Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать

29. Өндірістік шығындар жіктемесі.

Өндіріс шығындары-тауар өндіру н/е қызмет көрсету процесінде қолданылатын эк/қ ресурстарды сатып алуға жұмсалатын шығындар. Өндіріс шығындары жіктеудің бірнеше тәсілдері бар: 1-ден, әлеу-к-эк-қ тұрғыдан қарастырғанда шығындар қоғамдық ж/е кәсіпорын шығындары боп бөлінеді. Қоғамдық тұрғыдан шығындарға дайын өнім құнына көшкен жанды еңбек ж/е заттанған еңбек шығындары жатады. Кәсіпорынның өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі б.т. Бұл өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтар мен жалақы төлемдеріне жұмсалған ақшалай шығндарды көрсетеді. 2-ден, өндіріс шығындары эк/қ ж/е бухгалтерлік боп бөлінеді. Бухгалтерлік шығындарға өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік ж/е статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрінде көрсетіледі. Өндіріс шығындарының эк/қ түсінігі ресурстардың эк/қ шығыны оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Шығындар уақыт мерзіміне байланысты ұзақ ж/е қысқа мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді кезеңде өндіріс факторларының барлығы өзгермелі яғни кәсіпкер үшін оның көлемін өзгертуге уақыт жеткілікті болады. Сондықтан ұзақ мерзімді кезеңде шығындардың барлығы өзгермелі болады. Қысқы мерзімді кезең деп өндіріс факторларының кем дегенде біреуі тұрақты болатын, фирмалар саланы не тастап кете алмайтын, не салаға кіре алмайтын кезең атайды. Қысқа мерзімде шығындар тұрақты ж/е өзгермелі болып бөлінеді.Тұрақты шығындар(FC)-бұл өндіріс ж/е өткізу көлеміне тәуелсіз болатын шығындар, оған әкімшілік басқару шығындары, ғимараттар мен құрал-жабдықтарға кеткен шығындар, арендалық төлемдер, сақтандыру жарналары, несие пайыздары ж/е т.б. кіреді. Өзгермелі шығындар(VC)-өндіріс көлеміне тікелей байланысты өзгереді. Оған жұмыс күшін, шикізаттар, материалдар, отын, энергия сатып алуға жұмсалатын шығындар жатады. Тұрақты ж/е өзгермелі шығындардың жиынтығы жалпы шығындарды (TC) құрайды: TC=FC+VC. Өнім бірлігін шығаруға жұмсалғаншығын орташа шығынATCд.а.Бұл жалпы шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасы арқылы анықталады:ATC=TC/Q Шығындардың бұл түрінің рыноктық тепе-теңдікті түсіну үшін ерекше маңызы бар, өйткені кәсіпкер оларды барынша азайтуға тырысады. Сәйкесінше орташа тұрақты ж/е өзгермелі шығындар есептеледі: AFC=FC/Q;AVC=VC/Q;ATC=AFC+AVC. Фирманың іс-әрекетін түсіну үшін шекті шығындарMC, яғни өнімнің қосымша бірлігін өндіруге қажетті қосымша шығын категориясын қарастыру қажет. Ол мына формуламен есептеледі: MC=∆TC/∆Q.

30. Табыс: мәні және оның түрлері

Табыс - жалақы, зейнетакы, рента, жәрдемақы, алимент, қаламақы түрінде алынған кез-келген ақша сомасы. Белгіленген календарлық кезең ішіндегі ақшалай түсімдердін ағысы.

