Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать
  1. Қр Президентінің 2011 жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» халыққа жолдауы

ҚР президенті Н.Назарбаев жыл сайын қазақ халқына өз жолдауын жолдайдайды. 2011 жылғы жолдаудың басты бағыттарына тоқталып өтсем.

Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 9 мың доллардан асып түсті.

Бұл – 1994 жылмен салыстырғанда, яғни 17 жыл ішінде  12 есеге өскен деген сөз.

Әлемде тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында осындай қарқынмен дамыған ешқандай мемлекет болған емес.

Жолдауда салыстыру үшін мынадай деректер келтірілген: ішкі жалпы өнім адам басына шаққанда– Оңтүстік Кореяда 20 жыл ішінде 3 есеге, Малайзияда – 2 есеге, Сингапурда – 4 есеге өскен.

Индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Бағдарлама ел экономикасын түбегейлі өзгертуге бағытталған.

Тек қана 2010 жылы 152 жаңа кәсіпорын іске қосылды, 8 млрд-тан астам қаржы жұмсалды.

Бұл - 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында көзделген маңызды өзгерістердің басы ғана.

Осы алдағы 10 жылдық ішінде ішкі жалпы өнімнің өсуі кем дегенде 30 пайызды құрауы тиіс.

Сонымен қатар экономиканың шикізаттық емес секторына салынатын инвестиция көлемі 30 пайызға көбейеді.

Тұрақты дамудың маңызды көрсеткіші – шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі болып табылады, сондықтан олар 40 пайызға жетуі тиіс.

Халқымыздың саны 18 млн.-ға жетсе, оның 40 пайызы білікті мамандар болмақ.

Бұдан да басқа көптеген мысалдарды келтіруге болады.

Ең бастысы – осының бәрі егжей-тегжейлі есептелген және негізделген.

Президенттің Жолдаудағы әр тапсырмасы міндетті түрде орындалады және келешекте де жүзеге асады.

Осы жолы да басты мақсат – халықтың                     әл-ауқатын жақсарту екені тағы да атап көрсетілді.

Білім саласына үлкен басымдық беріліп отыр.

2010 жылы 7 желтоқсанда Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанын жақсы білесіздер.

Ол еліміздегі жоғары деңгейдегі төрт бағдарламаның біріне айналды.

Атқарылған істерге көз жүгіртсек, құрылымдық реформалар кезеңі аяқталып қалғанын байқаймыз. Білім берудің барлық деңгейлері Білім берудің халықаралық стандарттар жіктеуішіне сәйкес келтірілуде.

Қазақстанда білім беруді қаржыландыру көлемі бірнеше жылдан бері жалпы ішкі өнімнен4%-ды құрап келеді (2010 жылы оның көлемі 4.1%-ды құрады).

Ендігі басты міндет – білім беруді жаңа  сапамен және мазмұнмен толықтыру.

Жаңа Мемлекеттік бағдарлама мен Жолдауда айтылған мақсаттар – осы міндеттерге жетуге бағытталған.

 Бұл құжаттармен сіздер жақсы таныссыздар, сондықтан ең түбегейлі деген ережелер мен міндеттерге ғана тоқталып өтейін.

 Алдымен, педагог мәртебесін көтеру мәселесі жөнінде.

Осы мәселеге бағдарламада толық бір бөлім арналған.

Мұндай міндет жаңа Мемлекеттік бағдарламада алғаш рет қойылып отыр.

 

Ол үшін біз бірнеше бағытта жұмыс істеуіміз қажет.

 Біріншіден, педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінің пәрменділігін көтеру қажет.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдары басшыларын да қайта даярлаудан өткізіп, оларды білім беру менеджментіне үйрету керек.

Екіншіден, қаржыландыру мен материалдық ынталандырудың жаңа механизмдерін енгізу.

Ұстаздардың орташа жалақысын жеке сектордағы еңбекақыға жақындатып, біліктілікті  арттыруда ваучерлік-модульдік қаржыландыруды меңгеру қажет.

Үшіншіден, педагог беделін көтеру жолында  тиісті имидждік  жұмыстардыұйымдастыру.

