Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать
  1. Экономикалық теория пәні және зерттеу әдістері.

Экономикалық теорияның пәні– адамдар мен әртүрлі әлеуметтік топтар арасында игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процестері барысында қалыптасатын экономикалық қатынастар. Нобель сыйлығының лауреаты П. Самуэльсон экономикалық теория пәнін өзінің «Экономика» аттыеңбегінде тұтыну және өндіруді жүзеге асыру, қалыпқа келтіру, адамдар арасындағы айырбаспен, ақшалай келісім-шартпенбайланысты қызмет түрлері дей тұра, көптеген мысалдар келтіре отырып, экономикалық теория пәні тек осы және ол өзгермейді, ол нақты деп айту қиын деген.

Экономиканың пәні ретіндегі ерекшелігі бірнеше анықтама арқылы сипатталады:

1.Экономикалық теория экономикалық дамудың жалпы қағидаларын,заңдылықтарын және экономикалық жүйенің қалыптасу механизмін талдайды.

2.Экономикалық теория адамдар арасындағы қатынастар жүйесін зерттейді.

3.Экономикалық теория ғылым ретінде экономикалық құбылыстардың стратегиясын және экономикалық саясат негіздерін зерттейді.

Экономиканың негізгі қағидалары:

1.Не өндіру керек.Берілген уақытта тауарлар мен қызметтердің қай түрі және қандай мөлшерде өндірілуін анықтау.

2.қалай өндіру.Өндірілуі қажет тауарларды қандай технологиямен және ресурспен өндірілу керектігін анықтау.

3.кім үшін өндіру.Тауарды сатып алушыны кімге арналғандығы және қалай бөлу керек екендігі анықталады.

Атқаратын қызметтері.

1.танымдық.Экономикалық заңдар мен құбылыстарды оқу және түсіндіру.

2.практикалық.Зерттелген проблемалардың теориясын тәжірибеде қолдану.Бұл қызметтің ерекшелігі мемлекеттің экономикалық саясатының негізін қалыптастыру.

3.дүниетанымдық.Қоғам өмірінде ғылыми анықталған көзқарастар жүйесін қалыптастыру.

4.әдістемелік.Экономикалық ғылымдар жүйесі үшін теориялық және әдістемелік нұсқалар құру.

5.болжамдық.Экономиканың дамуына және жалпы қоғамның дамуына ғылыми болжамдар жасау.

зерттеу әдістері және оларды қолдану тиімділігі:

Экономика ғылымы қоршаған ортаны тану мақсатымен әр түрлі әдістерді қолданады ішіндегі ең маңыздысына жататындар: Ғылыми абстракциялық, талдау(анализ), біріктіру (синтез), индукция, дедукция, графиктік, тарихи.

Ғылыми абстракциялық әдіс- зерттелген құбылыстың жеке және нақты жағдайларын ескере отырып оның тұрақты және мәнді жақтарын ерекшелеп көрсету. «Абстракция» термині жекеше тыс ойлау деген ұғымды білдіреді. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы түрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі.

Талдау әдісі(анализ) – әлеуметтік экономикалық құбылыстарды немесе зерттелу объектісін жеке-жеке бөлшекке бөліп қарастыру және қорытынды шығару. Мысалы, оған нарық сұранысының қалыптасу заңдылығын зерттеу барысында баға, тұтынушының пайдасы, олардың қалауы деген факторларды зерттеу жатады.

Біріктіру әдісі(синтез) - объектінің жеке бөлшектерін біртұтас қарастырып нәтиже шығару. Яғни анализден бөлініп қаралған мәселе синтезде біртұтас болып қаралады.

Зерттелетін құбылыс өзінің құрамдас бөліктері мен жактарына жіктеледі. Осы бөліктер мен жақтардың әрқайсысын тәптіштеп тұтас құбылыстың қажетті бір бөлігі ретінде қарастыруды анализ (талдау) дейміз. Алайда құбылысты қарастыру тек талдаумен шектелмейді. Әрбір құрамдас бөліктерді зерттеп болған соң, осы элементтерді қайтадан тұтас етіп біріктіру қажет. Зерттелетін құбылыстардың бөліктерін жұптастыру және оларды тұтас құбылыс ретінде танып-білуді синтез (жииақтау) дейміз.