Ұлттық табыс – жылдың ішінде жаңа жасалған  құны бар өндіріс нәтижесі. Ол ЖҰӨ мен жылыдң ішінде оны құруға кеткен материалдық шығындар (амортизация, шикізат,материалдар және т.б.) арасындағы айырмашылық. Шетелдік статистикада оны барлық табыстар сомасы ретінде анықтайды: 1) жалақы, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегіне ақы; 2) пайда, яғни жеке шаруашылық, серіктестер, кооперативтер, корпарациялар иелері алатын табыс; 3) рента, яғни жерді, ғимаратты, үйлерді арендаға бергенде үй шаруашылығының алатын  табысы; 4) процент, яғни орта капиталына (несие, банкке, салым және т.б.) төлем. Халықтың өмірлік деңгейін сипаттау үшін үш көрсеткіш қолданылады: жеке табыс, қолда бар табыс, таза экономикалық тұрмыс. Жеке табыс – салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс плюс жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа жәрдемақы және т.б. трансферттік төлемдер кіреді.Қолда бар табыс – салықты төлегеннен кейін қалатын табыс. Таза экономикалық тұрмыс – қоғамның экономикалық тұрмыс тек бар табыс емес, сонымен бірге өмірлік сапасын есепке алып өлшейді. Шекті табыс – қосымша бірлігін  сатқандағы жлпы табыстың өсуі.Сандық жағынан пайда тауарды сатқандағы жалпы табыс пен өндіріс шығындарының арасындағы айырма. Шығындар құрамына не ететіне байланысты экономистер бухгалтерлік және экономикалық пайдаларды айырды.  Шекті табыс шекті шығындардан артық болса, өндірілген бірліктің әрқайсысының жалпы табысқа қосқаннан, оның жалпы шығындарға қосқаннан артық болады. Осыған байланысты шек табыстары мен шекті шығындардың айырымы, яғни пайда өседі. Шекті шығындар шекті табыстардан жоғары болғанда керісінше болады. 

