Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekhnika_i_taktika_1-99_deyin.docx
Скачиваний:
235
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

62.Су туризмінің арнайы құрал-жабдықтары.Су туризмінде қолданылатын құрал-жабдықтар

Су туризмі. Бәтіңкенің орнына – кроссовки, тапочки, рәзеңкеленген матадан жасалған етік-шалбар. Сонымен қатар, міндетті түрде, құтқару жилеті, құтқарушы гидрокостюм. Соңғы жылдары қорғау-құтқару костюмы (ЗСК) және шлем (каска) қолданылады.

Су туризміне арналған шағын кемелер: байдарка, катамаран, үрмелі қайықтар, сал.

Байдаркажеңіл, жіңішке, ескек тұтқасы (уключина) жоқ қайық, толқыны үлкен емес өзендер мен көлдерде жүзуге арналған. Бір (каяк), екі, үш орынды байдаркалар болады. Ескекшілер алға қарап екі қалақты ескекпен қайықтың екі жағынан кезекпен жұмыс істейді. Байдаркалар тегіс немесе құрылатын байдарка болады. Құрылатын байдарка қаңқалы, қаңқалы-үрмелі, үрмелі болады.

Қаңқалы байдарка (каркасная) 3 дәрежеге дейінгі су саяхаттарында жиі қолданылады, мысалы, 1-, 2-, 3 орынды «Таймень».

Ең қолайлы байдарка – Э.Космачевтің КНБ-81 қаңқалы-үрмелі байдаркасы. Б. ұзындығы 450см, ені 75см, биіктігі 30см, салмағы 12кг. Толық жүк көтеру қабілеті 500кг, пайдалы – 220кг.

Су слаломы үшін каноэ қолданылады. Каноэ тегіс (ағаш діңі немесе фанера, пластмассадан жасалған), құрастырылған каноэ (қаңқасын рәзеңкеленген матамен орайды) және үрмелі болады.

Катамаран(«бірге байланған бөренелер» деген тамил сөзінен) – үстінгі жағында қосылған екі параллелді корпустан тұратын кеме. Су туризмінде үрмелі катамарандар қолданылады. Әрбір корпусы – үрмелі гондола, бір-бірімен қатты қаңқамен байланған. Экипаж 2-4 адамнан тұрады, каноэ сияқты, ескекшілер бір қалақты ескектермен жұмыс істейді. Ең жиі кездесетін мөлшерлері: екі кісілік каноэ – ұзындығы 3,1-3,3м, ені 1,5-1,6м, қалтқының ең үлкен диаметрі 45-48см, көлемі 730-770л.

Сал (плот) бір-бірімен қосылған бірнеше бөренеден, бөшкеден, үрмелі баллоннан, т.с.с. тұратын жүзетін платформа. Әдетте ағыс бағытымен жүзеді. Ағысқа қарсы немесе қиғаш жүзу керек болса, ескек немесе түбіне тірелетін ұзын таяқтар қолданылады. Сал құрамы: став (корпус) алдыңғы және артқы подгребица мен 2 гребень – салды ағыста жылжыту үшін. Қазіргі кезде қаңқалы үрмелі салдар қолданылады. Сал мен катамаран буданы – честер. Оның құрамына алды мен артында ағысқа көлденең орналасқан 2-4 гондола бар. Честер өлшемдері: 4,5х2,2м, гондоланың диаметрі 0,8, ұзындығы 3,2м, кеме мөлшерлері 5х3,2м. Құрастыруы оңай, жарты күн ішінде дайын болады.

Ескек, лақтыру ілмегі. Лақтыру ілмегі (бросательный конец) жағалаудан сақтандыру жасауға арналған құрал. Ұзындығы 25-30м, диаметрі 6-8мм капрон репшнуры. Алыстан көрінетін бояумен боялған қапта жатады. Қаптың түбінде диаметрі 10-12см, қалыңдығы 5см пенопласт шайбасы бекітіледі.

