Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать
  1. .Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметтері.

Ақшаның пайда болуының зерттелуінде екі көзқарас бар: субъективті және объективті.

Субъективті көзқарас кезінде ақша адмдар арасындағы саналы, тиімді келісімнің нәтижесінде пайда болды деп көрсетіледі.

Объективті көзқарас кезінде дәлелденеді: ақша –бұл жалпы эквивалент рөлі бекітілген, көптеген тауарлардың ішінен бөлініп шыққан тауарлы-ақша қатынастарының дамуының нәтижесі.

Осы теорияға сәйкес ақшаның пайда болуы тауар айырбасының дамуына байланысты. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқ сипатта болды, бір тауар тікелей екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте-бірте айырбас мөлшері қалыптасады.

Екі тауарды айырбастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына теңестіріледі. Өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола бастады. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туады.

Бірте-бірте көптеген тауарлардың ішінен біреуі бөлініп шықты, мысалы, мүйізді ірі қара мал. Оған барлық тауарлар айырбасталды. Осы бір тауарда басқа тауарлардың құны белгіленеді. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ақшалық тауар. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.

Ақшабұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар.

X ғасырда ақша қызметтері және ақшаның жалпыға ортақ эквивалент ретіндегі рөлі өзгерістерге үшырады. Барлық жерде алтын ақша жоғарыда аталған бес қызметті атқаруын қойды. Еш жерде тауар құны алтын арқылы өлшенбейді; ешбір елде алтын ақша ретінде айналыста болмайды; алтын төлем қүралы қызметін де атқармайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда есеп айырысу валюталар - доллар, евро, иена жэне т.б. арқылы жүзеге асады. Сонымен, алтынның айналыстан шығуы жэне оның ақша қызметін атқармайтын болуы демонетизациялау деп аталады. Демонетизация дегеніміз алтынның ақша рөлін және жалпыга ортақ экви валент рөл ін атқаруды догаруы. Осы жерде мынадай өте қиын теориялық сүраққа тап боламыз. Қазіргі ақшалардың мәні, жалпы табиғаты қандай? Өйткені кімге де болса анығы қазіргі уақытта асыл металл- ақша емес, қағаз ақша- ақша.. Ақшаның мәні оның қызметтерінен шыгады (ең алдымен төлем қүралы және айналыс қүралы ретіндегі).

Қоғамдық өндіріс дамыған сайын,айырбас операцияларын жүргізуге көмектесетін жалғыз тауардың бөлініп шығуының қажеттігі пайда болды. Ақшаның анайы,тұңғыш формалары дүниеге келді. Әр халықтарда, әр географиялық аймақтарда олар әр түрлі болды- егіншілерде бидай, малшы тайпаларда мал, аңшыларда терілер,т.т.б.Өкінішке орай, осы тауарлар барша территорияларда қызмет ете алмады,олар кең тарамады. Түбінде тауар қатынастарының дамуы, ақшаның рөлін асыл металдарға: алтынға, күміске жүктеді. Классикалық экономикалық теорияның негізін қалаушылар А.Смит және Д,Рикардо ақшаның басты қызметі деп, айналыс құралы болуын атап көрсетіп, ал басқаларын осы айналыс құралы қызметінен туынды деп есептеген. К.Маркс ақша құнының еңбектік сипатына сүйене отырып, ақша теориясын дәлелдеп әрі қарай дамытқан, ақшаны жалпылама эквивалент және абстрактік қоғамдық еңбектің жалпылама көрінісі дей отырып оның мәнін анықтайтын, атқаратын бес қызметіне назар аударады: құн өлшемі, айналым құралы, төлем құралы, жинақ жасау құралы, дүниежүзілік ақша. Осы замандағы экономикалық әдебиетте ақшаның атқаратын үш қызметі аталып отыр: құн өлшемі, айналым құралы, жинақ құралы. Тек нақтылы, қолма-қол ақша айналыс құралы қызметін атқара алады. Бұл қызметті ақша тез бір қолдан екінші қолға ауысқаншағана атқаратынына байланысты, нақтылы ақша материалы, ақшаның белгісімен, немесе оның символымен алмастырылуы мүмкін. Бұл үшін осы символды қоғам ақша материалының белгілі мөлшері деп мойындайды деген кепілдік қажет. Осылайша, толық бағалы емес монеталар, кейіннен қағаз ақшалар пайда болған. Ақшаны айналыс құралы ретінде қолданғанда, сатып алу-сатуға жұмсалатын іс-қимыл мен уақыттың үнемделуінің арқасында айналыс шығындарының төмендеуінің нәтижесінде, ақша сауданы дамытуға жол ашты, өндірістің мамандануы кеңейе түсті.Бұл жағдай еңбек өнімділігін жоғарылатты, демек қоғамның хал-жағдайы жақсара түсті.

14. Құн теориялары . Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының негізгі әрекетнің мәні мынада: тауарларды өндіру мен айырбастау, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Сонымен құн заңы тауарлы өндірістің ең мәнді сипатын көрсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық нәтижесі өнім айырбастаудағы эквиваленттілікті талап етеді. Ал тауар -ақша айналасында құн заңы баға заңы болып табылады. Баға - құн заңының көрінісі. Құн-баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны. Сондықтан, баға – құнның ақшалай көрінісі. Экономикалық қатынас тауардан басталады. Тауар-еңбектің өнімі, ол екінші бір затқа, тауарға айырбастау үшін шығарылады. Тауардың екі түрлі қасиеті бар: - адамның белгілі бір қажеттілігін өтеу қабілеті; - басқа бір тауарға айрбасталу қасиеті. Тауар қоғамға пайдалы зат болуы қажет. Экономикалық теория тауардың қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру қабілетін тұтыну құны деп атайды. Тұтыну құны – тұтынылған жағдайда ғана жүзеге асатын тауардың сипаты. Тауар өндірушінің өзі үшін өндірген өнімінің пайдалы қасиеті - оның басқа қажетті материалдық игіліктерге айрбасталуы. Экономикалық теорияда тауардың басқа тауарларға белгілі бір үлесте айырбасталу қасиеті айырбас құны деп аталады. Айырбас құны – бір тауардың тұтыну құндарының басқа тауарлардың тұтыну құндарына айырбасталуының сандық қатынасы. Еңбек өнімдерінің жүйелі айырбастау процесінің дамуы кезеңінен бастап, құн заңы тауар өндірісінің бүкіл тарихында әрекет етеді. Қоғамда үстемдік ететін өндірістік катынастардың типімен байланысты оның әрекет ерекшелігі   де    өзгеріп    отырады.    Құн   заңының    тауар өндірушілерге әрекеті тек рыноктық бәсеке арқылы көрінеді. Осы рыноктық механизм қатынасы сұраныс пен ұсыныс арақатынасы, бағаның ауытқуы мен пайда нормасы, салалық және ішкі салалық бәсеке арқылы құн заңы қоғамдық өндіріске ықпал етеді. Ал оның негізі құн заңының өзінде емес, оның әрекет етуінің қоғамдық жағдайында, қоғамның экономикалық құрылысының сипатында. Айналыс саласында құн заңы бағаны халықтың төлем қабілеттігінің келемі мен құрылымын, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтауда маңызды рөл атқарады. Құн заңын дұрыс басшылыққа алудың қоғамдық еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынмен көп нәтижеге жетуді, нақты рыноктық қатынасқа көшуді қамтамасыз етуде, шаруашылық реформасын іске асыру маңызы зор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]