Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать
  1. Рыноктық (нарықтық) инфрақұрылымдары.

Рыноктық инфрақұрылымы. Рыноктың инфрақұрылымы дегеніміз- рыноктағы тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың жиынтығы. Рынок инфрақұрылымының ұйымдастырушылық негізі- жабдықтау, өткізу, брокерлік және делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар. Материалдық негізі- көлік жүйесі, қойма және ыдыс, ақпараттық және байланыс жүйелері. Несиелік- есептеу негізі- банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік жинақ мекемелері, коммерциялық банктер. Рынок инфрақұрылымының негізгі элементтері: несие жүйесі және коммерциялық банктер; тауар, қор, валюта биржалары; жәрмеңкелер, аукциондар; мемлекеттік және мемлекеттік емес еңбек биржалары; ақпараттық технологиялар және бұқаралық ақпарат құралдары; салық жүйесі және салық инспекциясы; сақтандыру жүйесі; кеден жүйесі; коммерциялық- көрме кешендері; кеңес беруші және аудиторлық компаниялар; қоғамдық және мемлекеттік қорлар; еркін арнайы экономикалық аймақтар. Жәрмеңке ол белгілі бір орында ұйымдастырылған көпшілікке арналған рынок. Жәрмеңке орта ғасырларда Европада пайда болған. Қазір салалық жәрмеңкелер мен миспозиум, конгресс, семинар жүргізу арқылы кеңінен қолданылатын тұтыну тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Аукцион- рынокта өнімдерді сатумен байланысты ұйымдастырылады. Алдын-ала белгіленген орында тауарды жария түрде жоғары бағада сату мақсат б. т. Мәжбүрлі аукцион қарызды өтеу үшін сот органдары арқылы жүргізіледі. Ерікті аукцион- тауар иелерінің бастамасымен ұйымдастырылады. Биржа сатушы мен сатып алушы мәмле жасау үшін арнайы ұйымдастырылған рынок. Оның түрлері: қор биржасы, еңбек биржасы, тауар биржасы.

  1. Рыноктық (нарықтық) механизмдері, элементері.

Нарық экономикасының бірінші және өте маңызды элементі — өндіріушілер мем тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады — біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады. Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өндеуге пайдаланады. Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы, әрқайсының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады. Нарық шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға негізделеді және көтерме (толайым) нарықтық келісімдер формасында жүреді.

Нарық экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.

Нарық экономикасының үшінші маңызды элементі — баға. Бағаны жеке талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз.

  • Бірінші, баға сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады.

  • Екінші — осы географиялық ауданда өндірілген тауарға нарықтық қатынастар әсерінің сферасын баға анықтайды.

Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.

Нарық экономикасының төртінші, орталық буыны - екі құрылымнан, сұраныстан және ұсыныстан, түрады. Нарықта сұраныс тауарларға қажеттілік болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланыстарды қамтамасыз ететін, нарық механизмінің өте маңызды элементтері

Нарық механизмінің бесінші элементі — бәсеке. Бұл пайданың жоғары болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді. Бәсеке нарық субъектерінің өзара әсерінін, және пропордияларды реттеу механизмінің формасы болып табылады. А.Смит бәсекені нарықтың «көрінбейтін қолы» деген. «Көрінбейтін қол» идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің — бағаның, пайданың нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып табылады.

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасы әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді:

  • маржиналдық (шекті) талдауға;

  • балама тандау шығындарына;

  • экономикалық рационалдыққа.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]