Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekhnika_i_taktika_1-99_deyin.docx
Скачиваний:
235
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

40Табиғи белгілер мен ишаралар негізінде ауа райын болжау

41.Туризмнің белсенді түрлерінде кездесетін кедергілер

Су туризміндегі негізгі кедергілер.

Су туризміндегі кедергілерді табиғи және жасанды кедергілерге бөлуге болады. Табиғи кедергілердің ішінде табалдырықтар, қайраңдар, қатты ағыс, және туризмнің басқа түрлерінде кездесетін кедергілерді атауға болады.

Қатты ағыс (быстрина). Өзендердің ирек-ирек жерлері қаүіпті болуы мүмкін. Егер алдын ала кемені ағыс ортасына шығармаса, ол ойыс жағаға жақындап кетіп, тоқтап немесе қирап қалуы мүмкін. Қатты ағыс арнаның тар жерлерінде пайда болады. Өткен кезде фарватерді (кеменің судағы жолы) байқау керек, әсіресе құздардың жанында. Осындай жерде ең тез ағысы жағалауға өте жақын орналасады.

Табалдырықтар – өзен арнасыныңқұлауы тік жерлерде, өзен суы жартастан, тас үйінділерінен өтетін жерде болады. Түбі тазартылған табалдырықтар болса көрініп тұрған фарватермен өте береді. Көлденең тұрған тас қырқасын тасы жоқ жерлермен өту керек, қайықты су ағыстары үшбұрыштарды құрып бірге қосылатын жерлерге жіберу қажет. Тастар шашылып жатқан табалдырықтан дұрыс бағыт табу қиын болғандықтан оңай емес. Мұндай жағдайда жүк пен адамдардың бір бөлігін жағалауда қалдырып, қайықта тек қана ең епті ескекшілерді қалдырған жөн. Жүзгенде өз жүрісін сақтап тұру қажет, су толқыны қайықты аударып тастайтын болғандықтан қырынан бұрылуға болмайды. Қырымен немесе алдымен тасқа соғылса, зымырап қайықтан секіріп кетіп, қайықты қолмен ұстап ағыс бойымен қою қажет.

Табалдырықтардан өту ережелері:

  1. жағалаудан алдын ала қарап табалдырықтан өту әдісін табу немесе тіпті одан өтпеу шешімін қабылдау;

  2. қолайсыз болса да ең қаүіпсіз жолмен өту;

  3. бағытты таңдаған соң оны есте сақтап, командаға көрсету, жағалаудағы жақсы көрінетін бағдарларды тауып есте сақтау;

  4. таңдап алған жолды тек апат жағдайында ғана өзгерту;

  5. қайықтар жақсы күйде, құтқару құралдары қол жетерлік болу қажет, байдаркада фартукті жақсылап бітеп қою керек;

  6. бұйрықтар қысқа және анық болу қажет, басқалармен үйлесе қоймайтын ескекшілермен алдын ала репетиция жасау керек;

  7. жорық топ түрінде өтсе, кемелер табалдырықтан кезекпен өтеді, бірінші болып жетекші өтеді;

  8. егер тым қаүіпті болса, жағалаумен айналып өту керек.

Ағысқа қарсы өтілсе арқан, сырғауыл қолданады.

Қайраң суы терең жерлерге қарағанда сарғылт болып келеді. Қайраңнан өткенде түбіне отырып қалмау үшін өз қимылын сақтап тұру керек. Отырып қалса, түсіп, қайықты терең жеріне итеру керек. Егер отырып қалу жолды дұрыс таппаудан болса, қайықты шегіндіріп дұрыс фарватерге түсіру керек.

Батып кеткен ағаштар мен бөлек тастар судың астында болса, судағы шеңберлер мен кедергіден төмен орналасқан судың қайнап айналып тұруынан білуге болады.

Өзенге жақын құз (прижим) - өзеннің тік жартасты жағалауның жанындағы кесіндісі. Су осы жерге айдалып тұрғаннан деңгейінің жергілікті көтерілуі байқалады. Жағадан өзен ортасына бағытталған үстінгі ағыс қайықты жағаға жібермеуі мүмкін.

Үйінділер – суда жатқан, суға еңкейген ағаштар, тастар, қоқыс сияқты кедергілер. Үйінділер адамдарды соғып кетуі, қайықты қиратуы, т.б. зиян келтіруі мүмкін. Үйіндіні жағасымен айналып өтеді. Ондай мүмкіндік болмаса, ағаштарды шауып немесе кесіп өту керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]