Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
толык шпор.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
20.09.2019
Размер:
179.61 Кб
Скачать

48. Рыноктық (нарықтық) экономиканың модельдері (үлгілері).

Қазіргі әлемдік экономикада рыноктық экономиканың 7 моделін ерекше бөліп қарастырады.

  1. Американдық немесе либералды млдель. Оның ерекшеліктері: 1. Мемлекеттік меншіктің үлесі аз 2. Экономикадағы мемлекеттің реттеуші рөлі төмен 3. Ірі бизнестің жан-жақты дамуы 4. Бай мен кедей адамдардың өмір сурү деңгейіндегі үлкен алшақтық. 5. Жалақы мөлшеріндегі үлкен алшақтық 6. Кедей халық топтарының өмір сүру жағдайларының орташа болуы

  2. Жапондық модель. Ерекшеліктері: 1. Мемлекеттік араласудың деңгейі жоғары 2. Экономика үшін 30 жылға арналған жоспар, қорғаныс күштерін дамыту үшіғ 5 жылдық жоспар 3. Жұмысшыларды қатыстыру механизмдері 4. Фирмаларда өмір бойы жұмысқа қабылдау кеңінен тараған 5. Жалақы деңгейіндегі айырмашылық шамалы 6. Модель әлеуметтік бағдарланған 7. Жұмысшылардың әлеуметтік мәселелерін шешу міндетті корпорациялар мен бірлестіктерге де жүктелген

3.Неміс моделі. Жаппон моделіне жақын. Басты идеологы- Людвиг Эрхард. 1. Мемлеекеттік экономикаға әсері үлкен. 2. Макроэкономикалық көрсеткіштерді жоспарлау

4. Швед моделі. Социализмнің екінші үлгісі деп атайды. 1. Әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономика 2. Мүлік теңсіздігі өте төмен 3. Халықтың қорғансыз топтарына көмек жоғары

5. Фрацуз моделі. Мұнда мемлекеттің реттеуші рөлі жоғары. 1. Халық шаруашылығында мемлекеттік кәсіпкерліктің үлесі ауқымды. 2. Капиталдың қорлану процесіне мемлекеттің кеңінен араласуы.

6. Оңтүстік Корея. Мемлекеттің экономиканы реттеуші рөлі басым. 1. Экономикалық дамуды жоспарлау. Бес жылдық жоспар қабылдау. 2. Ұзақ уақыт бойы қаржы-несиелік сферада мемлекеттің монополиялық үстемдегі. 3. Отандық өндірушілерді қолдау мақсатында экспорттық операцияларды ынталандыру, импортты шектеу.

7.Қытай моделі. Экономикасын реформалау ауыл шаруашылығынае басталвды. Жер 15-30 жылға жалға беріледі. Модель бойынша рыноктық механизм мемлекеттік реттеу арқылы қызмет етеді.

49.Қаржы жүйесі, мәні, құрылымы.

Қаржы жүйесі - белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада алғанда — мемлекеттің қаржы мекемелері жүйесі, яғни өзара байланысты салалар (кәсіпорын, сақтандыру қаржысы мен мемлекеттік қаржы) мен буындардың (қаржы мекемелерінің, салық жүйесінің құрылымдык бөлімшелері, т.б.) жиынтығы. Әрбір ірі салалардың ішінде буындар болады, оның үстіне қаржы қатынастары субъект қызметінін сипатына қарай топтастырылады.

Қазақстан Республикасынын қаржы жүйесі бюджет жүйесінен, бюджеттен тыс қорлардан, түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысынан, қаржы институттарынан (қаржы қызметін жүзеге асырушы, реттеуші ұйымдар, мекемелер, қаржы министрлігі, қазынашылық, ұлттық банк, салық инспекциясы, салық полициясы (қаржы полициясы), кор валюта биржалары, қаржы-несие мекемелері) және қаржы үдерістерінің барысына қажетті шарттар жасайтын қаржы құралдары тұрады. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықты дамуы ұлттық экономика дамуының қажетті шарты болып табылады

Қаржының мәні оның қызметтері арқылы анықталады: бөлу, бақылау, ынталандыру, фискалдық.

Қаржының бөлу кызметтері шаруашылық субъектілерін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, олар мақсатты бағытталған ақша қорлары формасында пайдаланылады. Салық арқылы мемлекеттік бюджетте қаржы құралдары шоғырландырылып, өндірістік, әлеуметтік, халық шаруашылық проблемаларын шешуге жұмсалынады. Салық арқылы мемлекет кәсіпорындардың, фирмалардың, азаматтардын табыстарының бөлігін қайта бөліп, оларды өндірістік және элеуметтік инфрақұрылымнын дамуына, шығындарды белгілі мерзімде өтейтін қор және салаларға инвестиция түрінде жұмсайды. Ақша формасында қоғамдық өнімнің құнының қозғалысымен байланысты қаржылар ұдайы өндіріс процесін жалпы және фазалар бойынша сан жағынан бейнелейді. Сондықтан қоғамда қалыптасатын экономикалық пропорцияларды үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Қаржының ынталандырушы кызметі: салық ставкаларын, жеңілдік-терді, салық салу жағдайларын өзгерту арқылы мемлекет белгілі салалар мен өндірістердің тез дамуына жағдайлар жасайды және қоғамның өзекті проблемаларын иіешуге ықпал етеді. Салық жеңілдіктері арқылы мемлекет техниқалық прогресті, жұмыс орындарының көбеюіне, өндірістің ұлғаюына күрделі қаржылардың салынуын ынталандырады.

Қаржының фискалдық қызметі ол салық көмегімен кәсіпорындар мен азаматтардың табысының бір бөлігін орталыктандырып, мемлекеттік қызметті жетілдіру үшін өндірістік емес сфераны дамытуға жұмсайды.

Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің де экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.

Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.

Қаржы жүйесі мемлекеттің көптеген қаржыландыру институттарын қамтиды. Олар әр түрлі бағыттағы несие институттарымен тығыз байланыс негізінде әрекет жасайды.

Мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]