Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

тлем балансы

.docx
Скачиваний:
43
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
43.65 Кб
Скачать

Жоспар

1.Төлем балансына жалпы түсінік.

2. Қазақстандағы төлем балансы

Төлем балансы

Төлем балансы, төлем теңгерімі – елдің халықаралық алыс-берісінің валюталық түсімдері мен төлемдерінің арақатынасы нысанындағы теңгерімдік шоты. Төлем балансы екі бөлімнен тұрады, олар: ағымдағы алыс-беріс сауда теңгерімі – тауарлардың экспорты мен импортының арақатынасы;капиталдар мен несиелер қозғалысының теңгерімі. Төлем балансында халықаралық ақшалай алыс-беріс көрсеткіштері жетекші орын алады, әсіресе, сыртқы сауда бойынша төлемдер мен түсімдерден асып түседі. Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше елдер, соның ішінде Қазақстан өкіметі төлем балансын жасау барысында жалпы тұжырымдалған ұсыныстарды негізге алады, бірақ әр ел өздерінің сыртқы шаруашылық байланыстарын есептеудің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, қосымша нышандар енгізеді.Төлем балансы белгілі бір күнге немесе белгілі бір кезеңге жасалады. Төлем балансының жағдайы ұдайы өндірісте болатын үдерістерге (экономикалық өрлеу қарқынына, инфляцияға, валюталық бағамның серпініне, төтенше оқиғаларға, елдің әлемдік экономикадағы орнына, т.б.) байланысты. Өз кезегінде төлем балансының жағдайы ұдайы өндіріске, валюталық бағамға, алтын-валюталық сақтық қорға, сыртқы берешекке, елдің валюталық-экономикалық жағдайына, капиталдың көші-қонына, әлемдік валюталық жүйеге, дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалын тигізеді. Төлем балансы мемлекеттік реттеу нысаны болып табылады, негізгі баптардың қалыптасуына ( тауарлар экспортын көтермелеуге, шетел капиталының ағынын тоқтатуға, капитал әкетілімін реттеуге, т.б.) және пайда болған пассив сальдоны шетелдік несие мен инвестицияларды тарту, ресми валюталық сақтық қорларды, кейде алтынның босалқы қорларын да тарту есебінен өтеуге бағытталады. Төлем балансының актив сальдосын мемлекет елдің сыртқы берешегін өтеу, басқа елдерге несие беру, алтын-валюталық сақтық қорларын молайту, шетелде “екінші” экономика жасау мақсатымен капитал әкету үшін пайдаланады.

Әртүрлі елдердің әріптестері арасындағы келісімдер ақшаның елден   кетуіне   немесе   елге   келуіне   жеткізеді.   Тауарлардың импорты, шетелдік корпорациялардың инвестициялары немесе ата-аналардың атына қаражаттардың қайтарымсыз аударылуы — ақша қаражатының елден кетуіне жеткізетін халықаралық мәмлелердің мысалы болып табылады. Тауарлар экспорті отандық корпорацияларға шетелдік инвестицияларды тартуды немесе шетелдегі ата-аналардан елге келіп түсетін ақшалай сыйлықтардың құйылысын білдіреді.

Әр жылдың аяғында: келген ақша мен кеткен ақшаның қайсысының көп екендігі анықталынып отырылады. Егер келген ақшадан гөрі кеткен ақша көп болып шықса, онда төлем балансының тапшылығы құралады. Тапшылық (дефицит) дегеніміз біздің импорттық (шығындық) операцияларымыз, біздің экспорттық (табыстық) операцияларымыз қамтамасыз еткеннен гөрі шетелдік валютаға үлкен көлемде сұраным тудырды деген сөз. Тапшылық шетелден алынатын қарызбен, немесе активтердің бөлігін сатумен қаржыландырылады. Болмаса, шетелдік валютаның түсу жетімсіздігі Орталық банктың ресми резервтерінен толықтырылады. Кез келген елдің ресми резервтері шектеулі. Сондықтан да сол елдердің резервтер есебінен қаржыландырылатын төлемдік баланстарының тұрақты немесе ұзаққа созылған тапшылығы, сол елді сөзсіз жүдеушілікке жеткізеді. Мұндай жағдайда төлемдік баланстың теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін ол елдің шаралар қабылдауларына тура келеді.