63. Қазақстан аймақтарының су туризмін дамыту мүмкіншіліктері

Қазіргі кезде су туризмі бүкіл әлемдегі

экстремалдық туризм түрлерінің арасындағы ең көп қолданылатын түрі.Өзен бойымен жасына,тегіне,ұлтына,дініне қарамастан әр адам серуендей алады.Мұндағы ең басты шарт - жорыққа қатысатын әр адам өз қабілеті,тәжірибесі мен оқу деңгейіне сай маршрут таңдай білуі қажет.

Туристік су жорықтары жасалатын ең басты жер - өзендер.ҚР өзендері келесі бассейндерге бөлінеді:

Солтүстік мұзды мұхит бассейні: Бұл бассейнге Есіл,Тобыл,Ертіс өзендері кіреді.Және Алтай тауынан бастау алатын Үбі,Үлбі,Бұқтырма,Көшім өзендері,Ертіске құймайтын Сілеті,Шідерті өзендері де кіреді.

Каспий теңізінің бассейні: Жайық,Жем,Сағыз,Ойыл және тағы да кішігірім өзендері кіреді.

Арал теңізінің бассейні: Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай және Ырғыз өзендері кіреді.

Балқаш – Алакөл бассейні: Орталық және Солтүстік Тянь-Шань тауларынан бастау алатын Іле, Қаратал, Лепсі, Асу зендері кіреді.

Теңіз және Қарасор көлдерінің кішігірім бассейні: Орталық Қазақстанның өзендерін қамтиды.Теңіз көлінің өзендері Көк,Нұра,Қарасор көлінің өзендері Талды және оның кішігірім салалары.

Қазақстанда ірі өзендер аз.Ұзындығы 1000 км.ден асатын 7 өзен ғана бар:Ертіс,Сырдария,Жайық,Есіл,Тобыл,Іле,Шу.

Ал 9 өзеннің ұзындығы 500-1000 км.аралығында:Сарысу,Нұра,Торғай,Жем,Сағыз,Іле,Үлкен Өзен,Ырғыз және Ойыл.Негізінен көптеген өзендер ішкі тұйық алапқа жатады.

Туристтер арасындағыең танымал өқзендер:

Іле – ұзындығы 1001км.Іле Қазақстан,Қытай арқылы ағып өтіп,Балқашқа келіп құяды.Өзен бассейнінің ауданы – 68,4 км.Өзен жоғарғы бөлігі Қытай территорясында таулы,ортаңғы бөлігінде жазықты,ал төменгі бөлігінде Сарыесік Атырау шөлі арқылы өтке сін,шөл өзеніне айналады.Іле өзені Балқаш көліне келіп құяды.Мұнда айтарлықтай техникалық қиындықтар жоқ,сондықтан да Іле күрделілігі 1–2 дәрежелері жорықтар жасау үшін ең қолайлы өзен.

Шілік – ұзындығы 240 км.Іле Алатауындағы ең ірі өзен. Өзен Жаңғырық мұздығынан бастау алып,Бартоғай көліне құяды.Шілік – ағысы қатты тау өзені.Өзен суы деңгейінің ең жоғары көтерілу кезеңі – маусым мен қыркүйек айларының аралығы.Дәл осы айларда жыл сайын рафтинг пен байдарка есуден республикалық турнир өтіп тұрады.

Шарын – ұзындығы 255 км. Өзен жоғарғы бөлігінде Шалқыдысу,ортаңғы бөлігінде Кеген,ал төменгі бөлігінде өзен солтүстікке бұрылып ағып,Шарын деп аталады.Шарын өзенінің көптеген кішігірім салалары мен ірі Темірлік саласы бар.Шарын – жауын– шашынмен қоректенетін қатты ағысты тау өзені. Өзен арқылы күрделілігі 3–4 дәрежелері жорықтар жасауға болады..

64 Шаңғы туризмінде кездесетін кедергілер және олардан өту Қартүрлері өте көп: дымқыл қар, үлпілдеген жұмсақ қар, біраз жатып тығыздалған қар және т.б. Бірнеше жыл жатқаннан кейін қар қатты тығыздалады, оның құрылымы өзгеріп ол фирнге айналады. Фирн – мұзға әзірше айналып кетпеген қардың тығыздалып өзгерген түрі болып табылады. Фирн таудың биік жерлерінде, мұзды, өңірінде қалыптасады.

