Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать
  1. Сұраныс, сұраныс заңы,сұрастың өзгеруіне әсер ететін факторлар.

Рыноктық қатынастар сатушы мен сатып алушының өз мүдделерінің тиімділігіне негізделген іс-әрекеттермен сипатталады. Бұл қатынастар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар түрінде көрініс табады.

Сұраныс рыноқтың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады. Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.

Бәсекелі рынокта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді. Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі – сұраныс заңы.

Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін арттырады.

Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты сұраныс қисығы төмен бағытталынған. Бұл тәуелділікті график арқылы көрсетеміз:

Сұраныс қисығы.

D қисығы сұраныс қисығы деп аталады. P1 бағада сұраныс көлемі Q1-ге тең. Бағаның Р2-ге дейін төмендеуі сұраныс көлемін Q2-ге дейін арттырады.

Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан сұраныс теңдеуі келесідей түрде беріледі:

Qd=a-b*Р

Р- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары.

а мөлшері өзгергенде сұраныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде сұраныстың көлемі қисықтың бойымен қозғалады. Яғни а параметрі бағаға тәуелсіз, ал b бағаның өзгерісінің әсеріне ұшырайды.

Сұраныс қисығына әсер ететін бағадан басқа факторлар.

1) Тұтынушылардың саны.

2) Табыс деңгейі.

3) Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы.

4) Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық беруі, мода.

Сұраныс пен ұсыныстың рыноктық тепе-теңдігі.

в- тауарлардың артықшылығы.

Е - сұраныс пен ұсыныстың теңесу нүктесі.

а – тауарлардың жетіспеушілігі.

РЕ – тепе-теңдік баға.

QЕ – тепе-теңдік тауар көлемі.

Сұраныстың бағаға тәуелділік сұраныстың икемділігі арқылы сипатталынады. Сұраныстың баға бойынша икемділік коэффициенті – сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынысы арқылы анықталады.

Ed=% ∆Q / %∆P

Икемділік коэффициенті бағаның бір пайызға өзгерісінің нәтижесінде сұраныс көлемінің қанша пайызға өзгеретінін көрсетеді.

Егер бағаның өсуі сұранысты төмендетіп, жалпы табыс мөлшерін өзгеріссіз қалдырса, онда сұраныс бірлік икемді (Еd=1).

Егер бағаның өсуіне қарғанда сұраныстың төмендеуі жоғары болса, онда сұраныс икемді (Еd>1).

Егер бағаның өсуіне қарағанда сұраныстың төмендеуі аз болса, онда сұраныс икемсіз (Еd<1).

Сұраныстың икемділігіне әсер ететін факторлар:

1.Өзара алмастырушы және толықтырушы тауарлар.

2. Тұтынушының табысы.

3. Тұтынушы бюджетіндегі тауарлардың үлесі.

4. Тауардың қажеттілігінің деңгейі.

5. Тұтынушының күтуі.

20.Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруне әсер ететін факторлар.

Сатушылардың тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады. Ұсыныс- берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының мөлшері.

Рыноктағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.

Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін төмендетеді.

График бойынша Q – ұсыныс көлемі, Р – рыноктағы баға, S – ұсыныс қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс пен баға арасындағы тура байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының көлбеулілігі жоғары бағытталған.

Ұсыныс қисығы.

Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:

Qs=a+b*Р

Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар:

1) Өндіріс шығындары.

2) Салық мөлшері.

3) Технология.

4) Субсидия.

Ұсыныстың икемділігі – баға өзгерісіне байланысты рынокқа ұсынылатын тауарлар көлемінің өзгерісінің көрсеткіші.

Ұсыныстың икемділік коэффициенті (Еd) ұсыныстың өзгерісінің баға өзгерісіне қатынасы арқылы есептеледі.

Ed=∆Q/∆P

Бәсекелі рыноктағы тепе-теңдік бағаның қалыптасуы сұраныс пен ұсыныстың ерекшеліктеріне байланысты.

Қорыта айтқанда, уақыт мерзімі өскен сайын ұсыныстың икемділігі жоғарылайды, ал бұл тиімді бағалардың қалыптасауына мүмкіндік береді. Бағаның өзгеруіне байланысты ұсыныстың бейімделу жылдамдығы экономикалық ресурстардың мобилділігіне тәуелді.