31.Фирма пайдасы.Пайда түсінігі, түрлері. Бухгалтерлік және экономикалық пайда. Рыноктық экономикада пайданың алатын маңызы зор. Ол фирманың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді, оның қаржылық тәуелсіздігіне кепілдік береді. Пайда рыноктық экономикада қалай және канша өндіру керектігін анықтайды. Сондықтан, әрбір өндірушіні қанша тауар өндіргенде және оны қандай бағамен сатқанда жоғары пайда алуға болатындығы туралы мәселе қызықтырады. Пайда теориясы классикалық мектептің пайда болу кезеңінен бастап барлық экономистердің еңбектерінде жазылған.Меркан-тилистердің ең алғаш пайда туралы білдірген пікірі бойынша пайда айналыс сферасында, сыртқы саудада өнімдерді жоғары бағамен сату нәтижесінде қалыптасады. Физиократтар пайданы тек ауыл шаруашылығында болады деп есептесе, А. Смит пен Д. Рикардо қосымша құн материалдық өндіріс саласында қалыптасатындығын дәлелдеді.К. Маркс пайданы қосымша құнның өзгерген түрі деп, ал қосымша құнның шығу көзі жалдамалы жұмысшының еңбегі деп есептеді. Ол қосымша қүнның пайдаға айналу шарттарын және орташа пайданы зерттеді.Рыноктық экономикада кез келген фирма жалпы табыс пен жалпы шығын арасындағы айырманы, яғни пайданы жоғарылатуға тырысады. Алайда әрбір қосымша өнім бірлігін шығару жалпы шығынды да көбейтетіндігін ескеру қажет.Егер фирма өнім көлемін ұлғайтатын болса, шекті табыс шекті шығынға теңескенге дейін жалпы пайда жоғарылайды. Шекті шығын шекті табыстан арта бастағанда пайда төмендейді. Пайданы максималдаудың шарты шекті табыс шекті шығынға тең болуы тиіс:MR=МС Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы максималдайтын фирмалардың іс-әрекетін салыстырайық. Бұл фирмалар іс-әрекеттерінің ерекшелігі сұраныс қызметінің, сәйкесінше табыстың әртүрлі болуына байланысты.Жетілтен бәсеке жағдайында фирма рыноктык бағаға әсер ете алмайды. Өнімнің кез келген көлемі бірдей бағамен сатылады. Орташа табыс көлемі де өзгермейді және сол бағаға тең болады. Тауардың әрбір келесі бірлігі алдыңғысының бағасымен сатылады. Бұл жағдайда баға Р орташа табыс пен шекті шығынға тең болады. Фирма шекті табыс MR және шекті шығынға МС тең болған жағдайда, пайданы максималдайды.Шекті шығын төмендеп, сәйкесінше пайда жоғарылай бастаған кезде фирма өнім көлемін көбейтеді. Бұл жағдай пайданы максималдаудың екінші шарты болып табылады, Жоғары пайда теріс шама болмауы тиіс, өйтпеген жағдайда (баға орташа шығыннан томен болса) фирма тауар өндірмейді.Алайда, егер баға орташа айнымалы шығыннан AVC жогары, орташа шығыннан АС томен болса да өнім өндіре береді. Фирма өзінің түрақты шығындарын (қысқа мерзімді кезеңде) төмендете алмайды және табыс, ең болмаса, айнымалы шығындарды жабатын болса, өндірісті тоқтатпайды. Сонымен қатар, түрақты шығындарды жабуға қажетті қаражатпен қамтамасыз етеді.Ал ұзақ мерзімді кезеңде мүндай жағдайдың болуы мүмкін емес. Кейбір фирмалар саланы тастап кетеді, сондықтан салада қалған фирмалардың тауарларына сүраныс бағасы жоғарылайды. Бүл процесс салада қалған фирмалар орташа шығынын баға өтей алмайтын жағдайға жеткенге дейін жалғаса береді. Егер фирмалардың саладан кетуі жалғаса беретін болса, бағаның орташа шығыннан артық өсуіне алып келеді, салада қалған фирмалар экономикалық пайда алады, бүл салаға жаңа фирмаларды тартады. Салаға жаңа фирмалардың енуі сүранысты үлғайтады және тауар бағасын төмендетеді, фирма пайдасы азаяды. Баға орташа шығындарды жабатын кезде Р=АС салаға жаңа фирмалардың ену процесі тоқтайды. ¥зақ мерзімді кезеңде жетілген бэсеке жағдайында фирмалардың салаға енуі жэне шығуы бағаның орташа шығынға теңесуімен анықталады (нөлдік, таза экономикалық пайда гипотезасы) яғни,P=MR=MC=AC.Таза монополия жағдайында монополист негүрлым көп өнім өндірсе, өткізу бағасы соғүрлым томен болады. Бүл жағдайда шекті табыс эрқашан орташа табыстан томен болады. Монополия жағдайында орташа шекті табыс қисығы сәйкес келмейді, өйткені MR<AR. Монополист шекті табыс шекті шығынға тең болғанда MR=MC пайдасын максималдайды, бірақ жетілген бәсеке жағдайында әрекет ететін фирмадан айырмашылығы шекті шығын бағадан томен МС < Р болады.Алайда жетілген бәсекелі салалардың нөлдік пайда гипотезасы монополист үшін жарамайды. Салаға жаңа фирмалардың енуіне тосқауылдар болатындықтан, монополист қысқа және үзақ мерзімде үстеме пайда алады. Пайданың қалыптасуының басты себебі - монополист-өндіруші жетілген бәсеке жағдайына қарағанда өнімді азайтып және тауарды жоғары бағамен сата алады.Жоғарыдағы түжырымдарды талдай отырып, мынадай қорытынды шыгаруга болады: біріншіден, жетілген бәсеке жагдайында пайданы максималдайтын фирма тек бір айныма-лыны - өнім көлемін бақылай алады. Екіншіден, таза монополия жагдайында пайданы жоғарылататын фирма бір мезетте екі айнымалыны: өнім көлемі мен пайданы анықтайды. Монополист фирма аз өнім өндіріп, жогары багамен сата алады және өндіріс масштабының үлғаюы есебінен шығындарды азайтып, баганы төмендете алады.

  1. Еңбек және жұмыспен қамту нарығы, еңбек нарығындағы тепе-теңдік.

Еңбек нарығы-бұл жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшыларды және елдегі шаруашылықты реттеуде негізгі функцияларды атқаратын жұмыс күші көзғалысының өзара байланысқан динамикалық жүйесі.

Қазіргі кезде жұмыспен қамту катынастары терең дағдарысты басынан кешуде. Оның себебі әміршілдік экономика жағдайында жұмыспен қамту қатынастары тоталитарлық орталықтан жоспарланған еді. Бұрынғы әміршілдік қоғам толық жұмыспен қамту міндетін және түрғындардың тиімді еңбекпен қамтылуын шеше алмады.Еңбек рыногындағы тепе-тендік сұраным мен ұсыным көмегімен

бекітіледі. Еңбекке деген сұраным мөлшері жалақы мөлшерінен кері

пропорционалды байланыстылықта болады. Жалақы мөлшері көтерілген

кезінде фирмалар нарытық тепе-теңдікті сақтау мақсатында жұмыс күшіне

сұранымды төмендетуі қажет, ал жалақы мөлшері төмендегенде еңбекке

сұраным артады. Жұмыс күшіне деген нақты байланыска іс-әрекет етеді.