 

Білім беру жүйесінде сапа мен оған қол жеткізуді арттыру үшін е-learning электрондық оқыту жүйесі зор маңызға ие.

Бұл – әлемде қарқынды дамып жатқан салалардың бірі.

Мемлекет басшысы 2015 жылға қарай электрондық оқытумен білім беру ұйымдарының          50%-ын,  ал 2020 жылға қарай - 90%-ын қамту міндетін жүктеп отыр.

Бұл оңай шаруа емес.

Бұл шаралар  мүлдем жаңа методиканы, технологияларды, техникалық және ақпараттық базаларды қажет етеді, сондықтан бұл міндеттерді іске асырып, орындауға тиіспіз.  

Білім берудің нақты деңгейлерін дамытуда мынадай шаралар  атқарылады.

Мектепке дейінгі тәрбие – екі басты міндеттен тұрады.

Бірінші міндет – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының санын күрт өсіру.

Президентіміз бұрын-соңды, кеңес дәуірінде де қойылмаған зор міндеттер жүктеп отыр - 2020 жылға қарай мектеп жасына дейінгі балаларды 100% қамту.

Екінші міндет – тәрбие жұмысын жаңа мазмұнмен толықтыру.

Ол үшін барлық бағдарламалар мен әдістемелерді қайта қарап, мамандар даярлауды қамтамасыз ету қажет.

Орта мектепте 12 жылдық оқытуға көшу мәселесі өз шешімін табады.

Негізгі міндеттер:

- қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы бейіндік мектептерді енгізу;

- оқыту тұжырымдамасын  өзгерту, яғни білімді бағалаудан құзыреттілікке көшу.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін жаңа білім беру объектілерін салу қажет.

Жолдауда мынадай сандар көрсетілген: республикалық бюджет есебінен 2015 жылға қарай кемінде 200  мектеп, осынша мектепті жергілікті  бюджет қаражаты есебінен де салу қажет.

Сондай-ақ, білім беру стандарттарын, оқыту бағдарламалары мен барлық  оқу материалдарын қайта қарау керек.

Бұл – өте ауқымды және жауапты жұмыс.

Техникалық және кәсіптік білім берудегі жүйелі проблема - мамандардың бәсекеге қабілетсіздігі. Олар жұмыс берушілердің талаптарына жауап бере алмайды.

Сондықтан, Жолдауда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі реформалау, оқыту мазмұнын  толық жаңарту міндеті қойылды.

Бұл үшін, жұмыс берушілермен тығыз өзара байланысты қамтамасыз ететін шаралар қабылдау  қажет.

Жоғары деңгейде  бизнес қауымдастығы мен жұмыс берушілер өкілдерін қатыстыра отырып, Кәсіптік-техникалық кадрлар даярлау жөнінде ұлттық кеңес құрылатын болады.

Еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріліп, Ұлттық біліктілік жүйесі, икемді білім беру бағдарламалары  құрылады.

Бітірушілерді  сертификаттауда  маңызды функцияны салалық  жұмыс берушілер қауымдастығы жүзеге асырады.

Құрылатын 4 аймақаралық кәсіптік орталықтың базасында корпоративтік басқару, жұмыс берушілермен өзара байланыс, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмдерін талдайтын боламыз.

Жолдауда жоғары білім беру саласына да  біраз міндеттер қойылды.

Біріншіден, жоғары білімнің ғылыммен және инновациялық процеспен бірігуі.

Бұл үшін, «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының жаңа  заңында  «зерттеу университеті» деген жаңа ұғым енгізіледі.

Бұл тұста негізі бағдар – Назарбаев Университетінің базасында құрылып жатқан жоғары оқу орнының жаңа моделі.

Онда кадрлар даярлаудың, академиялық ұтқырлықтың, ғылымды дамыту мен нәтижелерді меңгерудің мақсаттары мен тәсілдері қарастырылған.

Назарбаев Университеті  еліміздің басқа да жоғары оқу орындары үшін үлгі болмақ.

20 Назарбаев зияткерлік мектебі үздік университеттерге талапкерлер  даярлаудың негізгі базасына айналады.