21. Бәсеке рыноктық механизімінің негізгі элементтері. Бәсеке экономикалық процесс ретінде белгілі бір іс-әрекеттердің жиынтығы болып табылады.Бұл іс-әрекеттер ұлғаймалы ұдайы сатылардан тұрады:1.Өндіріс үшін қажет құрал жабдықтар,ғимараттар және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету.2.Өндірісті ұйымдастыру,шикізат пен материалдар және қаржы-несиемен жабдықтау.3.Бәсекеге қабілетті өнім шығару.4.Өнімнің сатылу көлемін,орнын,уақытын анықтау.5.Пайданың бір бөлігін инвестициялық қорға аудару және оны өндірісті ұлғайтуға жұмсау.Бәсеке деңгейі өнімнің рыноктағы өмір сүру уақытына байланысты.Бәсекенің пайда болуының объективті алғы шарттары:әрбір өндірушінің оқшау шаруашылық жүргізу,олардың рынок коньюктураларынан тәуелділігі,сұраныс үшін басқа сатушылармен күресі.Бәсеке өндірушілердің бірін-бірі бакылап отыруына мүмкіндік береді.Тұтынушы үшін олардың арасында күрестің болғаны тиімді.Өйткені,бәсекеде жеңіп шығу үшін шығындарды азайту,тауарлардың сапасын арттыру жолдары қарастырылады,нәтижесінде баға төмендейді.Сонымен қатар,бәсеке нәтижесінде экономикалық мүдделер қайшылығы тереңдей түседі,адамның экономикалық жағыдайларының алшақтауы күшейеді,қоршаған ортаға келтіретін теріс әсер өседі,еңбек ету,табыс табу,демалу құқықтарының қамтамасыз етілуіне кепілдік төленбейді,монополиялық билік артады.Мемлекеттің экономикаға араласуынсыз бәсеке теріс салдарлы күшке айналуы мүмкін.Сондықтан бәсекені экономикалық өсуді ынталандырушы құрал ретінде пайдалану үшін мемлекет заңы арқылы «ойын ережесін»анықтайтын және оның орындалуын қадағалайтынын шараларды іске қосады.Рыноктағы жағдайларға байланысты бәсекеәртүрлі нысанда көрініс табады.Бәсекенің жетілген және жетілмеген нысандары бар,яғни рыноктық мәмлеге қатысушылардың әрекеттері еркін бәсекеге және монополияға негізделеді.Қазіргі кезде рынок субъектілері аралас нысандағы рыноктық типте әрекет етеді.Өйткені ешбір елде еркін бәсеке де,монополия да таза күйінде қолданылмайды

22. Бәсеке,оның типтері . Бәсеке-шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіншіліктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық күрес.Сонымен қатар,бәсеке тауарды өндіру мен өткізуде,сондай-ақ капитал салу шеңберіндегі рыноктық субъектілердің әрекет ету бағыттарын анықтайтын рыноктық механизмнің элементі болып табылады.Рыноктық экономикадағы қолданылатын бәсекенің нысандары өндірісті ұйымдастыру нормалары мен ережелерін,мемлекет пен жеке сектордың қызмет ету әдістерін анықтайды.Жетілген бәсеке-өзара ұқсас,көлемі шамалас көптеген тауар өндірушілердің арасындағы күрес.Оның белгілері:рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз,рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ,өндіріс факторларының қозғалысы жоғары,рыноктағы бағаға әсер ету тетіктері жоқ,ақпарат алу мүмкіншіліктері бірдей.Жетілген бәсеке үш бағытта жүреді:сатушылар арасында,сатып алушылар арасында және сатушылар мен сатып алушылар арасында.Жоқсыз бәсеке:1.Бәсекелесі туралы жалған,теріс ақпарат тарату;2.Тауарлардың сапасын,өндірілген жері,өндіру тәсілі туралы ақпараттарды бұрмалау.3.бәсекелес фирмалардың тауар белгісін,фирма атауы мен маркасын заңсыз пайдалану.4.Қойылған талаптарға сай келмейтін тауарларды жарнамалау.5.Бәсекелестердің тауарларына нұқсан келетін дәексіз салыстыруларды жария ету.6.Құпия ғылыми техникалық,өндірістік,ақпараттарды жария ету.Барлық елдерде бәсекелік күрестің бағалық әдістері қолданылады.Өз тауарына монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаны қояды және бағалық алалау әдісін пайдаланады.Бағалық емес күрес әдістері.Бұл әдіс екі топқа бөлінеді:1)өнім бойынша бәсеке2)сату жағдайы бойынша бәсеке.