Қазақстанның төлем балансы — Бұл белгілі бір кезеңдегі резиденттер мен резидент еместер арасындағы барлық экономикалық операциялардың жүйелендірілген көрінісі. Мұндай жағдайдағы кезең әртүрлі болады: ай, тоқсан, жыл. Төлем балансы стандартты және аналитикалық болып келеді.

Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 қаңтардағы № 71 Қаулысы

(2007.31.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) бекітілген болатын.

Төлем (ТБ) балансын құру жəне бағалау есепке алудың стандарттық ережелеріне жəне анықтаулаpғa сəйкес, Халықаралық Валюта Қорының əдіснамасы (Төлем балансын құру жөніндегі басшылық, ХВҚ 5-басылым, 1993ж.) негізінде жүргізіледі.ТБ құрудың жəне анықтаудың негізгі ережелері:

- резиденттер жəне бейрезиденттер арасында жасалатын операцияларды есепке алу;

- операцияларды қосарлы жазба жүйесі бойынша есепке алу;

- қорлар емес, ағындар көрінісі;

- операциялардың жəне түрлі валюталарда ipілендірілген сомалар аудармасының есепке алудың бірегей бірлігіндегі құндық бағасы;

- операцияларды иeci ауысқан сəтте тіркеy;

- операцияларды олардың типтepi жəне экономика секторлары бойынша көрсету.

Қосарлы жазба жүйесі төлем балансындағы операциялардың екі түрлі шамада көрсетілуін талап eтетін, бipi – кредит бойынша оң белгімен, eкіншici - дебет бойынша тepic белгімен жазылады. Оң мəндер валюталар түсімін білдірсе, ал тepic мəндер – валюталардың жылыстауын керсетеді.

Кредиттік өткізбелердің барлық сомасы барлық дебеттік жазбалар сомасына баламалы болуы, ал таза баланс нөлге тең болуы тиіс. Тəжірибеде мінсіз есепке қол жеткізу қиын, ceбeбi түрлі ақпарат көздері мен сараптық бағалаулар қолданылады, сондықтан да «Таза қателіктер мен ағаттықтар» деген баланстаушы бап бар.

Операциялар құнын бағалау. Операциялар мəмілелердің тəуелсіз қатысушылары арасындағы келісімдер мен шарттарда көрсетілген өздерінің нақты нарықтық құны бойынша бағаланады.

Тіркеу уақыты. Экономикалық құндылықтармен жасалатын операцияларды тіркеу оларды құру, түрлендіру, айырбастау, аудару жəне өтеу сəтінде немесе меншік иесінің ауысуы сəтінде жүргізіледі, бұл есептеу əдіci бойынша халықаралық тəжірибедегі жалпы қабылданған есепке сай.

Резидент жəне бейрезидент. Экономикалық бірлік-жеке немесе заңды тұлға, экономикалық мүдде орталығы болған жағдайда жəне осы экономикалық аумақта бip жылдан астам уақыт тұрған жағдайда экономика резиденті ретінде қаралады.

Төлем балансы келесі негізгі компоненттерден тұрады: ағымдағы шот, капитал қозғалысының шоты, қаржы шоты (резервтегі активтерді қоса).

Ағымдағы шот тауарлармен жəне қызметтермен жасалатын операцияларды, резиденттер мен бейрезиденттер арасындағы табысты жəне ағымдагы трансферттерді көрсетеді. Капитал қозғалысының шоты күрделі трансферттермен жəне өндірілмеген қаржы емес активтермен жасалатын операцияларды

қамтиды. Қаржы шотына халықаралық инвестициялық жайғасымды өзгертетін қаржы құралдарымен жасалатын барлық операциялар кіреді.

