Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekhnika_i_taktika_1-99_deyin.docx
Скачиваний:
235
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

87 Туристерді даярлау тәртібі. Шынықтыру циклдері

Физикалық дайындық қағидалары: жүйелілік, белсенділік, біртіндеушілік, кезекшілік, саналық, үнемілік, үзілмеу қайталау, циклдық спорттық және мамандық ерекшеліктерімен байланыс.

Туристер мен оларға қызмет көрсететін адамдардың дайындығы маршрут қиындығына сәйкес болу қажет; әсіресе жүк тасушылардың дайындығы. Атап айтсақ, жүк тасушылар дайындығы қатысушылардан әлдеқайда жоғары болуы тиіс. Мысалы, 1 дәрежедегі жорық үшін жүк тасушылардың дайындығы жорықтың 3-4 дәрежесінің нормаларына сәйкес болуы тиіс.

Жорық алдындағы дайындық екі кезеңге бөлінеді: алдын ала дайындалу кезеңі және негізгі кезең. Алдын ала дайындықтың мақсаты – ағзаны біртіндеп жоғары жүктемелерге үйрету, негізгі кезеңнің мақсаты – жорықтағы жүктемеге ағзаның толық даяр болуы. Жорық алдындағы дайындық жарты жылдан кем болмауы қажет, жорық алдындағы ай ішінде туристер жорықтың энергия шығынын жаттығуда толығымен орындауы керек.

Ағзаның функционалды күйін жүректің еңбек қабілеті бойынша бағалайды. Жорық дәрежесіне сәйкес жүктеме болғаннан кейін қан соғуы 7-10 минут ішінде қалпына келсе, дайындық қанағаттанарлық болып есептеледі.

Туристің физикалық қасиеттерін қалыптастыратын жаттығулар: 1) ұзын дистанцияға жүгіру; 2) ойлы-қырлы жерде марш-жүгіріс жасау; 3) бір күндік туристік жорықтар (15-20км); 4) спорттық ойындар; 5) туризм техникасы бойынша жарыстарға қатысу; 6) жер бедерінде командамен жаттығу жасау.

Жаттығулар аптасына 3 рет, 1,5-2 сағаттан болады. Демалыс күндері бір күндік жорықтар жасау керек.

Күрделі жорыққа дайындық жасаған кезде жаттығулар аптасына 4-5 рет өткізіледі. Ең қиын жорықтарға дайындалған кезде аптасына 5 рет, 2-3 сағат жаттығулар жүргізіледі.

Ағзаны жорық жағдайларына шыдамды болу үшін шынықтыру керек: таза ауада жеңіл киім киіп өтетін тәңертеңгі гимнастика, суық сумен шынығу, жатар алдында аяқты суық сумен жуу, үнемі жеңіл киім киіп жүру.

Жорық кезінде турист өз денсаулығын сақтап жүруі өте маңызды: егер бір адам сырқаттанып кетсе, бүкіл топ өз қозғалысын , кейде саяхаттың өзін тоқтатуға мәжбүр болып қалады. Ауырып қалмау үшін барлық гигиеналық ережелерді орындау қажет. Сонымен қатар, дұрыс киіну де өте маңызды. Киім құрғақ, таза, терлеген кезде ауаны өткізетіндей матадан жасалған болуы керек, жүрген кезде турист ыстықтамауы да, тоңбауы да керек. Жүрген кезде киім жеңілірек, ал тоқтағанда қалыңырақ болуы қажет. Сыртқы жылы және желден қорғайтын киім рюкзактың үстінде болуы керек. Тоқтаған кезде жылы киім киіп, аяқ киімді шешіп, аяққа демалыс беру қажет. Аяқтағы шұлықты үнемі түзеп жүрген жөн. Киімді біресе киіп, біресе шешуге жалықпау керек.

90. Туристік спорттық-көпшілік жилыстарды ұйымдастыру және өткізу

Туристік спорттық-көпшілік жилыстарды ұйымдастыру және өткізетіндер: спорттық федерациялар, клубтар, білім беру комитеттері және басқа да мекемелер. Олардың мақсаты бұқаралы спорттық туризмді дамыту болып табылады. Оның функциялары балаларды жасөспірімдерді тәрбиелеу патриоттық сезім ояту, спорттық жарыстар мен жорықтарды ұйымдастыру болып табылады. Белсенді спорттық туризм іс әрекетін реттеу. Ол үшін әртүрлі ресми ережелер мен тәртіптер кабылданады. Ресми құжаттар: туризм жөніндегі заң, туристік жорықтарды өткізу дәрежелері, спорттық дәреже беру тәртібі, Қазақстан Республикасының спорттық туристік классификациясы. Қоғамдық туристік кадрларды дайындау жүйесі жөніндегі ережелер. Туристік жарыстар мен жорықтарды өткізу ережелері кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]