Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать

15. Рыноктың (нарықтың) мәні, қызметтері және артықшылығы мен кемшіліктері

Нарықтың мәнін анықтағанда, оның екі жақты мағынасы бар екенінен бастау керек. Біріншіден, нарық (маркет) деген түсінік өзіндік мағынады өткізу деген түсінік, бұл айырбас, айналыс сферасында орын алады. Екіншіден, нарық-өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну процестерін қамтитын, адамдар арасындағы экон-қ қатынастар жүйесі. Бұл меншіктің әр алуан формаларын, тауар-ақша байланыстарын, қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген, экон-қ іс-әрекеттердің күрделі механизмі.

Нарық қызметтерінің белгілі шарттары болады. Ақырғы уақытқа дейін Қазақстанда нарық қатынастарының дамуын тежейтін шаруашылық болды. Бұның себептері: жалғыз мемлекеттік меншікті пайдалануға бағытталған көпсубъектілік шаруашылық жүйесі; макродәрежедегі өндірістік-экономикалық процестердің тым қатал реттелдуі; микродәрежедегі шаруашылық өмірде экон-қ бостандықтың шектелуі; барлық шаруашылық құрылымдарды материалмен бір орталықтан қамтамасыз ету.

Нарықтың мәні оның функциялары арқылы толығырақ анықталады. Нарық мынадай маңызды функциялар атқарады:

  • тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі.

  • ынталандыру қызметі.

  • өндірілген өнім мен еңбек шығындарының қоғамдық маңыздылығын айқындау қызметі.

  • реттеу қызметі.

  • шаруашылық өмірді демократияландыру, өзін-өзі басқару принциптерін жүзеге асыру қызметі.

Бұл жүйенің артықшылығы жұмыссыздықты толық жоюдың, ал жалақыға жұмсалатын шығынды қоса жаппай бақылау арқылы табысты (пайданы) да қалағандай бөлуді іске асырудың мүмкін екендігінде. Екі үлгінің де – жоспарлы үлгінің де, нарықтық үлгінің де – елеулі кемшіліктері бар. Егер нарықтық экономиканы реттеудің түрлі нысандарын енгізуіне тура келетін болса, онда жоспарлы экономиканың нарықтық тетіктерді енгізу жолымен жоспарлауды “жұмсартуына” тура келеді. Батыс экономистерінің пайымдауынша, қандай да экономика аралас экономика болып табылады және онда жоспарлы шаруашылықтың да, нарықтық шаруашылықтың да белгілері бар. Қазіргі заманғы нарықтық экономикаға тән сипат: көп жүйелілік, дамыған инфрақұрылым, мемлекеттің белсенді реттеушілік рөлі, ресурстар қарқынды түрде үнемделетін экон. өсу шарттары ретіндегі жоғары деңгейде дамыған технологияның пайдаланылуы. Қазақстанның өтпелі экономикасының дүниежүзілік нарықтық экономикаға тең құқылы жағдайда кіруі өркениетті және әлеум. тұрғыдан бағдарланған нарықтық құрылымды қалыптастыру жөнінен ұзақ та жүйелі жұмыс жүргізуді қажет етеді. Рыноктың кемшіліктері:

1.рынок бәсеке болғанда ғана жақсы жұмыс істейді;

2.рынок қоғамдық товарларды өндіруге ымтасыз;

3.рынокта демалуға,табыс табуға кепілдік жоқ, сондықтан әлеуметтік әділетсіздік болуы мүмкін.

16. Рыноктық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы. Рыноктық бәсекенің әртүрлі сипатта болуы рыноктың құрылымына байланысты. Ал рынок құрылымдарының бір-бірінен өзгешелігі өзіне тән белгілермен анықталады. Рыноктық құрылымдардың негізгі типтері: жетілген және жетілмеген бәсеке. Жетілген бәсекенің белгілері: -рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз; -рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ; -өндіріс фаторларының мобильділігі жоғары; -рыноктағы бағаға әсер ету мүмкіншіліктері жоқ; -ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей. Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса, онда мұндай рыноктық құрылым жетілмеген болып табылады. Жетілмеген бәсекенің түрлері: 1) таза монополия – тауарларды өндіру және өткізумен байланысты жалғыз фирманың үстемдік етуі. Монополияны негізгі белгілері – монопольді баға мен монопольді пайда. 2) монопсония — белгілі бір тауарларды бір ғана сатып алушысы бар рыноктық құрылымның типі. Ол сатып алу көлемін шектеу арқылы монопольдық пайда алады. 3) Олигополия — өнімнің негізгі бөлігін өндіру және өткізумен айналысатын және өзара бағалық емес бәсекеге түсетін бірнеше фирмалардың іс -әрекеті. 4) Монополистік бәсеке дифференциациялданған өнім шығаратын санаулы фирмалардың іс-әрекетін сипаттайды. Жетілмеген бәсекені туындататын және фирмалардың рынокқа енуіне тосқауыл болатын кедергілер: 1) мемлекеттің жекелеген фирмаларды ғана ерекше құқықтармен қамтамасыз етуі (белгілі бір қызмет түрлеріне лицензия беру); 2) үдайы өндірілмейтін және сирек кездесетін ресуртарға меншік; 3) авторлық құқық және патенттер. Патенті бар фирмалар ғана сол қызметті жүзеге асырумен байланысты артықшылыққа, лицензия сату құқығына ие; 4) масштаб әсері. Ірі фирмалар өндіріс көлемін ұлғайту арқылы шығындарды төмендете өтырып, бәсекелік артықшылыққа қол жеткізе алады; 5) заңсыз бәсекелік әдістерді қолдану. Кез келген рынок құрылымының типі қалыпты қызмет ету үшін қажетті шарттар: экономикалық субьектілердің экономикалық еркіндігі, дербестігі, тәуелсіздігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]