Төлем балансы секторларының, қосалқы шоттары өзара тығыз байланысты. Ағымдағы шот жəне күрделі трансферттер бойынша сомадағы оң баланс активтердің таза өcyiн немесе міндеттемелердің таза төмендеуін білдіреді, ал дефицит, керісінше, активтердің таза қысқаруына немесе міндеттемелердің бейрезиденттер алдында таза өcyiнe əкеп соғады. Қаржы шоты балансының, сыртқы таза автивтер мен міндеттемелер өзгерісінің құрылымы қаржылық талаптар мен міндеттемелердің қайсысы өcin, қайсысы төмендегенін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының төлем балансы: талдама ұсыным

(млн. АҚШ долл.)

 

2011*

2012*

2013

2013

 

I ж/жылдық

I

II

Ағымдағы шот

10206,8

640,4

1671,2

1895,8

-224,5

Сауда балансы

44844,1

37851,8

17884,8

10168,6

7716,2

Экспорт

85193,9

86929,8

41226,8

20349,9

20876,9

Импорт

40349,8

49078,0

23342,0

10181,3

13160,8

Қызмет көрсету балансы

-6635,2

-8048,7

-3288,6

-1504,9

-1783,8

Экспорт

4337,7

4828,2

2244,7

1044,3

1200,4

Импорт

10972,9

12876,9

5533,3

2549,1

2984,2

Алғашқы кірістер балансы

-27736,9

-28152,2

-12291,6

-6531,2

-5760,4

Еңбекақы (нетто)

-1730,2

-1927,8

-856,6

-422,3

-434,3

Инвестициялық кірістер

-26146,5

-26364,1

-11504,9

-6143,8

-5361,1

Алынатын кірістер

2088,5

1944,3

1285,7

529,5

756,2

Тікелей инвестициялардан кірістер

155,9

194,9

294,6

73,6

220,9

Портфельдік инвестициялардан кірістер

901,3

960,7

560,6

254,9

305,7

Басқа инвестициялардан кірістер

1031,3

788,7

430,6

201,0

229,6

оның ішінде Ұлттық Қордың резервтері мен активтері бойынша сыйақы

1006,4

1028,0

615,0

293,5

321,5

Төленетін кірістер

28235,0

28308,4

12790,6

6673,3

6117,3

Тікелей инвестициялардан кірістер

25203,3

24779,0

11294,1

5983,1

5311,0

Портфельдік инвестициялардан кірістер

1751,2

2074,9

711,0

309,0

402,0

Басқа инвестициялардан кірістер

1280,5

1454,5

785,6

381,2

404,3

Өзге алғашқы кірістер (нетто)

139,8

139,8

69,9

34,9

34,9

Қосалқы кірістер балансы

-265,1

-1010,5

-633,3

-236,8

-396,5

Капиталмен операциялар шотының балансы

31,8

15,4

-5,6

-7,4

1,8

Қаржылық шот (ҚҰБ резервтік активтерін қоспағанда)

6121,3

945,4

-1234,2

557,0

-1791,3

Қателер және қалып қойғандар

-3816,8

-4016,9

-3184,3

-1041,7

-2142,6

Жалпы баланс

-300,4

4306,5

284,5

-289,6

574,1

Қаржыландыру

300,4

-4306,5

-284,5

289,6

-574,1

* ҚР-ның төлем балансы бойынша 2011-2012 жылдарындағы есепті деректердің өзгерістері көбіне уәкілетті органдардың (ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті және ҚР статистика агенттігі) тауарлар экспорты мен импорты бойынша деректердің түзетуімен байланысты. Нақтыланған деректер аталған мемлекеттiк органдардың ресми сайттарында орналастырылған.