Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать

58. Қр үкіметі шағын және орта бизнесті қолдау саясатын жетілдіре түседі

Республикалық бағдарламалар Еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі мемлекеттік Бағдарламалары болып табылады, соның ішінде шағын кәсіпкерліктің:

-2003 – 2015 ж. ҚР индустриалды– инновациялық даму стратегиясы.

-2005 – 2007 ж. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша тездетілген шаралар бағдарламасы.

-2004 – 2006 ж. Шағын қалаларды дамыту бағдарламасы.

«2003 – 2015 ж.ж. индустриалды – инновациялық даму стратегия» шеңберінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету және мәселелерді шешу үшін арнайы даму институттары қалыптасты. Олар: шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры, Қазақстандық инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор және т.б.

Даму институттарының негізгі мақсаты инвестрлеу жолымен кәсіпкерліктерге белсенді қаржы – несиелік қолдау жүргізу және қосымша жоғары құнымен жұмыс атқарып тұрған өнеркәсіптерді дамыту және ғылыми, ғылыми – техникалық зерттеулерді қолдау және перспективті(болашақты) салалардың кешенді анализі негізіндегі өңдеулер, олардың маңызды элементтерін анықтау.

Шағын кәсіпкерліктің қаржы– несиелік және инвестициялық қолдауы коммерциялық банктердің несиелеуі арқылы приоритеті жобаның тендерлік негізде мемлекеттік мақсатты қарыздарды өзіне қарату есебімен жүзеге асырылады , соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры арқылы жеңілдік шарттары.

Сонымен бірге инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларына инвестициялық преференциялар жатады, олар қызметтердің приоритетті түрлеріндегі инвестициялық жобаларды қолдану кезінде инвесторлармен ұсынылады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша тездетілген шаралар Бағдарламасының жүзеге асыру арқылы

ж

-«Жеке кәсіпкерлік туралы» және «Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерсітер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдары өңделген. Мемлекеттік органдардың бақылау – қадағалау қызметтерінің тізімі анықталған, «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңға қосымша ретінде.

-Шағын бизнес субъектілерін несиелеу көлемін 10 млрд. теңгеге қосымша кеңейтілуді қамтамасыз етілді;

-«Шағын кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ негізінде қаржылық супермаркет құрастырылды.

-Кәсіпорындардың және нарықтық ортаға мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамның, ең алдымен, шағын және орта кәсіпкерліктердің профильді (салалы) емес қызметтерін қадағалау және талдау жүргізу;

-Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу көлемін 10 млрд. теңгеге дейін қосымша кеңейтуді қамтамасыз ету.

2007 ж:

-Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу көлемін 10 млрд. теңгеге дейін қосымша кеңейтуді қамтамасыз ету;

-Мемлекеттің жеке меншікті секторымен бірге қызмет жасасудың жаңа идеологиясын құруды аяқтау;

-Кластерлі – жүйелі ыңғай негізінде шағын және орта кәсіпкерліктерді дамытудың экономикалық моделін өңдеу, шағын және орта кәсіпкерліктерді мемлеттік қолдау жаңа стратегиясына және мемлекеттің бизнеспен бірге қызмет жасасу жаңа иделогиясына өтуді көрсетуі тиіс;

-Шағын және орта бизнесті мемлекеттің қолдауы және дамытуы берілген экономикалық модельлін қолдану контексінде содан кейінгі шаралар пайдаланылады.

Шағын қалаларды дамыту Бағдарламасын өңдеу экономикалық реформалар жылдарында көптеген шағын қалалардың дамуы кезінде теріс әсерлі өзгерістердің пайда болуы себепші болды. Нарықтық экономика жағдайында шағын қалаларды дамыту ыңғайын өзгерту керектігі туындады. Оларды ішкі ресурстар есебімен өзіндік дамуға ақырындап өткізу керек болды. Бағдарлама әлеуметтік және экономикалық факторлардың негізінде жақсаруларды қарастыратын кешенді мінездемеге негізделген. Бағдарлама шағын қалаларды дамытудың функциональді типологиясына сәйкес негізгі бағыттарын, әкімшілік – құқықтық және экономикалық сипаттағы нарықтық бастамадағы өзіндік даму қабілеті бар шараларын анықтайды.

Бағдарлама шеңберінде экономикалық тиімді инвестициялық жобалардың қаржылануы қарастырылған, Қазақстанның шағын қалаларындағы шағын кәсіпкерліктің субъектілері, олардың қолдануы аймақтық экономикасының дамуына бағытталған. Дағдарысты еңсеру бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінген 127 миллиард теңгенің 123 миллиарды игерілді.Бұл туралы Ақордада Елбасының қатысуымен өтіп жатқан кеңесте Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.

Оның айтуынша, жалпы осы бағытта 2440 қарыз алушыға несие бөлінген. «2009 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында шағын және орта бизнес саласы 2,2 триллион теңгенің өнімін шығарды. Атап айтқанда, бұл шаралар жасалмаса, кәсіпорындардың жұмысы тоқтап қалар еді. Бұған жол берілген жоқ», деді К.Мәсімов. Шағын және орта бизнесті қолдау  12 банкке бөлінген 117 млрд.тенгеден 133,6 млрд. теңге игерілді. Бұл АТФ, БТА және Казкоммерцбанктерінің өздерінің ақшасын салғаны арқасында болды. Бағдарлама арқылы 2 550 кәсіпкер несие алды, олардың ішінде  1580 несие алушы бұрынғы несиелерін қайта қаржыландырса, 971 несие алушы жаңа несие алды. Былтырғы бағдарламалардың 70 пайызы қайта қаржыландыруға жұмсалса, биыл ақшанық 51 пайызы ғана қайта қаржыландыруға жұмсалып 49 пайызы жаңа жобаларға жұмсалды. Осы бағдарлама арқылы 3886 жұмыс орны құрылып сақтап қалынды. Өндіріспен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау үшін шілде айынан бастап «Даму Қолдау» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бұл бағдарлама арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін өндеумен және тамақ өнімдерін шығарумен айналысатын кәсіпкерлер банк кепілдемесі арқылы қаржыландырылатын болады. Бұл бағдарламаға біздің Қордан  3 млрд.теңге және банктер жағынан 3 млрд.теңге жұмсалатын болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]