Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Топыраты ауа асиеттері

.docx
Скачиваний:
21
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
16.21 Кб
Скачать

Топырақтың ауа қасиеттері. Өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар тіршілігінде топырақ ауасы  маңызды рөл атқарады. Ол өсімдіктер үшін көмірқышқыл газының негізгі көзі,  фитосинтез жүру  үшін қажетті. Сонымен қатар, оттегіні өсімдіктердің тамыр жүйесі, микроағзалар және топырақта тіршілік ететін жәндіктер пайдаланады.Топырақ ауасы деп оның қуысының судан бос жерлерін толтыратын газ қосылыстарын айтады. Топырақ ауасы құрамы жағынан атмосфера ауасынан көмірқышқыл газының көптігімен (0,5%-дан – 1,5%-ға дейін   ) және оттегінің аздығымен ерекшеленеді. Оттегінің жеткіліксіздігінен (3-9%) тұқымның өнімі баяулайды, тамыр жүйесінің дамуы нашарлайды, топырақтағы микроағзалардың тіршілігі үшін қажетті процестер тежеледі. Топырақтың әр түрлі типінде ауа мөлшері де әр түрлі болады. Ауа мен атмосфера арасында үнемі аэрация деп аталатын газ алмасу процесі жүріп жатады. Бұл топыраққа таза ауаның, яғни оттегінің келуі нәтижесінде өсімдіктің өсіп, дамуына қолайлы жағдай туғызады.Топырақтың ауа қасиеттеріне ауа сыйымдылығы және ауа өткізгіштігі жатады.Ауа сыйымдылығы-топырақтың өзінің бойында белгілі мөлшерде ауа сақтау қасиеті. Бұл топырақтың қуыстылығына, құрылымына, гранулометриялық құрамына, ылғалдану дәрежесіне байланысты болады. Топырақта ылғал неғұрлым көп болса, онда ауа соғұрлым аз болады, топырақтың құрылысы мен құрылымы жоғары болса, онда ауа сыйымдылығы мол болады.Ауа өткізгіштігі-топырақтың ауа сіңіру қабілеті. Жалпы алғанда, топырақтағы ауа мөлшері оның көлемінің 15-25 пайызын құрау керек. Жеңіл, құрылымы жақсы және құрғақ топырақтың ауа өткізгіштігі ауыр, құрылымсыз, шамадан тыс ылғалданған топыраққа қарағанда жақсы. Топырақ құрамындағы ауа мөлшері  көптеген жағдайларға байланысты қатты өзгеріске ұшырап отырады.

Топырақ аэрациясы дегеніміз- топырақ ауасы мен атмосфера арасындағы газ алмасу процесі.  Газ алмасудың жақсы жүруіне топырақтың құрылымдық жағдайы, борпылдақтығы, жеңіл гранулометриялық құрамы көмектеседі. Топырақтың ауа ережесі. Атмосферадан ауа топыраққа еніп, судан бос, топырақ арасындағы саңылауларға орналасады. Топырақ ауасының біраз бөлігі суда еріген түрде, жарым-жартылай коллоидтар сіңірген түрде болады.Топырақ ауасы атмосфералықтан оттегі мөлшерінің аздығымен және көмірқышқыл газы концетрациясының көптігімен өзгешеленеді. Микробиологиялық  іс-әрекеттің нәтижесінде, ауа ауысымының жетімсіздігінен топырақта метан мен күкіртті сутегі бар газдар жиналады.Топырақ ауасының негізгі тұтынушысы болып өсімдік тамыры, микроағзалар мен топырақ жануарлары  саналады, аз мөлшерде тотығудың химиялық реакциясына жұмсалады. Өсімдіктің тамыр жүйесі бір қалыпты іс-әрекетте болуы үшін топырақ ауасындағы оттегі мөлшері 15 % кем болмағаны дұрыс.

Топырақта бос оттегі болмағанда өсімдік дамуы тоқталады, топырақ ауасында СОконцентрациясы 2-3 % артса, өсімдіктің дамуы басылады.