Индукция әдісі – экономикалық ойлар қозғалысының нақты құбылыстарға байланысты жалпылама қорытындысын шығару.

Дедукция әдісі – жалпы құбылыстарды нақты экономикалық дәлелдерге байланысты қорытындылау.

Тарихи – әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды тарихи даму кезеңдерімен ұштастырып нәтижені логикалық тұжырым арқылы шығару. Кез-келген процесті зерттеуде экономикалық зерттеудің тарихи және логикалық әдістерінің бірлігін колданады. Осы тенденцияның дамуын айқындау үшін, құбылыс пен процестің пайда болуы, олардың өсу жолдарын көрсету қажет. Логикалық әдіс –бұл сол бір тарихи әдіс, тек тарихи дамудың кездейсоғынан басталған. Графиктік – әр түрлі экономикалық көрсеткіштерге байланысты график арқылы экономикалық жағдайдың өзгеруін бақылау

  1. Экономикалық теорияның ғылым жүйесіндегі орны, атқаратын қызметтері.

Қызметтері:

Эк теория ресурстардың шектелген жағдайында қажеттіліктерді қамтамасыз етуді көздеген, адамдар мен топтардың материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау ж/е тұтынудағы іс-әрекеттерін зерттеп, талдайтын қоғамдық ғылым. Эк теория бұл:

- ұдайы өндірістің фазалық динамикасы ж/е ұзын толқындар динамикасы арқылы жүріп отыратын, эк өсудің заңдылықтары мен факторлары туралы ғылым, ұлттық байлық туралы ғылым;

- қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін тауарлар өндірісінде, оны айырбастауға шектелген ресурстарды пайдалану туралы ғылым;

- өндіріс пен айырбас әрекетінің түрлері туралы, адамдардың күнделікті іскерлік өмірі туралы ж/е өмір сүруге қажет заттар туралы ғылым.

Қызметтері: алдымен, ол танып білу, өйткені ол қоғамдық эк-қ өмірдегі проценстер мен көріністерді зерттеп, түсіндіре білуі керек. Бірақ осы, н/е, басқа болмыстарда тек атап өту жетімсіз болады. Олардың мәніне бойлап, даму заңдылықтарын айқындап, соларды практикада қолдану бағыттарын белгілеу қажет. Екінші қызметі, практикалық д.а. – бұл рационалды шаруашылық жүргізудің принциптері мен әдістерін жасау, эк-қ өмірді реформалаудың эк-қ стратегиясын ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, т.б. Үшінші қызметі, қоғамлдық дамудың ғылыми болжамын ж/е перспективасын жасауды қамтиды.

Эк-қ теорияның осы аталған қызметтері өркениетті қоғамның күнделікті өмірінде жүзеге асырылып отырады. Эк ортаның қалыптасуында, эк динамиканың көлемі мен бағыттарын анықтауда өндіріс пен айырбастың салааралық құрылымын жетілдіруде, адамдардың жалпы өмір дәрежесін ұлттық деңгейге жоғарылатуда, - оысның бәрәнде эк-қ теорияның маңызы өте зор.

3.Экономикалық теорияның даму кезеңдері

Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Ксенофонттың (430-355ж.ж.) «Табыс туралы», «Экономика» атты еңбектері экономика ғылымына бастау берді.Экономика ғылымының қалыптасуына үлестерін қосқан мектептердің алғашқысы— меркантелистер мектебі. Ол итальян сөзінен аударғанда саудагер, көпес ұымын береді. Бұл мектептің өкілдерінің алға қойған мәселесі-қоғамдық байлықтың негізі ақша, алтын деп біледі. Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге барынша көп сатып, олардан мейлінше аз сатып алу арқылы елдегі ақша және алтын қорын молайту жолдарын іздеу. Олар акша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Бұл жердегі бір кемшілік сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш болып табылмайды, себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, оның құны бір қолдан екінші қолға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды.

Меркантелистік мектептің осы кемшілігін келесі бір мектеп-физиократтар (грекше физис-табиғат, ал кратос-билік дегенді білдіреді) сынға алды. Олардың пікірі бойынша қоғамдық байлық, саудада емес, өндірісте, соның ішінде тек ауыл шаруашылығында. Осы бағыттың негізін қалаушы Ф. Кенэ, А. Тюрго т. б. Ф. Кенэ тұңғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты "Экономикалық кесте" жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.

Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылығының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі қате пікір болды. Оны буржауазиялық саяси экономияның көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген қағида берік қалыптасты.

Классикалық саяси экономия жаңа дамып келе жатқан капиталистік өндірістік қатынастарды дәріптеуші, өндіріс капиталының мүддесін қорғайтын экономикалық ой-пікірдің прогрессивті сатысы болды. Классикалық буржуазиялық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады.

Осы ой-пікірдің қалыптасуы сауда және қарыз-өсімқорлық капиталына қарсы өндірістік капиталдың адғамдағы ерекше рөлін атап көрсеткен ғылыми қағида болғаны белгілі. Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Маркстік саяси экономия — еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған карама-қарсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық енбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет.

XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында бірнеше экономикалық мектеп қалыптасты, олардың бірі-маржинализм (французша marginal-шекті) теориясы.

Бұл бағыттың ортаға салған мәселесі-шаруашылық қатынастарға тартылған жеке адамды субъективті-психологиялық тұрғыдан экономикалық талдау. Олардың пікірі бойынша кезкелген адам игіліктің құндылығын өзі субъективті түрде анықтайды, яғни пайдалылығына қарай бағасын орнатады. Осы мектептің өкілдері — К. Менгер, Э. Бем-Баверк, В. Визер. Экономикалық теорияның келесі бір-жаңа бағыты "неоклассикалық" бағыт, негізін қалаушы ағылшын экономисі А. Маршалл (1842—1924). Оның басты еңбегі "Эко­номика ғылымының принциптері" 1890 жылы жарық көрді. Ол өндіріс шығындары, сұраныс пен ұсыныс, шектелген пайда немесе шекті пайда және шекті өнімділік теориясын біріктіруге тырысты. АҚШ-та Дж. Кларк (1847—1938) шекті өнімділік және өндіріс факторларының, кему заңын тұжырымдады. Ол заң бойынша өндіріс факторлары неғұрлым өскен сайын, оның өнімділігі де кеми бермек. Сөйтіп XIX—XX ғасырларда экономика ғылымында математика мектебі пайда болды. Бұл бағыттың негізін қалаушылар — М. Вальрас, В. Парето, У. Джевонс.

4.Экономикалық категориялар және экономикалық заңдар, оларды қолдану.

Экономикалық заңдарадам қоғамы дамуының түрлі сатыларында өндіру, бөлу, айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларында қатынастарды анықтайды. Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді. Ерекше заңдар-шаруашылық жүргізудің нақты тарихи формаларының даму заңдары. Жалпы заңдар-барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар. Олар қоғамның экономикалық өмірінің аса маңызды, тұрақты құбылыстары мен процестерінің байланысын көрсетеді. Экономикалық заңдар объективті сипатта болады, яғни адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз туып, әрекет етеді. Бұл заңдар белгілі бір экономикалық жағдайлармен бірге өзгеріп, дамып отырады.

Экономикалық заңдар өздігінен, адамдардың шаруашылық қызметінен тыс және оған байланыссыз жүзеге аспайды. Керісінше, олар тек адамдардың іс-әрекеттері арқасында ғана қалыптасып, көрініс алады. Демек, экономикалық заңдар адамдардың санасынан тәуелсіз болғанымен олардың іс-қарекетінен тәуелсіз емес.

Экономикалық зандар мәңгі емес, олар тарихи сипатта белгілі бір кезенде туындап, өзгеріп немесе жойылып кетеді. Олардың көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде әрекет етеді де, кейін жаңа экономикалық зандарға орын береді. Әрдайым ескеретін жайт - ескі экономикалық заңдар адамдардың еркімен жойылмайды, тек қана жаңа экономикалық құбылыстардың туындауымен өз әрекетін тоқтатады.

Экономикалық категориялар тарихи сипатта болумен қатар, қоғамдық формацияның қалыптасу, даму процесін сипаттайды. Экономикалық категориялар-қогамның экономикалық өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық түсініктер. Мысалы, тауар, құн, ақша, сұраныс, ұсыныс және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]