Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать

51. Мемлекеттік бюджет: құрылымы, қызметтері

Мемлекеттік бюджет — мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспары. Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері және қаражаттың жұмсалу бағыттары мен арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет әзірлейді, жоғары заң шығарушы органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады

Мемлекеттік бюджет - ұлттық экономиканы басқарудың басты меха- низмдерінің бірі. Бюджетке тән құндылықтардың көрінуі, оны бөлу мен бақылаудың құралы ретінде пайдалану мемлекет жасайтын бюджеттік механизмде бейнеленеді. Экономиканы реттеу үшін бюджеттік механизмді пайдалану қоғамдық өндірісті дамытудың карқындары мен үйлесімдеріне эсер ете отырып, мемлекеттің қарамағына түсетін ақшаны оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет эконо.микамен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).

Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн

Қоғамдық ұдайы өндірісте мемлекеттік бюджеттің рөлі ең алдымен мемлекеттік бюджеттің (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 31%, шикі жалпы өнімнің 22%, жалпы қоғамдық өнімнің 11% бөлінетіндігімен және қайта бөлінетіндігімен анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды ұлгтық шаруашылықты н әр түрлі салалары, өндіріс секторлары, коғамдық қызметтің сфералары, елдің экономикалық аудандары мен аумақтары арасында бөледі.

52. Ақша жүйесі және оның элементтері.

Мында өту: шарлау, іздеу

Ақша жүйесі — белгілі бір елде қалыптасып, әдетте заңмен бекітілетін ақша айналымын ұйымдастыру түрі. Елдегі жалпыға бірдей балама ретінде қабылданған асыл металға және ақша айналысының негізіне қарай ақша жүйесі екі түрге бөлінеді.[1] Ақша жүйесі дегеніміз жеке элементтері белгілі бірлікте болатын жүйе болып табылады. Ақша жүйесінің негізгі элементтері мыналар:

ақша бірлігі мен баға масштабының атаулары;

ақша белгілерінің түрлері, оларды шығару тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;

нақтылы акша тшемейтін төлем айналымын ұйымдастыру;

ұлттық валютаның курсы, оны шетел валютасына айырбастау тәртібі.

Ақшаның пайда болуын маркстік және неоклассикалық мектептер айырбас,сауданың даму процестерімен ,шаруашылықтың нарықтық формасының нығаюымен байланыстырады.Айырмашылықтары ең алдымен тауар табиғатын түсіндіруде жатыр.

К.Маркстің теориясында ақша бұл ерекше тауар.Ол ақшаның шығуын құн формасының , яғни ауыспалы құн формасының дамуымен байланыстырады.Ол форма төртеу-жай немесе кездейсоқ;кездейсоқ немесе жан-жақты;жалпылама;ақшалай.

Құнның ақшалай формасында барлық тауардың эквивалентті алтын болды.Ақша сөйтіп, айырбас пен құн формасының ұзақ даму процесінің нәтижесінде пайда болды.Тауар әлемі

екі полюске бөлінді: бірінде тауардың жалпы массасы , екіншісінде бір ғана тауар –ақшаның рөлін атқарған алтын.Маркс бағаны құнның ақшалай формасы деген.Маркстің теориясында ақша рөлін металдар –алтын мен күміс атқарған .Бұл 19 ғ.аяғы мен 20 ғ.басындағы алтын стандарт жүйесінің болуымен дәлелденеді.Алтынның ақшаның рөлін атқаруға 3 себебі боды:

1.Сақталымдылығы; 2.Портативтілігі(шамалы көлемінде жоғарғы құндылықтыңболуы)

3.Экономикалық бөлінуі(алтын құймасы,яғни салмағы жағынан екіге бірдей бөлінген бөліктер құймасының құны дәл есеге азаяды.)Бұндай қасиет мал да,бағалы терілерде,інжу-маржандарда ,алмастарда және тс.с жоқ. 4.Алтынның салыстырмалы түрде табиғаттағы сиректігі. Қазір алтын ақшаның рөлін атқармайды. Осы арада К.Маркстің ақшаның қызметтерін жіктеуін қарастыруға болады.Ақша негізгі бес қызметті атқарады:

1.Тауарлар құнының өлшемі; 2.Айналыс құралы; 3.қор жинау құралы; 4.Төлем құралы

5.Әлемдік ақшалар

Ақшаның айналысқа қажетті сандық формуласы.

Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:

Ақша бірлігінің атауы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]