Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать

45. Жұмыспен қамтылу жүйесіндегі мемлекеттік саясат.

Адами даму концепциясында қоғам дамуының өзекті мәселесі болып ұзақ , лайықты өмір сүруімен, білім алумен қатар лайықты өмір сүру ресурстарына қол жетімділік болуы қажет. Халықтың көпшілігі үшін табыстың қайнар көзі еңбек болып табылады, ал адами даму концепциясында ең негізгі белгілерінің бірі болып еңбек өнімділігі саналады. Мемлекетімізде құрылыс, экономиканы реформалау және саяси жүйені либерализациялау бойынша орасан зор жұмыстар атқарылды. Әлемдік қауымдастықта жұмыспен қамтылу саясатын жүргізетін ұйым- Халықаралық Еңбек Ұйымы болып табылады. Халықаралық Нңбек Ұйымы шеңберінде жұмыспен қамтылудағы мемлекеттік принциптер, экономикалық және қоғамдық стратегиялар қарастырылды. ХЕҰ халықаралық еңбек нормалары, формалды, формалды емес секторлардағы еңбек қатынастары, еңбек нарығындағы саясат рөлі, инфрақұрылым дамуы, кадрларды даярлау, әйелдер мен еркектердің еңбек құқығының теңдігін анықтайтын негізгі принциптер қалыптастырылды.

Жұмыссыздық бойынша қоғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады – жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады.

Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары (тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі ) айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде еңбек биржасы алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастардың дамуына сәйкес, оның мақсатымен және атқаратын қызыметтері өзгереді. Еңбек биржасы – бұл еңбекті жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім жасалатын, тұрақты жұмыс істейтін мекеме. 1991 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбекпен қамту қызыметі жұмыс істей бастады.

Жұмыссыздықтан қоғау жүйесінің негізгі мақсаты – жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету.Жұмыссыздық бойынша қоғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады – жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады.

Осы бағытта өнеркәсібі дамыған Батыс елдердің тәжірибесін қолдануға болады. АҚШ – та, мысалы, аймақты және жергілікті деңгейде жұмыс күшінің электронды банкілері құрылған. Онда жұмысқа орналасқан кезде жоғары сапалы консультациялық көмек көрсетіледі. Нәтижесінде барлық мамандық топтарындағы жұмыссыздардың 40 проценті бір айдың ішінде жұмысқа орналасады. Сондай – ақ жұмыссыздарды қаржыландырудың жаңа бағдарламасы ендірілген. Әсіресе, Вашингтон штатында федералдық үкімет тиісті білім, жұмыс тәжірибесі бар және өз ісінің маманы болғысы келген 400 жұмыссыз адамға белгілі бір уақытқа дейін мүмкіндік беріп, алдын – ала жәрдемақы төлейді. Бұның өзі, олардың жұмыс жобасының экономикалық дәлелі бар, әдейі курстарды өткен, сондай – ақ жаңа істі консультант көмегімен бастаған жұмыссыздарға беріледі.

Бүгінгі таңда Қазақстанда және оның аймақтарында жұмыспен қамту мәселелерінің өзекті аспектілері болып отырғандар: инженерлік-техникалық мамандықтарға қажеттіліктің және өндірістік сфера, ғылым, өнеркәсіптің ғылыми салаларында жұмыспен қамтылғандардың қысқаруына алып келген, персоналдардың салалық және кәсіби-біліктілік құрылымының деформациясы; экономиканың көлеңкелі және қылмысты салаларында ресми емес жұмыспен қамтылғандардың көбеюіне алып келетін жұмыспен қамтудың жаңаша емес формаларының кеңінен таралуы.

Жалпы алғанда, еңбекпен қамтылу елдің көптеген экономикалық проблемаларын шешеді: кедейлікті азайтады, адамдардың белгілі бір дәрежеде тұрмысының жақсаруына әсерін тигізеді, адамдарды пайда табу үшін жан-жақты ынталандырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]