есеп саясаты немесе ереже келесідей аспектілерді сақтауы керек.

  • тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау әдісі, сонымен бірге бағалау әдісі барлық тауарлы-материалдық босалқылар үшін бірдей болуы кереқ

  • соның негізінде өнім өндірісі процесі бухгалтерлік есепте тіркелген бастапқы құжаттар тізімі;

  • басшы бекіткен өдіріс циклі бойынша құжат айналымының графигі;

  • тауарлы-материалдық босалқыларды есептен шығару тәртібі;

  • тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу жүргізу тәртібі мен мерзімі;

  • тауарлы-материалдық босалқыларды жіктелімі, бухгалтерлік есеп тізімі және аналитикалық есепті ұйымдастыру.

25. Аудиторлық іріктеу:

Аудиторлық іріктеулерге аудиторға іріктеудің жиынтығы бойынша қорытынды пікірді құрау немесе оның құралуына мүмкіндік жасау мақсатымен таңдап алынған баптардың кейбір сипаттарына қатысты аудиторлық дәлелдеу алу және оны бағалауға мүмкіндік беру үшін шоттың сальдосы немесе операциялар тобы шегінде баптардың 100 пайыздан аз бөлігіне қатысты аудиторлық процедураларды қолдану кіреді. 530 Аудиторлық іріктеу деп аталатын Халықаралық аудит стандарты іріктеудің жиынтығы бойынша қорытынды жасау мақсатында таңдап алынған баптардың кейбіреулеріне қатысты аудиторға дәлелдеулер алуға және оны бағалауға мүмкіндік беретін шоттың қалдығы немесе операцияның тобы шеңберінде 100 пайыздан төмен баптарға қатысты аудиторлық процедуралапды қолдану ретінде іріктеуді анықтайды.

Іріктеу аудиттің барлық саласы үшін қажет боп табылмайды, бірақ оны бір типті операциялардың санының көптігі байқалатын саларда өткізу орынды.

Іріктеу тәуекелдігі: Іріктеу кезінде мәліметтер жиынтығының барлық баптарын аудитор тексермейтін болғандықтандықтан, ол мәліметтердің барлық жиынтығын зерттеу нәтижесінде жасалуы мүмкін қорытындыдан айырмашылығы бар қорытынды жасау тәуекелдігі болады.

Статистикалық және статистикалық емес іріктеу. Статистикалық іріктеу кезіде мәліметтер жиынтығы бойынша таңдау жасау үшін ықтималдық теориясы сияқты матеметикалық процедуралар қолданылады. Статистикалық емес іріктеу кезінде негізгі әдіс аудитордың пікірі боп табылат.

Іріктеп тексеру жүргізудің негізгі кезеңдері:

Іріктеуді жоспарлау

Іріктеу үлгілерін таңдап алу

Іріктеу үлгілерін бағалау

Аудиторлық іріктеудің көлемі мен құрылымын жоспарлау кезінде аудиторлар аудиттің ерекше мақсатын, үлгілер алынатын мәліметтер жиынтығын, олардың көлемі мен алу әдістерін, іріктеу көлемін, стратификация, жібірілетін қате және болжамды қателерді назарға алуға тиісті.

Аудиторлар баптардың үлгілерін олар мәліметтердің бар жиынтығын көрнекті түрде көрсететіндей етіп іріктеп алуға міндетті. Іріктеудің негізінде дұрыс қорытынды жасау үшін мәліметтер жиынтығына тән болып табылатын үлгілерді таңдап алу қажет. Мәліметтер жиынтығының барлық баптары үшін олардың таңдалып алынатындығына белгілі бір ықтималдық бар болу керек. Таңдап алу: Еркін таңдап алу, кездейсоқ таңдап алу, құны бойынша таңдап алу, жүйелі таңдап алу және блок бойынша таңдап алу.

Іріктеудің әрбір бабы бойынша аудиторлық процедура өткізгеннен кейін аудитор:

Үлгіден табылған қателерді талдауға тиісті

Іріктеу тәуекелдігіне қайта бағалау тиісті

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]