23. Баға оның өндірістегі орны . Жетілмеген бәсеке кезінде монопсонистің бағаға билігі сұраныстың икемділігімен тығыз байланысты. Басқа теңдік жағдайларда, сатып алушылардың сураныс икемділігі аз болған сайын, монополист фирманың жоғары баға қоюға мұмкіндік болады. Осыған байланысты фирмаға рынокты бөлу тиімді болғанда мынадай жағдай пайда болуы мүмкін: бір тауарды әр түрлі сатып алушылар топтарына әр түрлі бағамен сатады. Мұндай сату тәжірибесі баға алалаушылығы деп аталады. Бұл жерде алалаушылық сөзі біреудің құқына қысым жасау дегенді емес, бөліну дегенді білдіреді. Неге фирма белгілі жағдайда баға алалаушылығын қолданады. Оның мәнісі бағаны төмендету арқылы жаға сатып алушыларды тартуға болады, олар басқа жағдайда өнімді жоғары бағаға сатып алмайды. Бірақ бағаны төмендетуді сатып алушылар өнімді бұрынғыдай жоғары бағамен сатып алатын етіп жүргізу керек. Фирма рынокты бөлу арқылы өз пайдасын көбейтеді, байлығы жоғары сатып алушыларға монопольды тепеөтеңдік бағасынан жоғары, ал кедейлерге бұл бағадан төмен бағадағы өнімді ұсыну арқылы. Баға алалаушылығының ең күрделі мәселесі бір рыноктан екінші рынокты сенімді түрде ажырату, яғни арзан, қымбат. Егер мұны істемесе, онда пайданы барынша көбейту идеясы жүзеге аспайды. Өйткені арзан рыноктың тұтынушысы арзан бағамен алып қымбат рынокта сатады.

24.Фирма нарықтық экономикадағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізі ретінде. Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агкнті.Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан тұратын,пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды.Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады,олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:*индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;*серіктестік немесе партнерлік;*корпарация.Индивидуалдық кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі-капиталдың аз мөлшерде болуы.Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсы барлық пайданы иемденеді,өзгерістерінің қандайын болмасын өзі жүргізе алады.Серіктестік дегеніміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес.Бұл да заңды тұлға емес,сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарызына шексіз жауапкершілік артады.Артықшылықтары:ұйымдастырылуы жеңіл,қосымша қаражаттар және жаңа идеалдары іске тарту мүмкіндігі болады.Кемшіліктері:*шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшылығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;*фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-йрекет мақсаттарын жетіле түсінбеуі;*фирма табыстары мен шығыстарындағы бірге тапқан мүліктерді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы.Брокерлік кеңселер,аудиоторлық фирмалар,қызмет көрсету сферасының мекемелері және көбінесе,серіктестер формасында ұйымдастырылады.Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп,кәсіпкерлік қызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды.Корпарациялардың артықшылығы:*акциялар мен облигацияларды сатып ақша капиталын іске тартудың шексіз мүмкіндігі;басқару қызметтерін жүргізуге сырттан жогары квалификациясы бар мамандарды шығара алады;*корпорацияның тұрақты қызмет етуі.Қоғамнан әлдебір акционердің шығуы фирма қызметіне,оның жабылуына әсер етпейді.Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады,бірақ артықшылары одан да көп болады.Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші,орташа және ірі бизнес болып бөлінеді.

25. Жеке кәсіпкерлік. Оның түрлері . Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белші жатыр: меншің формасы және фирма көлемі. Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді. Бұл екі сектордың ұлттық экономикадағы үлес салмағы тұрақсыз: ұлттандыру кезітде мемдекеттік кәсіпкерлік шекаралары кеңейеді, ал жекешелендіру оларды тарылтады. Мемлекеттік кәсіпкерлік әдетте тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, себебі, үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында. Сонда да, жеке сектор мемлекеттікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие: - түсімділігі жоғары қызмет жоғары сферасын таңдауға еркін; - бизнес көлемі шектелмеген; - қатаң бағамен шектелмейді. Кәсіпкерлікте үш түрді бөліп алады: - жеке тұлғалар; - серіктестік; - корпарация. Жеке кәсіпкерлік деп бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында. Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпарация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ юристердің, дәрігерлердің т.б. Кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы. Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кәсіпкер, әдетте, кәсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады, барлық тәуекелді өзінің мойнына алады және осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кәсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып, не пайдаланбай жүзеге асыралады, сонымен қатар заң актілерімен шектелмеген шаруашылық қызметтің барлық түрін де жүргізеді.

Жеке кәсіпкердің мынадай құқықтары бар:

  • мемлекеттік кәсіпорындардың және басқадай меншік түрлеріне негізделген кәсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай иемдену;

  • шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысу;

  • келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау және жұмыстан босату;

  • еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу;

  • шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру;

  • жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау;

  • бағалар мен тарифтерді белгілеу;

  • таза пайданы пайдалану;

  • сыртқы экономикалық қатынастарда болу, т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]