Мемлекеттің маңызды міңдеті келесі, принциптерді ұстана отырып,жұмыспен,қамтамасыз етуді реттеу:

1)еңбек еркіндігі, еңбекке деген өз мүмкіндіктерін еркін иемдену. Әрбір адам өз қызмет ету ортасын таңдай алады, еңбекке қүштеу болмауы керек.

2)Мемлекеттің еңбек құқығын іске асыру үшін бірдей алғы шарттар құру бойынша жауапкершілігі;

3.ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету

4.аймақтық, ұлттық-этникалық, салалық ерекшеліктер мен жұмысшы күшіне қажеттілікті есепке алу;

5)жұмыспен қамтамасыз ету мәселесіне кешенді көзқарас.

Еңбек нарығы жалпы түрде жұмыс күшін жалдау және ұсыну мен байланысты коғамдық катынастар жүйесін көрсетеді, яғни оны сату мен сатып алу. Еңбек нарығында екі жақ өзара бірігіп қызмет етеді жұмыс күшінің иесі сатушылар және жұмыс берушілер - сатып алушылар.Бұл жерде енбекті құндык бағалау жүреді. Жұмыс қүшіне сұраныс пен ұсыныс қалыптастырады. Сату мен сатып алу-обьектісі болып саналатын тауар - адамнын жұмыс күші, оның жұмысқа дегеп қабілеті.Еңбек нарығындағы жұмыс күшін сатушы мен сатып алушының арасындағы өзара қатынас заңды формада- келісім-шарт түрінде жүргізіледі және еңбек заңында көрініс алады.

Жұмыспен қамтамасыз ету мен еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің бағыттары мен әдістері әртүрлі және елдегі нақты экономикалық жағдаймен, мәселенің өткірлігімен анықталады.

Өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы саласында, нарықтық инфрақұрылымда жұмыс істейтіндердің санының өсуі күтілуде. Алдағы уақытта қосымша 900 мың жұмыс ашылады деп болжануда.

Еңбек нарығындағы мемлекеттің рөлі ұлттық экономикадағы сияқгы біркелкі емес. Бір жағынан оның еңбек нарығына белсенді араласуы нарықтық механизмінің құртып, еңбекке ынталандыру, кепілді еңбек ақы сияқты жағымсыз зардаптарды тудырады. Екінші жағынан мемлекет жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру процесіне араласа отырып, жалдамалы жұмысшыларға жұмысты және жұмыс құнының ұзақтығын тандау варианттарын ұсынады, бос уақытын табысты пайдалануға мүмкіндік береді.

Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осыны құрайтын элементтерге жұмыс күшін иемденетін адамдар жатады. Еңбек нарығы – бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, бұлардығ тепе-теңдік бағасы мен саны, Оларға сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен белгіленеді. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарықтың агенттері, - еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы экономкалық агенттердің арасындағы бәсекелестің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта немесе болмыс болып табылады. Жұмыспен қамту. Жұмыспен қамту, толық емес жұмыс күні немесе аптасы қысқа мерзімді контрактылар, жұмысты үйге берудің жұмсақтау формаларына көшті. Осындай шаралар экономиканың құрылымын қайта қорғауға жұмсалатын шығындарды төмендетуге тиісті. Осыған жету жолдары: -жұмысқа жалдау мен жұмыс беру формаларының көбейту және икемді қылу. -Жұмыс уақытын реттеу формаларын әр түрлерін пайдалану нормаланбаған жұмыс тәртібінің икемді түрлерін пайдалану. -Жалақыны реттеудің икемді өзгермелі түрлерін қолдану. - жұмыскерлерді әлеуметтік қорғаудың икемді әдістері мен формаларын, жұмыс күшінің көлемін, құрылымын, сапасы мен бағаның еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың ауытқуына үйлесімді болдыру. Еңбек нарығының икемділігі концепциясы, қорытындылап айтқанда, кәсіпкерлер мен жұмыскерлер арасындағы қатынас формаларының әр тұрлерінің қалыптасуын талдап етеді және ол жиынтық шығындарды рационалдауға, табыстағы жоғары болуына, нарықтың динамизмінің жоғары болуына бағытталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]