Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Техника ауіпсіздік ережелері

.docx
Скачиваний:
374
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
18.7 Кб
Скачать

Техника қауіпсіздік ережелері

Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындылығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады.

Жарылыс кезінде өртті болдырмау үшін ыстық жанғыш, жарылысқа қауіпті ортаның пайда болуына мүмкіндік бермей, оталдыру көзінің пайда болуына  кедергі жасау керек.

Құрылыстық-жобалау шаралары ғимараттар мен құрылыстардың отқа төзімділігімен анықталады (конструкция материалдары жанғыш, қиын жанатын, жанбайтын болып бөлінеді).  Отқа төзімділік шегі дегеніміз – бұл оттың әсерінен құрылыс конструкцияларының бірінші сызат пайда болғанға дейінгі шыдайтын уақыт интервалы. Барлық құрылыс конструкциялары отқа төзімділік шегі бойынша 8 деңгейге бөлінеді. Ғимараттардың отқа төзімділік деңгейіне байланысты өрт кезінде эвакуациялау үшін шығатын жерлерге дейінгі қашықтықтар белгіленеді.

Техникалық шараларына мыналар кіреді:

-   өмірге қажетті жүйелерді (жылу, жарықтандыру, вентиляция т.б.) орнатқан кездерде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау;

-   құрал-жабдықтар жұмысының тәртібі мен технологиялық процестер парамертлерін сақтау;

-   әртүрлі қорғану жүйелерін пайдалану.

Өрттің алдын алу шараларын мыналар кіреді:

-   құрылыстық-жобалау;

-   техникалық;

-   ұйымдастырушылық;

-   өрт сөндіру тәсілдері мен құралдары.

Өрт сөндірудің келесі тәсілдері қарастырылады:

1.      ыстық  жанғыш затты тотықтырғыштан бөлектеу;

2.      ауадағы оттегі концентрациясын азайту;

3.      ыстық жагғыш заттың температурасын оталдыру температурасынан төмендету.

Өрт сөндіру заттары ретінде су, құм, көпіршіктер, ұнтақтар, өрт тудырмайтын газ тәріздес заттар, инертті газдар, булар қолданылады.

АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ / ЭЛЕКТРОЗАҚЫМДАНУ.

Электротогымен зақымдану пайда болады:

●Екі ашық электросымды үстау.

●Бір сымды үстап суда немесе ылғалда тұрсаңыз.

Сіздің іс-әрекетіңіз:

●Бөлмеде электр қуатын түгел айырып, тоқтан шнурды айырып қою керек.

Егер бұл мүмкін болмаса:

●Өзінді токті өткізбейтін материалға (резинадал жасалған коврик, құрғақ ағаш тақтайға, қалың қағаздар) тұрып сақтау.

●Электр тогын өткізбейтін материалды қолданып, жарақаттанған ауруды алып шығу.

●Жарақатталған адамды қауіпсіз жерге алып кету.

●Егер ток адамға әлі әсер етіп жатса ағаш тақтайға немесе құрғақ киімге тұру керек, қолды құрғақ матаға орап, қалған матамен жарақаттанған адамды шығару керек.

●Содан кейін егер жарақаттанған адам ессіз болса, оның жағасын, түймесін ағытуы керек.

●Нашатыр спиртпен иіскету.

●Жедел жәрдемді шақыру.

АЛҒАШҚЫ ЖӘРДЕМ/ ЖАРАҚАТТАР.

Егер жарақаттар таза, онда оны өзіміз емдеуге болады. Егер жарақат үлкен болса, онда дәрігерге бару керек және укол істету керек.

Емделуі:

●Жарақаттың өзіне тиіспей, сулы ватамен жарақаттының айналасын сүрту керек.

●Жарақаттың өзін йодпен жағып, оны таза бинтпен байлап тастау керек.

●Үлкен жарақатты мақталы-марлі жастықшамен бинтпен байлап тастау керек.

●Жастықшалар мен бинттерді шығарып жатқанда жарақатқа салатын жағын міндетті түрде қолмен ұстамаңыз.