рмелеген жөн. Баспалдақты бәтіңке қырының сыздығымен (рант) ұрып жасау қажетті. Табанын гҚарлы беткейлерде жүру ережелері мынадай:

1. Бағыт – су ағу бағытына сәйкес болу керек: қар көшкіні қаүпі азаяды

2. Беткейге еңкеймей тұру керек.

3. Тәңертең жүрген жөн.

4. Күндіз қар траверсін жартас немесе бетінде жатқан тастардың жанында ең тар жерде жасау керек.

5. Аяқ қарға кіріп кетсе, оны екі-үш рет тығыздаған соң ғана салмағын ізге салу керек.

6. Қадам сайын қарға кіріп кете берсе, жылдам шаршап қаласың, сондықтан тірелу мөлшерін тізе, алақан, мұзшапқыш арқылы күшейту керек.

7. Баспалдақты горизонталды, беткейге қиғаштамай жасау керек.

8. Алдағы келе жатқан адамның ізіне аяқты абайлап, артыңдағы үшін ізді бұзбай қою керек.

9. Күн көзінен еріп, балқып кеткен фирнде кошкасыз жүру керек. («Кошки» деп мұздың үстімен тайғанамай жүруге арналған аяқ киімге киілетін ұштары үшкір құрал аталады)

10. Бірінші болып жол салып келетін адамды жиі-жиі кезекпен ауыстырып тұру керек.

11. Көлбеуі 30аспаса, бүкіл топпен бірігіп жүруге болады – өздерін өзі ұстап қалуы мүмкін. Егер күдіксенсең, сақтандыру қолданылады. Ол үшін топ мүшелері тізбекпен, арқан қолданып жүргшені дұрыс.

12. Бейтаныс беткейде, әркелкі қар мен фирнде, жарық, жартас, шөгінділер мен жар үстінде сырғанауға (глиссаж жасауға) болмайды.

Қарлы жер бедерімен қозғалу қар күйіне байланысты. Ең қолайлысы – тәңертең жүру. Күндіз, қар еріген кезде өте қиын болып кетеді. Дәл осындай жағдай – жаңа қалың қар түссе де болады.

Мұздықтың үстінде қар жатпаса оны ашық мұздық дейді. Мұздың үстінде қар жамылғысы болса ол жабық мұздық. Мұздық үстімен жүріп келе жатқанда қар астында көрінбеітін жарыққа құлау қаүіпі бар.

Мұз жарығының үстіндегі жұқа қардың үстімен жүру үшін алдымен мұзшапқышпен оның мықтылығын байқау керек. Егер әрең кіріп, қардан өтпесе, мықты, аяқты дәл бір бірінің ізіне салып, міндетті түрде сақтандырумен өтуге болады.

Егер мұзшапқыш тегіс немесе тұтқасына дейін кіріп кетсе, еңбектеп өту керек.

65. Шаңғы туризмінің құрал-жабдықтарытоптық, жеке құрал-жабдықтар мен сайман кіреді. Құрал-жабдықтар тізімі жорықтың түріне, мақсатына, қиындығына сәйкес болуы қажет.

Шаңғышы. Саяхат үшін ені 10 см дейін шаңғы қолданылады. Ұзындығын анықтау үшін адамның бойына (см) оның салмағының жартысын (кг) қосу керек. Бәтіңкесі 2 размер үлкен болу керек. Аяқ киімнің ішіне қар кіріп кетпеу үшін арнайы шұлыққа ұқсайтын бахилы (фонарики) қолданылады, ұзындығы 40 см. Міндетті түрде бірнеше жылы киім болу керек. От жағатын саймандар: примустар, газ немесе бензин, желден қорғайтын және жандырғы жылуын сақтайтын шыны талшығы бар мата (стеклоткань) болу керек.

