Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
tekhnika_i_taktika_1-99_deyin.docx
Скачиваний:
235
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

75.Тау биіктігінің адам ағзасына жасайтын әсері және қауіпі.Алдын алу.Акклиматизация

Түтек (тау ауруы).

Белгілі биіктіктен бастап оттегінің жетіспеушілігі (гипоксия) басталады.

Таулы аймақтар шартты түрде үш сатыға жіктеледі.

  1. Аласа таулар – 800-1000 м.

  2. Орта таулар – 100-3000 м.

  3. Биік таулар – 3000 м-ден жоғары.

Гипоксиядан басқа да факторлар әсер етеді. Биіктеген сайын ауа температурасы әрбір 100 метрге 0,6 С төмендейді, ағзаның алмасу үрдістері қарқынды өтеді, жүрек-тамыр мен тыныс жүйелеріне ауыр жүк түседі. Ауа ылғалдылығы да төмендейді: 2000 м биіктікте теңіз деңгейінен екі есе төмен , ал 6000 метрде ауа мүлдем құрғақ, сусыз болады. Мұндай жағдайда терінің, тыныс органдарының барлық ылғалдығы булануға ұшырайды. Тыныс аурулары болуы мүмкін. Дененің ашық жерлерінде жаралар пайда болады.

Жоғары биіктікте космос пен күн сәулеленуі өте жоғары. Бұл себептен әл құрып кетеді, дене қызады, бұлшық еттер қақсайды, бет терісі мен көз күйігі болады және т.б. Сондықтан мұздық, қарлы тауларда жүргенде арнайы мазь қолдану, марлямен оралу, арнайы қара көзілдірік кию керек.Кері әсер тигізетін факторлардың ішінде қатты жел, күн мен түн температураларының үлкен айырмашылығын, ауаның жоғары ионизациясын да атауға болады. Түтекті алғашқы болып монах Хосе Акоста Перу Андыларында 4500 метр биіктікке көтеріліп сүреттеп беріп бұл ауруды тау ауруы деп атапты (1950 ж). Швейцарлық Г. де Соссюр 1788 ж алғашқы рет Монбланға шыққаннан кейін бұл ауру оттегігің жетіспеуіне байланысты деп болжаған. Бірақ толық дәлелдемені француз ғалымы Поль Бэр жасаған (1878 ж).Тау ауруын болдырмау немесе салдарын азайту үшін акклиматизация қолданылады. Акклиматизация деп ағзаның белгілі бір қиын жағдайларға, оның ішінде биіктікке лайықтануын айтамыз. Акклиматизация бірте-бірте, саты түрінде жүргізілуі қажет. Мұндай әдіс «ара тілдері» әдісі деп аталады. Оның мағынасы – биіктікке бірте-бірте көтерілу. Келесі түнеу орны кешегісінен жоғары орналасады, ал күндіз бұл түнеуден биік жерге көтеріліп түсу қажет. Солай күнде жететін, түнде түнейтін биіктікті жоғарылатады. Әртүрлі таулы аймақтарда кері әсерлер әртүрлі биіктіктерде басталады. Мысалы, Альпы тауында 2500 м, Кавказда 3000 м, Тянь-Шаньда 3500 м, Гималайда 4500 м. Түтектің ауыр формасы акклиматизация жасамаған адамдар өте жылдам биікке көтерілсе басталуы мүмкін. Бас ауырады, аузыкеуіп кетеді, құмға тастаған балық сияқты тынысы жетпей қалады, дұрыстап ұйықтай алмайды. Адам лоқсиды, құсады. Қысты күні түтек жаздан жиі кездеседі. Түтекті күшейтетін факторлар – психологиялық жайсыздық, ауыр жұмыс, дұрыс тамақтандырмау, су-тұз режимінің бұзылуы, киімді дұрыс таңдап алмау, хроникалық аурулар және т.б.

76.Адам ағзасына қауіп төндіретін табиғи құбылыстар:күн радиациясы,температура,ылғалдылық,жел т.б. Алдын алу және сақталу

Аяз. Акклиматизациясыз адамдар тез үсіп кетуі мүмкін. Денесі суып кеткеннен кейін адамның ұйқысы келіп ештеңе істей алмай қалады. Қатты аязда адам ұйықтап қалса өліп қалуы мүмкін. Қатты шаршау, ағзаның тозуы, нашар тамақтану, қозғалмау, жылы киімнің жетіспеуі, тар аяқ киім үсікке апарып соғады. Аяқ пен қол ең жиі үсіп кетеді.

Найзағай. Жай түссе, біріншіден, адамның өзін мертіктіреді, екіншіден, тас пен қар көшкінін туғызуы мүмкін. Найзағайлы ауа райы жақындаған кезде ауаның ионизациясы өседі, оны иісінен білуге болады; шаш тік көтеріледі, тараған кезде ұшқын пайда болады жіне шыртылдайды. Мұзшапқыштар гуілдей бастайды. Бұдақ бұлттар көбейеді, ауа қысымы төмендейді. Найзағай қандай қашықтықта болып жатқанын есептеуге болады. Дыбыс толқындарының жылдамдығы 340 м/с. Секундтардың санын 340-қа көбейтеді, бұл – найзағаға дейін метрмен есептеген арақашықтық. Сөйтіп найзағай түсуіне дайындалуға болады.

Ең жиі жай сорайып тұрған жерлерге түседі. Найзағай жақындағанда төменірек жерге түсу керек; барлық металл заттарды 10 метрден кем емсес жерге алыстату қажет; басыңды төмен қаратып, тізені құшақтап отыра қалу керек. Отырған же,рге және аяқтың астына құрғақ заттарды салу қажет (штормовка, ұйқы қабы, арқан т.с.с. Тік беткейде болсаң, өзін-өзі сақтандыру қолданады: тасқа ілгек қағып оған карабин қолданбай өзін өзі байлап қояды.

Тұман. Тұман болса жол мен бағдарларды табу қиын. Топ мүшелері бірін-бірі көре алмай қалады, және де тұман психикаға кері әсер тигізеді. Жолды көрмеген кезде топ қауіпті жерге жақындап кетуі мүмкін. Егер жүру керек боса, байламмен жүріп, бір-бірінен алыстамау қажет.

Жауын, қар. Киім су болып қатып қалса, дене суып кетеді. Жауын мен қар көктайғақ туғызады. Тас пен қар көшкінінің қауіпі шұғыл өседі. Нөсер жауын өзен суы деңгейін көтеріп өзеннен өтуді қиындатады. Турист, альпинист су өтпейтін киім алып жүру керек.

Қатты қар немесе жауын жауып тұрса, полиэтилен жамылып, сәл күте тұру қажет. Егер өте ұзаққа созылса, бивак ұйымдастырған дұрыс. Тура қар жауғаннан кейін жартастарға шықпау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]