Мемлекет басшысы Үкіметке жоғары оқу орындарының инновациялық қызметке көшу тетігін  әзірлеуге тапсырма берді.

Екіншіден, осындай өзгерістерге сәйкес  жоғары оқу орындарын жіктеуді іске асыру міндеті жүктеледі.

Олар 6 сатыға іріктеледі:

  • ұлттық зерттеу университеттері

  • ұлттық жоғары оқу орындары,

  • зерттеу университеттері,

  • университеттер,

  • академиялар,

  • институттар.

-Кейбір жоғары оқу орындары колледж болып қайта құрылады

-Гранттар да сараланып, көлемінің азаюы мүмкін.

Жоғары оқу орындарын аттестаттау мен аккредиттеуге қойылатын талаптар да күшейтіледі. Келешекте оларға дербестік беріледі (тарихта бірінші рет).

  •  білім беру, ғылыми, қаржылық, халықаралық және басқа қызметті жүзеге асырудағы дербестік

  • мемлекеттік жоғары оқу орындары дербес коммерциялық емес ұйым болады

Мемлекет басшысы Жолдауда дамыған елдерде              1 миллион тұрғынға 1-ден 6 жоғары оқу орнына дейін келетінін атап өтті.

Бізде бұл көрсеткіш 1,5 есеге артық.

Үшіншіден, Президент Жолдауында ғылым кандидаттары мен докторларын даярлаудан дамыған елдер сияқты PhD – философия докторын даярлауға түбегейлі көшу туралы нақты айтылды.

Ол білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қарастырылып, кезең-кезеңімен іске асырылды.

Бұл процесс елдің сұранысына, ғылым мен білімді біріктіруге, әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігіне енуге мүмкіндік береді.

Жолдауда 2020 жылға қарай қамтамасыз етілетін мынадай базалық көрсеткіштерге тоқталды:

 Халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі 30%-ды құрайды.

Инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізетін жоғары оқу орындарының үлесі 5%-ға дейін ұлғаяды.

Кемінде 2 жоғары оқу орны әлемдегі үздік университеттер рейтингінен орын алады.

Мемлекет басшысының тілдерді дамыту саласына қойған міндеттеріне ерекше тоқталып өтейін.

2017 жылға қарай қазақстандықтардың 80%-ы, ал 2020 жылға қарай кемінде 95%-ы мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс.

Осы міндетті кадрлар даярлаудың барлық  жүйесінде басшылыққа алу қажет.

Бұл - әсіресе орта білім үшін жауапты міндет.

Ел Президенті 2020 жылға қарай мектеп бітірушілердің 100%-ы мемлекеттік тілді меңгеруі қажет деген талап қойды.

Бұл - қойылған міндетті толық шешудің негізі.

Орыс тілі және басқа да қазақстандық этностардың тілдері де дамитын болады.

2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін халықтың саны  кемінде 20%-ды құрауы тиіс.

Осы шаралардың барлығы Елбасының «Сапалы білім Қазақстанды индустрияландыру мен инновациялық дамытудың негізі болуы тиіс»  деген міндетін орындауға бағытталған.

Елбасы айтқандай, «өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.

Өздеріңіз жақсы білесіздер, Жолдауда ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, тұрғын үйді жаңғырту, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, халықтың табысын арттыру және т.б. салалар бойынша ауқымды міндеттер айтылды.

Бұлардың барлығы әлеуметтік саланы, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын дамытуға әсер етеді.

 Жолдауда қойылған міндеттерді орындау –           21-ғасырдың үшінші онжылдығына ерекше серпінмен аяқ басуға жол ашады.

 Осы шараларды іске асыру Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  20 жылдығынан бастау алады.

Бұл өте маңызды оқиға.

Мемлекеттік комиссия құрылып, Жалпыұлттық            іс-шаралар жоспары бекітілді.

Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай: «Бұл жалпыхалықтық іс».

Біз, білім мен ғылым саласының қызметкерлері және оқушыларымыз болып бірлесіп, жұмыс  жасайық!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]