Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать

60 Экономиканы әртараптандыру негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру

Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің  сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.Мемлекеттің  экономикалық  тұрақтылығын  қалыптастырудың  негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың  қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын  өндіріс  орындарын  жатқызуға болады.Өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті экспортқа шығарылатын тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды–инновациялық  дамуының мемлекеттік бағдарламасының басты мәні болып табылады.Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды қызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялық үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау .Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту   үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді еңгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.Отандық сүт өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың дамуы соңғы он бес жылда үлкен өзгерістерге ұшырады. Кеңестік жүйеде қалыптасқан экономикалық байланыстардың бұзылуы, нақты сектор мен қаржы саласының арасындағы алшақтық, өндірістерді дамытудың бірыңғай, арнайы мақсатты бағдарламаларының жоқтығы, өңдеуші салаларды ынталандыру тетіктерінің қалыптаспауы нарықтық қатынастардың алғашқы кезеңінде бұл сала кәсіпорындардың жетілуіне  мүмкіндік бермеді.Тек соңғы кездері нақты секторды дамыту бағытындағы басты міндеттер  мен қолайлы ортаны қалыптастыру шараларының нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, халықтың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыра бaстады.Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде қолда бар жетістіктерге қанағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды  игеруге, ондағы  тұтынушыларды  жаулауға  белсене  кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік қауқарын нығайтуды, өнімдерінің бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды және сол арқылы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуді  қажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді.Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілетін  арттыру  арқылы, ...қол жеткіземіз».2006 жылы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегия-сы” атты Президенттің халыққа кезекті Жол-дауы жарияланды. Осыдан үш жыл бұ-рынғы Жолдауында экономиканың, халық-тың, жалпы мемлекеттің бәсекеге қабілетті болу мәселелерін көтеріп еді. Жаңа Жол-дауында тек бәсекеге қабілеттілік емес, осы көрсеткіш бойынша әлемдегі ең алдыңғы 50 елдің санатына қосылу біздің дамуымыздың басты мақсаты деп көрсетіп отыр.Өте маңызды және дәл уақытында ел назарына ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені, әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен тыс ешбір мемлекет болмайды. Соның ішінде ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақ-стан одан шеткері қалмайды. Демек, дүние жүзі мемлекетттерінің ішінде алатын орны-мыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бә-секеге қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жақсы әлеуметтік  стандарттарға жеткізу мүмкіндігі де осыған байланысты. Қорыта келгенде, ұлттық дамудың келешектегі басты мақсаты да, міндеті де осы бәсекеге қабілеттілік. Бұл біздер, қазақстандықтар үшін баршамыз іске асыруға жұмылатын шынайы ұлттық идея .Бәсекеге қабілетті отандық сүт өнімдерін қалыптастыруда озық тәжірибелері  мен  жетістіктері бар елдердің қолдануға тиімді нәимжелерін, осы салаға қатысты ғылыми-техникалық және инновациялық ізденістердің  қолданысын  пайымдай  отырып,  бәсекелік қабілетті арттыру механизміндегі негізгі тетіктер ретінде өнімнің тұтынушылық қысиеттерін анықтайтын сапалық көрсеткіштерін, кәсіпорынның баға саясатын, өнімнің тартымдылығын жоғарылатуға ықпал ететін кәсіпорынның маркетингтік жүйесін және өндірістің өркендеуін ынталандыратын мемлекеттік қолдау саясатын қолдану қажеттілігі туындайды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]