Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать

35. Еңбеақы мәні және оның формалары.

Экономикалық теорияда екі тұжырымдама бар: 1. Жалақы еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дэрежесі мен динамикасы, рыноктық факторлар - сүраныс және ұсыныспен анықталады. 2.Жалақы жүмыс күші- тауардың қүнының ақшалай көрінісі (бағасы), еңбектің бағасы емес, өйткені еңбек тауар бола алмайды, жалақы өндіріс жағдайымен де (жүмыс күшінің құны), рыноктық факторлар - сүраныс, үсыныспен де анықталады, олардың ауытқуы жалақының жүмыс күші қүнынан бірде жоғары, бірде томен болатындығын көрсетеді.

Жалақының екі тұжырымдамасы да ағылшынның саяси экономиясының классиктері А.Смит пен Д. Рикардоның теорияларына негізделген. А. Смит еңбек пен жүмыс күші арасындағы айырмашылықты ашып көрсеткен емес. Оның пайымдауынша, еңбек табиғи бағасы бар (немесе «табиғи жалақы») «тауар» деп саналады. Ал, табиғи баға өндіріс шығындарымен анықталады, яғни жүмысшының жэне оның отбасының тіршілігіне қажетті қүнмен есептеледі. А.Смит «табиғи жалақы» деп жүмыс күшінің құнын түсінді. А. Смит жалақы дэрежесінің төмен жэне оның тіршілік минимумына өте жақын болуы жүмысшы табының үйымшылдыгының жоқтығымен байланысты дейді. Д. Рикардо да, А. Смит сияқты жалақыны еңбек бағасы деп үғынды. Д. Рикардо жалақы теориясын Мальтустың халық өсімі теориясымен байланыстырды. Жалақы, осы теория бойынша, халықтың табиғи өсу заңына сэйкес күн көріс заттарының минимумына үмтылады. Осыған орай жалақының түрақтылық заңы орын алады. Оның мәні мынада: жалақының өсуі жүмысшының отбасында табиғи өсімді (тууды) ынталандырады да, еңбекке деген үсыныстың өсуі жалақының төмендеуіне әсер етеді; керісінше, жалақының темендеуі жүмысшылар саны мен еңбекке үсыныстың қысқаруына, тиісінше жалақының өсуіне эсер етеді.

Жалақының негізгі екі типі бар: номиналды және нақты. Номиналды жалақы ақшаға шагып берілетін жалақы, оны жалдамалы қызметкер күндік, апталық, айлық еңбегі үшін алады. Номиналды жалақының мөлшеріне қарай жалақы дәрежесі туралы түсінік алуға болады, алайда ол түтыну мен халық түрмысының дәрежесін толық сипаттай алмайды. Ол үшін нақты жалақыны білу қажет. Нақты жалақы жүмысшының күнелтуге қажетті заттарға шаққандагы жалақысы, яғни жүмысшының тапқан ақшасына өзі үшін және отбасы үшін қанша жэне қандай күнкөріс заттарын сатып алуға болатынын көрсетеді. Нақты жалақының дәрежесі тікелей номиналды жалақыға жэне түтыну заттары мен қызмет корсету бағасына тәуелді.

Жалақының негізгі нысандары. Жалақы негізгі екі нысанда мерзімді және келісімді түрде орын алады. Мерзімді жалақы өндірістегі еңбек шығынының үзақтығымен анықталады. Сондықтан ол күндік, апталық және айлық ақы болып бөлінеді. Жұмыс күнінің үзақтығы мен енбек қарқындылығы әр қилы болғанда, нақты еңбек ақы төлеу де әр қилы болады. Бірдей мерзім үшін жалақы алатын жүмысшылардың еңбек ақы дәрежесін салыстыру үшін «еңбек бағасын», яғни бір сағаттық еңбек ақысын анықтау қажет. Жалақының мерзімдік нысаны кәсіпкерге жүмыс күнінің үзақтығы мен еңбек қарқыңдылығын белгілеуге мүмкіндік береді. Келісімді жалақыда жүмысшының жалақысы шығарылган өнім санына тәуелді. Жалақының бүл нысаны мерзімді жалақымен байланысты, өйткені бір өнімнің бағасы мерзімді жалақыны (күндік) өндірілген өнім санына бөлу арқылы анықталады. Келісімді жалақының мөлшері бір өнім бағасын өндірілген өнім көлеміне көбейту арқылы есептеледі. Келісімді жалақының ерекшелігі-еңбектің саны мен сапасы өндірілген өнім арқылы бақыланып, өлшенуі. О л еңбек өнімділігі мен қарқындылығын арттыруды мүдделендіреді, жүмысшылар арасындағы жалақы мөлшерінің жекелей айырмашылығының маңыздылығын күшейтіп, жүмыс-шылар арасындағы бэсекені үлғайтады.

Жалақының дәрежесі мен динамикасы жалақының мөлшеріне әсер ететін факторлар. Бір елдің өзінің ішінде әр қилы мамандықтағы қызметкерлер мен әр қилы елдегі жалдамалы қызметкерлердің жалақы мөлшерінде үлкен айырмашылық бар. Белгілі бір кезеңде экономика жағдайына байланысты да жалақы өзгеріп отырады. Өнеркэсібі дамыған елдерде номиналды жалақының өсу үрдісі байқалады. Нақты жалақының динамикасы күрделі, өйткеиі ол түтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің бага динамикасымен байланысты бірде жоғары, бірде томен ылғи өзгерісте болып оты¬рады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]