Коммерциялық қиын емес треккинг (10 клиент, 20 қызметкер) болса, екі 8 литрлік, 3 бес литрлік кастрюля жетеді.

Осындай топтың сақтандыру құралдары: 40 метрлі екі негізгі (10-12 мм) арқан, 10м репшнур [жіңішке (8 мм) арқан], 2 мұзшапқыш, 2 мұзға бұрайтын ілгек, 3-4 карабин, ракетница. Фонарь, батарейкалар, 10-12 стеарин шырағы, жөндеу саймандары, безмен (таразы), сағат.

Жөндеу саймандары:

1. Сумка2. Жеңіл пассатижи (тістеуік)3. Әртүрлі жұмсақ сым4. Қаңылтыр, шегелер, былғары, брезент5. Қайрақ, үш қырлы егеу6. Надфиль, біз, лента, скоч, кендір жіп, қайшы, отвертка7. «БФ» желімі немесе әмбебап желім, киперлік лента, капрон жібі8. Инелер, бірнеше түсті жіп, түймелер9. Тігін материал салатын қорапша10. Түйреуіштер, рәзіңке, қысқыш

Жорыққа қажетті құрал – жабдықтар

Жеке:

Рюкза,Ұйқықапшығы,Каремат,Аяқ киім,Желденқорғайтынкостюм,Жаңбырданқорғайтынкиім,Көзәйнек,Қолғап,Қауіпсіздікбелдеуі,Негізгіарқан,Репшнур,Карабин,Мұз жарғыш

Топтық:

Үш орындық палатка – 3-4 шт,Палаткаға қазықтар – 2-3 компл.,Палатка астына төсегіштер,Конистрлер – 2 шт,Шелек – 1 компл.,Туристік балта – 2 шт,Қос қолды ара – 2 шт,Сіріңке – 3 қорап,Дастархан - 2 шт,Планшет – 1шт,Фонариктер(қосымша батарейкаларымен) – 2-3 шт,Компас,Бинокль,Фотоаппарат,Медициналық қобдиша

66 Велотуризм, спелеотуризм, дельтапланеризм, парапланеризм, авто-, мототуризм, желкен спорты және олардың Қазақстандағы даму мүмкіншіліктері.Велосипед туризмі дегеніміз - өзіндік ынтамен велосипедпен саяхаттарға немесе жорықтарға шығу. Велосипед туризмімен кез-келген адам шұғылдана алады. Себебі ондағы физикалық күрделілік, яғни физикалық нагрузка оңай жеңілдетіледі. Веложорықтар ұйымдастыру үшін ең жақсы климаттық аймақ Қазақстанның оңтүстігі болып келеді. Бұл жерде көктем ерте басталады, ақпанның аяғында, ал күз‑қарашада. Құрғақ континенталды климат велотуристер үшін қолайлы.

Қазақстандағы жолдардың көпшілігі велосипедпен жүруге жарамды. Тек қана оңтүстікте және оңтүстік-батысында ғана қиыншылықтар кездесетін аймақтар бар.

Қазақстан территориясы әр‑түрлі тарихи‑мәдени ескерткіштерге бай. Әсіресе Жамбыл және Шымкент облысында. Қазақстан туристері осы жерге әр алуан маршруттар салды. Велотуризмнің де тарихи-мәдени ескерткіштерді тану мақсатында тигізетін ілгері әсері көп.

Қазақстанда мынадай әйгілі веломаршруттар кең тараған:

1)Қарағанды облысы, Қарқаралы таулы‑орманды оазис бойымен 10 күндік жорық: «Каркалинская» турбазасы- Бидайық пос.- Комсомольская шыңы- «Нұркен»шаруашылығы- Кендары өзені-Утильцех‑ 10-ші кардон- Демалыс үйі‑ Пашенное өзені-«Каркалинская» турбазасы (10 күн, 1-ші қиындық категориясы, 250км)

2)Орал облысы, Орал қаласы- Владимировка- Бударино-Чапаев- Калмыкова- Кулагино- Махамбет- Гурьев қаласы (2 қиындық категориясы, 510 км)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]